Бір атаның балалары ашық сабақ — Ашық сабақтар
Мұғалімнің аты-жөні Нигметова Самал Әділбайқызы Индер ауданы Б. Нысанбаев орта мектебі
12. 04. 2014 жыл 6-сынып 3-сабақ
Қазақ әдебиеті
Сабақ атауы Балалар тағдыры (М.Мағауин «Бір атаның балалары» повесі)
Сілтеме Әдебиет теориясы,ғаламтор, «Бір атаның балалары» повесі
Жалпы мақсаты А В С
Шығармадағы алты баланың ауыр тағдырын,соғыстан кейінгі өмірлерін таныстыра отырып, қазіргі жетімдер өмірімен байланыстыра оқыту Соғыстан кейінгі өмірлерімен таныстыра отырып, сөйлеу мәдениетін, танымдық қабілеттерін дамыту.
Қазіргі жетімдер өмірімен байланыстыра отырып, бауырмалдыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже А В С
Балалардың есейген кездегі өмірлерін өз бетімен ізденіп, сыныпқа айтады Шығарма мазмұны бойынша ашық сұрақтарға жауап беріп, «Ыстық орындыққа» отырады Олардың асырап алғаннан кейінгі өмірін баяндай алады Жетім балалардың ауыр тағдырымен таныса отырып, не сезінгенін өз сөзімен білдіреді Алты жетім баланы сипаттай алады. Балаларға қатысты сұрақ-жауапқа қатысады
Негізгі идеялар -Шығарма мазмұны бойынша ашық сұрақ қоя білу дағдыларын қалыптастыру
— Білетіні және білгені туралы өзіндік пікірлерін жеткізе білу
-Ынтымақтастыққа, бірлікке, топтасып жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру
Оқыту әдістері
1. 10 сұрақ
2. Стикерлер тобы
3. Болжау стратегиясы
4. Ойлаудың 6 қалпағы
5. Топтық жұмыс
6. Формативті бағалау
7. Жиынтық бағалау Модульдер:
1. АКТ
2. Бағалау
3.Сын тұрғысынан ойлау
4.Көшбасшы
5.Оқытудың жаңа әдістері
6. Жас ерекшелік
7. Талантты, дарынды оқушы
Тапсырмалар Кесте толтыру, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, рефлексия жасау.
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
2минут І Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Топқа бөлу
1-топ. Зекен
2-топ. Рашид
3-топ. Нартай
4-топ. Ертай
5-топ. Оля
6-топ. Якоб
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Зекеннің Ахметке алғысы (ойтолғау)
2. «Он сұрақ»
Бір оқушыны ортаға шығарып, маңдайына бір кейіпкердің есімі жазылған стикер жапсырып,топтарға жабық сұрақ қойғызу. Сол сұрақтар арқылы кейіпкерді табу.
ІІІ Жаңа сабақ
1. «Стикерлер тобы»
1.А) Шығармадағы алты баланы кімдер қамқорлығына алды?
Ә) Шығармадағы алты баланың асырап алынғаннан кейінгі, жаңа
отбасындағы өмірі қандай болды?
(Оқулық бойынша ойларын ортаға салу)
2. Осы алты баланың 20 шақты жылдан кейін, есейіп азамат болған шақтары туралы не білеміз?
(Әр топқа алты баланың кейінгі өмірі туралы повестен үзінділер тарату.)
2.«Болжау» стратегиясы
-Қай кейіпкердің тағдыры сені қатты толғандырды?
-Балалар тағдырының осылай қиын болуының себебі неде?
-Заман кінәлі ме, адам кінәлі ме?
-Біз қандай заманда өмір сүріп жатырмыз?
Осы сұрақтардың негізінде «Соғыс», «Бейбітшілік» сөздерін қалай бейнелер едіңдер,қандай ұғымдарды елестететіндерін постерге түсіру.
— Екі ұғымға да ортақ ұғымды атайықшы.
-Соғыс кезіндегі жетімдіктің себебі неде?
-Бейбіт өмірдегі жетімдіктің себебі қандай?
3.«Шет елдегі қазақ балалары» бейне ролик көрсету
Көргендерін топта талқылату.
М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» повестінің мазмұнына сәйкестік немесе айырмашылық бар екендігін тапқызу.
ІV Бекіту
4.«Ойлаудың 6 қалпағы»
Шетелге кетіп жатқан қазақ балалары туралы ой — толғаныстарын сыни тұрғыдан ойлана жеткізу
Ақ- мағлұмат береді
Қара- қарсы
Сары-қолдаушы
Қызыл- сезімін жеткізеді
Жасыл-тың пікір қосады
Көк- қорытындылайды
V Қорытынды
Үйге тапсырма: Әңгіме мазмұнына сәйкес сурет салу
Кері байланыс
Үй тапс Он сұрақ Стикерлер тобы болжау 6 қалпақ Ұпай Жиын. баға
Кейіпкерлердің аты жазылған парақшаларды суырып, әр топқа 4 оқушыдан 6 топқа бөлінеді.
Бірін-бірі бағалау арқылы жазып келген эсселерін қарап, бір оқушы оқиды.
Әр топқа барып сұрақ қояды, оған отырғандар тек «иә, жоқ»деп жауап береді. 10 сұрақ қоюға ғана болады.
Әр топ өз кейіпкерінің тағдырын баяндайды. Стикерлерге жазып алдарындағы параққа жапсырады.
Берілген үзіндімен танысып, түсінігін айтады. Стикерлерге жазып алдарындағы параққа жапсырады.
Сұрақтарға жауап береді. Салыстырады, пікір айтады, ойын жеткізеді.
Сыни тұрғыдан ойлана отырып білгендерін постерге салып, оны ортада қорғайды.
Жетімдіктің себептерін атайды.
Интерактивті тақтадан көреді,шығармамен байланысын анықтайды.
Өзіндік ой-пікірлерін білдіреді. Қолдайды, қарсы шығады, жаңадан ой қосады, эмоциясын білдіреді.
Сабақтан алған әсерін, пікірін жазып іледі.
Топтар бір-бірін және топ басшылары бағалайды.
Сабақтың жабдықтары Мультимедиялық проектор,А- 3-4қағаз,түсті маркерлер,қарындаш,
стикерлер,флипчарт,видео материалдары. смайликтер
Келесі оқу Жетім балалар тағдыры туралы баспасөз материалдарын оқу, «шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасын көру және сыныптан тыс талқылау
Сабақты талдау 1.Шағын топтардың, жұптарда берілген тапсырмаларды уақытында орындау жауапкершілігі.
2.Не білгені,не үйренгені және не түйгені туралы.
3.Топ мүшелерінің тақырыпты түсінуге, өз бетімен оқуға қатысуы