Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер — Математика — Bilim
6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер
Мектеп: №68
Күні: 18.02.2019ж
Мұғалімнің аты-жөні: Карибаева Ш.
Сынып: 6
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
6.2.2.14
бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу;
Сабақ мақсаттары
Оқушылар:
Барлығы:
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің анықтамасын біледі;
- Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешудің алгоритмін біледі;
- Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табады;
- Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндейді;
Кейбіреуі:
- Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табады.
Бағалау
Критерийлері
Оқушылар:
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің анықтамасын біледі;
- Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешудің алгоритмін біледі;
- Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін таба алады;
- Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндей біледі;
- Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін таба алады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
- сызықты теңдеудің анықтамасын және түрін, санды теңдіктердің қасиеттерін, модуль анықтамасын біледі;
- тепе-тең түрлендірулерді орындай отырып, теңдеулерді сызықты түрге келтіреді;
- теңдеулердің қасиеттерін айта алады;
- сызықты теңдеулердің коэффициенттерін нұсқай отырып, сызықты теңдеулерді сипаттайды;
- теңдеулердің қасиеттерін қолдана отырып, теңдеулердің шешіміне түсінік береді;
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
- теңдеу;
- теңдеудің түбірі;
- теңдеудің сол жағы;
- теңдеудің оң жағы;
- тепе-тең түрлендіру;
- сызықты теңдеу;
- сызықты теңдеудің коэффициенттері;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
- теңдеу деп – құрамында мәнін табу қажет болатын айнымалысы бар теңдікті айтамыз.
- теңдеудің түбірі деп …;
- теңдеуді шешу дегеніміз — …;
- сызықты теңдеу деп …;
- егер теңдеудің екі жағына бірдей санды қоссақ, онда …;
- егер теңдеудің екі жағын нөлден өзге бірдей санға көбейтсек, онда …;
- «х … болсын»;
- … екенін біле отырып, теңдеуді құрамыз және шығарамыз;
- … белгілі болса, онда … теңдеуін құрамыз;
- теңдеуді шешіп, есептің жауабы болып табылатын айнымалының мәнін табамыз.
Құндылықтарды дарыту
— Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын;
— Өзгенің пікірін құрметтеу;
— Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту;
Пәнаралық
Байланыстар
Қазақ әдебиет
Бастапқы
Білім
Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі: Сынып оқушыларын түгендеу, амандасу, сынып иазалығын қарау
Қазір бәріміз алдарыңыздағы қағазға өз есімдеріңізді жазып, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін қосасыздар. Мәселен, «Аманкүл» есімі «А» әрпінен басталады, яғни «алғыр» (немесе «ақылды», «айбынды», «асқақ», «айлалы», «арынды», т.б.) Диас(«думанды», «дарынды», «даңқты»)Бекарыс («байсады», «берекелі», «бақытты») Есет(еңді)
Психологиялық ахуал
Өмірде ойлап тұрсаң, бәріде есеп,
Ауырсаң іше-тұғын дәріде есеп.
Есепсіз өмір деген мазмұнсыз — ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. Түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.
Сыныпты топтарға бөлу.
Киімдер бейнеленген карточкалар ұсыну. Оқушылар таңдаған киімдерге сай топтарға бөлінеді.
Топқа арналған ереже:
- белсенді болу;
- шыдамдылық таныту;
- достық қарым-қатынаста болу;
- бір-бірінің ойын сыйлау;
- басқа адамды тыңдай білу;
- барлығын бірге жасау;
- ынтымақтастықта жұмыс жасау.
Презентация
Сабақтың ортасы
Сабақты бастамас бұрын өткен сабаққа саяхат жасайық. Өткен сабақта сіздер не өттіңіздер?
«Ой шақыру»
С-1. түріндегі сызықтық теңсіздіктерді қалай шешеміз.
С-2. Алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді , түріндегі теңсіздіктерге қалай келтіреміз.
С-3. Теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде қалай кескіндейміз, мысал келтіру.
С-4. Теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығына қалай белгілейміз, мысал келтір.
С-5: Берілген сан аралығын теңсіздік түрінде қалай жазамыз, мысал келтір.
Сіздердің айтқандарыңызды қорытындылай келе, бүгінгі сабағымыз қалай өтетіндігіне мақсат қояйық.
Бірайнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу
смайликтер
Қосымша 1
Жаңа сабақ
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз – жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысын тура теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәндері.
Жүйедегі теңсіздіктердің барлығына ортақ шешімдер жиыны жүйенің шешімдері болады.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктердің шешімдерін табу үшін:
- жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табу керек;
- табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндеу керек;
- координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табу керек немесе бірде бір шешімі болмайтынын дәлелдеу керек.
Жүйедегі теңсіздіктердің шешімдері жиындарының қиылысуы жүйенің шешімдері болады.
Математика
Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 — сыныбына арналған,
Алматы «Атамұра» 2018,
Топтық жұмыс
Есептер шығара отырып, сіздер тақырыпты қаншалықты меңгергендеріңізді тексересіздер.
1 топ
№970 Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер
3х-3 5х+15
3х-х 5х-2х
2х 3х
х х
Жауабы:
№976. Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:
2 топ
№970 Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер
2х+4 7х+14
2х-5х 7х-6х
-3х х
х
Жауабы:
№1061. Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:
Дескриптор:
- Қос теңсіздікті теңсіздіктер жүйесінде жазады;
- жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табады;
- табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндейді;
- координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табады.
Презентация
Қосымша 2
Математика
Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 — сыныбына арналған,
Алматы «Атамұра» 2018,
Сергіту сәті.
«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір — бірлеріңмен тез — тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
Презентация
Жеке жұмыс
№968. Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:
Ж: Ж:
Ж: Ж:
Қосымша 3
Сабақтың соңы
Үйге тапсырма: № 969.
Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі
Математика
Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 — сыныбына арналған,
Алматы «Атамұра» 2018,.
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
АКТ-мен байланыстар
Саралау тапсырмалары топтық жұмыстарда беріледі. Топтық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады.
Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды смайликтермен мадақтау
Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.
Дереккөз: bilim-all.kz