Биологиялық қару | туралы қазақша
Бактериологиялық (биологиялық) қару адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді жаппай зақымдау құралы болып табылады. Оның әрекеті микроағзалардың (бактериялардың, вирустардың, риккетсиялардың, зеңдер-дің, сондай-ақ кейбір бактериялар бөліп шығаратын уыттардың) ауру жұқтырушылық қасиеттеріи пайдалануға негізделген.
Бактериологиялық қаруға ауру жұқтырушы ағзалардың рецептурасы да жатады. Бактериологиялың қару кең аумақтарда адамдар мен жануарлардың жаппай ауруға шалдығуын туындатуға қабілетті және ұзақ уақыт бойы зақымдаушы әсер етеді, әрекетінің ұзаққа созылатын жасырын (инкубациялық) кезеңі болады.
Микробтар мен уыттарды сыртқы ортадан табу қиын, өйткені олар ауамен бірге қымталған тасалану орындары мен үй-жайларға өтіп кетеді, сөйтіп ол жердегі адамдар мен жануарларды зақымдауы мүмкін. Бактериологиялың қаруды колданудың белгілері:
- снарядтар мен бомбалардың жарылуының кәдімгі оқ-дәрілерге төн емес қатты дыбысы;
- жарылыс болған жерлердегі оқ-дәрілердің ірі сынықтары мен жекелеген бөліктерінің болуы;
- сол жерде сүйықтық тамшылары мен ұнтақтардың пайда болуы;
- оқ-дәрілер жарылған және контейнерлер құлаған жерлерде жәндіктер мен кенелердің әдеттегіден мол үймелеуі;
- адамдар мен жануарлардың жаппай ауыруы.
Бактериологиялық құралдардың қолданылғанын зертханалың тексерістер көмегімен анықтауға болады.
Бактериологиялың қаруды қолдану тәсілдері, әдетте:
- авиациялық бомбалар;
- артиллериялық миналар мен снарядтар;
- ұшақтардан тасталған пакеттер (қапшықтар, қораптар, контейнерлер);
- ұшақтардан жәндіктер шашатын арнаулы аппараттар;
- диверсиялық әдістер болып табылады.
Кейбір жағдайларда жұқпалы ауруларды тарату үшін қарсылас шегінген кезде микробтар жұқтырылған тұрмыс бұйымдарын: киім, азық-түлік, темекі және т.б. тастап кетулері мүмкін. Мұндай жағдайда ауру осы заттармен тікелей жанасудың нәтижесінде таралады. Сондай-ақ қарсылас шегінген кезде жұқпалы аурулары бар науқастарды әскер мен халық арасында ауруды жұқтыру көзі ретінде пайдаланып, әдейілеп тастап кету формасы да орын алады.
Бактериялық рецептурамен жарақталған оқ-дәрілердің жарылуы кезінде ауада қалықтаган сүйықтықтың тамшыларынан немесе қатты заттардың аса ұсақ бөлшектерінен тұратын бактериялық бұлт түзіледі. Ол желмен тарала отырып жерге қонады және зақымданған жер телімін құрайды, оның ауданы рецептура санына, оның қасиеттері мен желдің жылдамдығына байланысты болады. Бактериялың құралдармен зақымданған кезде ауру бірден басталмайды, оның әрқашан да жасырын (инкубациялық) кезеңі болады. Бұл кезең ішінде ауру өзінің сыртқы белгілерін танытпайды, сондықтан зақым-данушы қабілеттілігін жоғалтпайды. Кейбір аурулар (оба, шешек, тырысқақ) науқас адамнан сау адамға берілуге қабілетті және жылдам тарала отырып эпидемия туындатады.
Бактериялық құралдардың қолданылу деректерін және қоздырғыш түрін анықтау айтарлықтай қиын, өйткені микробтарда да, токсиндерде (уыттар) де түс те, иіс те болмайды, ал олардың әсер етуі бірқатар ұзақ уақыттан кейін байқалуы мүмкін. Сондықтан оларды айқындау арнаулы зертханалық тексерістер өткізу жолымен ғана мүмкін болады және бұған елеулі уақыт талап етіледі, ал бұл өз кезегінде жұқпалы аурулардан сақтандыру жөніндегі іс-шараларды дер кезінде өткізуді қиындатады.
#Биологиялық #қару
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз