Биологиялық мембрана реферат — Ашық сабақтар — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар

0

Биологиялық мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрии, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана өткізгіштік қасиетіне байланысты жасушада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Клетканың протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана жасушалық мембрана деп аталады. Клеткалық мембрана қос қабатты ақуызды-липидті молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың құрылымы мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми мәліметтер 20 ғасырдың басында белгілі болды.
1902 ж. неміс ғалымы Э. Овертон мембрананың құрамында май тектес заттар болады деген пікір айтты.
1926 ж. америкалық биологтар Э. Гортер мен Ф.Грендел адам эритроцитінің қабықшасынан сол затты бөліп шығарды.
Ал 1935 ж. ағылшын ғалымдары Л.Даниелли мен Г.Даусон және америкалық биолог Дж. Робертсон биологиялық мембрананың құрылымдық моделін ұсынды. Кейін электрондық микроскоп және рентгендік анықтау әдістерін қолдану нәтижесінде жасушаның барлық бөліктеріндегі биологиялық мембрана табиғатының ұқсас болатыны анықталды.
Биологиялық мембрана — аса күрделі құрылымды зат. Оның құрамында ферменттік белоктар, ерекше рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер мен гликолипидтер болады. Мембраналық белоктардың көпшілігі мембрананы тесіп өтіп орналасса, ал кейбірі оған жартылай ғана еніп немесе жанасып жатады. Мембраналық белоктар түрлі қызмет (мысалы, гликопротеиндер антиген рөлін) атқарады. Кейбір химиялық реакциялар (мысалы, хлоропластарда жүретін фотосинтездің жарық реакциялары немесе митохондриидағы тотыға фосфорлану процесі) биологиялық мембрананың өзінде жүреді. Сондай-ақ, биологиялық мембрана жасушаны қоршап, сыртқы ортадан оқшаулауы арқылы жасушаның морфологиялық тұтастығын сақтайды.[1]
Базальдық мембрана (базальная мембрана); (membrana basalis, лат. membrana — жарғақ, basalis — негіздік) — эпителий ұлпасының эпителиоциттері мен олардың астындағы борпылдақ дәнекер ұлпасы шекарасында орналасқан құрылым.[1]
Жасуша жарғағы (клеточная мембрана); (гр. cytolemma, plasmolemma kytos — жасуша; lemma — қабықша, жарғақ) — жасушаның тірі заты — протоплазманы сыртынан қаптап, оны сыртқы ортадан бөліп және онымен байланыстырып тұратын жарғақ. Жасуша жарғағы байланыс, тосқауылдық (барьерлік) қызметтер атқарумен қатар, жасушаның сыртқы пішінін анықтайды. Жасуша жарғағының негізін липопротеидті мембрана құрайды, оның орташа қалындығы 10 нм. Жасуша жарғағының сыртқы бетінде ғликокаликс қабаты, ал оның ішкі бетінде субмембраналы тіректік-жиырылғыш аппарат орналасады. Плазмолемма сыртқы және ішкі протеинді, ортаңғы билипидті қабаттардан құралған. Жасуша жарғағы жасушаны зақымданудан және сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен корғайды. Плазмолемманың сыртқы бетінде әртұрлі гормондарды, медиаторларды, ерекше антигендерді анықтайтын рецепторлар болады.[1]
Плазмалық жарғақ (плазматическая мембрана) — жасуша қабықшасы — плазмолемманың негізін құрайтын билипидті-протеинді құралым, қалындығы 6-10 нм. Екі қабатты липидті жарғақ құрамына фосфолипидтер, сфингомиелиндер, холестерин кіреді. Плазмалық жарғақты құрауға билипидті жарғақпен байланысқан интегральды, жартылай интегральды және шеткі протеиндер молекулалары енеді. Плазмалық жарғақты 40% липид, 60% протеиндер құрайды.[1]
Торша мембранасы — торша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе басқа торша қабығынан бөлетін мембрана.
Торша мен сыртқы ортаның арасында зат алмасуына, торшаның қозғалуына, бір-бірімен байлануына қатынасады. Мал торшаларының торша мембранасы сыртқы бетінде гликопротеидті рецепторлар орналасқан. Торша мембранасы торшаның вируспен қарым-қатынасында үлкен орын алады. Мысалы, зақымдаушы вирус ең алдымен сол рецепторларға жабысады, содан соң торша мембранасы белгілі бір аймағын ыдыратады да торшаның ішіне кіреді. Торша мембранасы торша ішінде жаңадан пайда болған вирустардың сыртқа шығуына торшаның белгілі жерлерінің ыдырауы немесе пиноцитозда қатынасады. Торша мембранасында вирустардың өсіп-өнуінің ақырғы сатысындағы бүршіктену процесі жүреді. Ол көп вирустардың липид, гликолипид, гликопротеид қоры болады.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!