Білімді бағалау критерийлерін анықтау

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Басқа Бөлімі: Презентация Сыныбы: Басқа

ұстаздарға оқушы білімін бағалаудың жаңа жолдарын көрсетеді

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІН АНЫҚТАУ Орындаған: «6М011300-Биология», 2 курс, Абдуалиева Жансая Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіЖаратылыстану және география институты БАҒАЛАУ Бағалау (ағылш. – assessment →size көлемін анықтау) – бұл оқыту нәтижесінде оқушылар нені біліп түсінді және осы білім-түсініктерін қалай қолдана алатынын терең түсіну үшін түрлі дерек көздерінен ақпаратты жинақтау және талдау үдерісі. Бағалаудың мақсаты – алынған білімдік нәтижелердің алдын ала жоспарланған нәтижелерге сәйкестік дәрежесін анықтау.Бағалаудың негізгі міндеттері: Оқыту нәтижелерін бақылау, салдарын болжау; Кері байланысты қамтамасыз ету; Белгіленген мақсатқа жету дәрежесін бағалау; Оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушының танымдық іс-әрекетін басқару. Білімді бағалау – білім беру жүйесінің ең қажетті және маңызды элементі БІЛІМДІ ТЕКСЕРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: Бағаның әділ қойылуы;Студенттің өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;Әр тақырыпты оқудың нәтижесіне оқытушының және студенттің баға беруі;Бақылау-бағалау процесінің әрбір студенттің оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі. * ДӘСТҮРЛІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ Дәстүрлі бес баллды бағалау жүйесі: •    толық біледі (өте жақсы);•   жеткілікті біледі (жақсы);•   жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);•   білмейді (қанағаттанғысыз). * «5» «4» «3» «2» мазмұнды терең, толық білетін, теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды стедентке қойылады. ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін студентке қойылады. оқу материалындағы негізгі ережелерді, материалды үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, оқытушы көмегімен жауап беретін студентке қойылады. білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін студентке қойылады. * Дәстүрлі бағалау жүйесі БАЛЛДЫ-РЕЙТИНГТІ ЖҮЙЕ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМІ Әріптік баға GPA баллы %-дық баға Дәстүрлі баға A 4,0 100 өте жақсы A- 3,67 90-94 B+ 3,33 85-89 жақсы B 3,0 80-84 B- 2,67 75-79 C+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық C 2,0 65-69 C- 1,67 60-64 D+ 1,33 55-59 D 1,0 50-54 F 0 0-49 қанағаттанғысыз * ДӘСТҮРЛІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ Сыртқы бақылау қызметі бар (педагог)Студентке толықтай өз еркімен бағалауға мүмкіндік берілмейді;Студенттің жетістігінің сапасы емес, орындалатын жұмыстың көлемі мен формасы бағаланады;Студенттерді бір-бірімен салыстыруға көп көңіл бөлінеді, яғни бұл олардың белсенділігі мен ынтасын төмендетеді. ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ БАҒАЛАУ болуы тиіс: икемдікөп құралды түсінікті психологиялық жайлыкөп құрамды: диагностикалық, суммативті және формативті бағалау * Студенттің білім, білік, дағдысының қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау Оқу жылының басында немесе жаңа тақырып, бөлім, тараудың бірінші сабағында өткізіледі. Студенттердің оқу жетістіктерін жүйелі тексеру Оқытушы сыныптың үлгерімін қадағалауда күнделікті тәжірибеде қолданады: сабақ сайын, күн сайын Белгілі бір уақыт кезеңінде студенттің оқу нәтижесін айқындау. Қорытынды бағалау (емтихан, қорытынды тест т.б.) Бағалаудың формасын және тәсілдерін оқытушы анықтайды Қазіргі бағалаудың түрлері ҰМЫТПА! Тест тапсырмалары (pre-tests) (курс мазмұны және білім алушының мүмкіндіктері мен қабілеттері бойынша);Өзін-өзі бағалау (self-assessment) (құзіреттілігі мен дағдыларын анықтау);Сұхбат (interviews) (қысқа, “face-to-face”, әр студентке 10 минуттық сұхбат). ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ Емтихандар (семестрлік);Қорытынды емтихан (мемлекеттік емтихан);Курстық жұмыстар (семестр бойы ұсынылатын жобалар формативті бағалауға жатады);Жобалар (семестр бойы ұсынылатын жоба кезеңдері формативті бағалауға жатады);Портфолио (портфолионы жинақтау барысында бағаланса формативті бағалау болады). СУММАТИВТІ БАҒАЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖИЫНТЫҚ (СУММАТИВТІ) БАҒАЛАУ – бұл белгілі уақытта тақырыпты, тарауды үйрену соңында оқушының білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктері қалыптасу деңгейін анықтау. Жиынтық бағалау мақсаты – белгілі уақыт ішінде оқушының білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктері қалыптасу деңгейін және алынған нәтижелердің стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау. ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ Формативті бағалау Формативті бағалау техникалары Сұрақтардың тиімді қойылуы.Студентпен бірге критерийлерді талдау.Өзара және өзін-өзі бағалау.Кері байланыс. Бір минуттық эссе.Бір сөйлемдік қорытынды (кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?)Күнделік (рефлексивті журнал).Тест тапсырмалары.Өзін-өзі бағалау.Екі жұлдыз / бір тілек (өзара бағалау) АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ Формативтік бағалау Суммативті бағалау ҮйренуСтуденттерСипаттамалыКүнделіктіКоуч ӨлшеуКөпшілікке мәлім (ата-аналарына мәлім)Символдар (%, А, В)Белгілі уақытБаға беру ФОРМАТИВТІ ЖӘНЕ СУММАТИВТІ БАҒАЛАУДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ТҮЙІНДІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР Формативтік (қалыптастырушы)бағалау Суммативті (жиынтық)бағалау Оқыту үшін бағалауБағалаудың мақсаты: оқытуды жақсарту Оқуды бағалауБағалаудың мақсаты:қорытынды жасау СҰРАҚ ҚОЮ Сұрақтарды қалай тиімді етуге болады Сұрақтарды жеңілден күрделіге қарай құру;Сұрақтарды оқу мақсатына қарай құру;Ашық, жоғары деңгейлі сұрақтарды көбірек қою;Жауапты күту уақытын бірнеше секундқа ұзарту;Студенттерге өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік беру;Бір-біріне кері байланыс ұсынуға мүмкіндік беру. ФОРМАТИВТІ ЖӘНЕ СУММАТИВТІ БАҒАЛАУ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚ ҚАНДАЙ? Егер студенттер – өсімдіктер болса, онда… Формативті бағалау бұл өсімдіктерді қажетіне қарай суару, құнарландыру, яғни олардың өсуіне тікелей ықпал ету. Өсімдікті қорытынды бағалау — бұл оларды өлшеу процессі. Өлшемді салыстырып, болжағанмен олар өз өзінен өсімдіктің өсуіне ықпал жасамайды. Сол себепті, формативті бағалау оқытудың ең маңызды факторы. Өсімдікпен үйлестіріп қарасақ ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ШАРТТАР Студенттердің оқыту мақсатын білуі мен түсінуіСтуденттермен тиімді кері байланыс Студенттің өзін тану процессінде белсенді қатысуыСтуденттердің бағалау критерийлерін білуі мен түсінуіСтуденттің өз жұмысын талдай алу мүмкіндігі мен қабілеті (рефлексия)Бағалау нәтижелерін есепке ала отырып оқыту тәсілдерін түзету * *  БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ «Қол сигналдары» әдісіМен … түсініп жатырмын және түсіндіре аламын (бас бармақ жоғарыға қарай көтерілген);Мен кейбір тұстарды түсінбедім (бас бармақ жанына қарай көрсетіп тұр);Мен түсінген жоқпын (бас бармақ төменге қарай көрсетіп тұр).  БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ «Бағдаршам» әдісіӘрбір оқушыда бағдаршамның үш түсі бойынша карточкалары бар. Мұғалім оқушыдан материалды түсінгенін немесе түсінбегенін белгілі карточкамен көрсетуін өтінеді. Жасыл түсті карточканы көтергендерден (барлығын түсіндім): «Не түсіндің?» деп сұрайды, сары немесе қызыл түсті карточканы көрсеткендерден: «Нені түсінбедің?» деп сұрақ қояды. Алынған жауаптар қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайта түсіндіру, пысықтау немесе тақырыпты түсіндіруді жалғастыру туралы шешімді қабылдайды.  БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ «Индекс карточкалары» әдісіМұғалім кей кезде оқушыларға екі бетінде де тапсырмалары бар карточкаларды таратып тұрады:1-ші беті: өтілген материал (тақырып, тарау) бойынша негізгі идеяларды атап өтіп, оларды жинақта.2-ші беті: өтілген материал (тақырып, тарау) бойынша нені түсінбегеніңді анықтап, сұрақтарыңды жаз.  БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ «Температураны өлшеу» әдісіБұл әдіс оқушылар тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін оқушы қызметін тоқтатып, мұғалім оқушылардан: «Біз не істеп жатырмыз?» деп сұрайды. Оқушы жауаптарынан мұғалім олар қаншалықты тапсырманың мәнісін немесе оны орындау ретін түсінгенін анықтай алады.  БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ «Болжамдау, түсіндіру, жинақтау, бағалау» әдісіМұғалім шаршыны төртке бөліп, әр бөлікке келесі сөздерді жазып қояды: болжамдау, түсіндіру, жинақтау, бағалау. Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң оқушыларға өздеріне белгілі бір бөлікті таңдап алуды ұсынады. Мұғалім оқушыға осылай ол өзіне өтіп жатқан тақырып бойынша тапсырма түрін таңдайтынын түсіндіреді. Таңдауына қарай мұғалім тапсырма береді.  БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ «Аяқталмаған сөйлем» әдісіМен бүгін … білдім.Маған … қызықты болды.Маған … қиын болды.Мен келесі тапсырмаларды орындадым… .Мен … екенін түсіндім.Мен енді … жасай аламын. Мен … үйрендім.Мен … жасай алдым.Мен … жасап көремін.Мен … таңқалдым.Мен өмірде … қолданамын.Маған … ұнамады.  БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ «Плюс-минус-қызықты» әдісіОқушыларға сабақ соңында кестені толтыру ұсынылады: П(+), М(-), Қ (қызықты).«П»-«плюс» бағанына сабақта ұнаған нәрсе жазылады: ақпарат, жұмыс түрлері, т.с.с. «М»-«минус» бағанына сабақтың ұнамаған немесе түсініксіз сәттері, оқушы пікірі бойынша оған ешқандай қажеттілігі жоқ ақпарат жазылады. «Қ»-«қызықты» бағанына оқушылар сабақта естіген қызықты мәліметтерді жазады, оған қоса тақырып бойынша білгісі келетін мәселелер бойынша мұғалімге сұрақтар жазуға болады.  БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ «Ақылдың алты қалпағы» әдісі«Ақ қалпақ» – статистикалық (проблема бойынша тек фактілер (талқылаусыз) айтылады).«Сары қалпақ» – жағымды, оңды (оңды, позитивті жақтар айтылады).«Қара қалпақ» – негативті (айтылып жатырған мәселенің тиімсіз жақтарын анықтайды).«Көк қалпақ» – аналитикалық (талдау жүргізіледі, топ неге? не үшін? деген сұрақтарға жауап береді).«Жасыл қалпақ» – шығармашылық (алуан түрлі, қисынға келмейтін ойлар мен ұсыныстарды айтуға болады).«Қызыл қалпақ» – эмоционалды (топ мүшелері материалмен жұмыс жасап жатқандағы көңіл-күйлерін сипаттайды).  БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ «Шеңбер бойынша жазу» әдісіТоптағы әрбір оқушының өз парағы болуы керек. Оқушылар 2 минут ішінде парақтарына тақырып бойынша 1-2 сөйлем жазады. Парақтар шеңбер бойынша келесі оқушыларға беріледі. Олар алдыңғы жазуды оқып, өзінің ойын қосады. Солай парақтар бірі-біріне беріліп, соңында әркімнің парағы өзіне қайта келуі керек. Соңында бір оқушы жазғанды топ алдында оқып береді. Егер маңызды мәлімет қалып кетсе, онда жазулар толықтырылады.  БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ «Сауалнама» әдісі1. Сабақта мен … белсенді болдым / белсенді болмадым.2. Сабақтағы жұмысыма… қанағаттандым / қанағаттанбадым.3. Сабақ мен үшін… жылдам аяқталды / аяқталмай кетті.4. Сабақта мен … шаршадым / шаршамадым.5. Менің көңіл-күйім… жақсарды / нашарлады.6. Сабақтағы материал… түсінікті / түсініксіз пайдалы / пайдасы жоқ қызықты / қызық емес7. Үй тапсырмасы мен үшін жеңіл / қиын қызықты / қызық емес  БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ «Сұрақ конверті» әдісіМұғалім конверт сыртына бір сұрақ жазады, мысалы: «Бүгінгі сабақта білгеніңнің ең маңыздысы неде?» немесе «Жаңа тақырыптың қай тұсы саған түсініксіз болып қалды?». Оқушылар конверті бір-біріне беріп, әрқайсысы жеке өз жауаптарын парақтарға жазып, конвертке салады. Мұғалім сабақтан соң жазуларды қарап шығып, қорытынды жасайды. * * CASE-STUDYМақсаты: Студенттерді нақты мәселені шешуге дайындау. Мәселені айқындау және талдау дағдысына үйрету. Жағдайдың тиімді жолын табуға бағдар беру. CASE-STUDY ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУ НӘТИЖЕСІ * * БАҒАЛАУ Критерий-лері Қойылатын талаптар Балл Тақырыпты талдау -мысалдар келтіре отырып, түсініктерді қарастыра алуы;-жұмысты өз бетінше орындауы; 1 Мәселені бағалай білуі -дәлелдеу логикасын құрастыра білуі;-әр түрлі көзқараста сыни пікір келтіре отырып, өзіндік көзқарасының болуы;-проблеманы толық шеше алуы; 1 Ой-толғау жасай білуі (пікірталас) -сауатты талдай білуі; -өзіндік көзқарасын келтіре отырып, оны бағалай білуі; 2 Жұмысты орындау -проблеманы қарастырмауы;-өзіндік көзқарастың дәлелсіздігі;- шешім ұсыну 0 Барлығы 4 * Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі .Ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығы: педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған оқу — әдістемелік құралы / К. М. Кертаева, Д. Д. Есімова – Павлодар : Кереку, 2010. – 133 б.Жақсылықова Н. Модуль 3. «Білім беру нәтижелерін бағалау жүйесі». Дәрістер курсы. Республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институты (РБЖ БАИ). Назарларыңызға рахмет!!!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.