“Білім көзі – кітапта”.

0
188


“Білім көзі – кітапта”.

Бағыты: Коррекциялық мектеп Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 3 сынып

Қызылода обылысы. Қызылорда қаласы №5 көру қабілеті бұзылған баалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі – сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап
арқылы берілетінін ұғындыру.

Тақырыбы:“Білім көзі – кітапта”.
Мақсаты:
Білімділік: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап
арқылы берілетінін ұғындыру.
Түзету : Сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін,
ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды кітаптым құрметтей білуге, ұқыптылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Түрі: Ашық тәрбие сағаты.
Көрнекілік: Слайд, кітап көрмесі .

Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе:
Тәрбиешінің кіріспе сөзі:
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін – деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде – ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.
Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады деп бекер айтпаса керек.

Жұмбақ шешу.
Көп әңгімем өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап).

Не білеміз?

Мағынаны тану
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)
Көне түркі жазба ескерткіштері,түркі руникалық жазба ескерткіштері– 7–9 ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.
“Папирус” кітабы.( слайд)
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады.Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.
“ Пергамент” кітабы.( слайд)
Пергамент кітабы – грек тілінен аударғанда пергам деген сөзінен шыққан. Ол жазуға арналган материал. Аңдардың өңделмеген, ылғалды терісінен жасалған.
Кітап басу цехы.( слайд)
Түптеу цехы.( слайд)

Сергіту жаттығулары:
Қолдарыңды бүйірлеріңе қойып, бастарыңды оңға бұрып, оң қолдарыңның шынтағына қараңдар, бастарыңды солға бұрып, сол қолдарыңның шынтағына қараңдар.
Көздеріңді жоғары көтеріп, сағат тілімен айналдыра қозғаңдар, сосын сағат тіліне қарсы қозғаңдар.

Науқас кітап көрініс
Оқушы:Сәлеметсіз бе,дәрігер?
Дәрігер:Сәлеметсіз бе?
Оқушы:Дәрігер,мен сізге кітабымды әкелдім.Ол қатты науқас.
Дәрігер:Жарайды алдымен диагнозын анықтап алайық.
Оқушы:Мен үйде жоқта кішкене балалар ұстап осындай күйге жеткізіпті
Дәрігер:Мұңайма,кітабыңды емдеп жазамыз.Кітабыңа су тиген,беттері жыртылған.
Кітабыңды түптеймін,жыртылмасын.
Мұқабасын бүкпеймін,қырқылмасын.
Таза болсын беттері ,кірлемесін.
Көрген адам кітабың кір демесін.
Мен мынандай кеңестер жазып беремін,үнемі есіңе сақтап жүр.
Оқушы:Жарайды дәрігер кеңестеріңізді үнемі есте сақтаймын.
Дәрігер:Жазылып кетіңіздер!Сау болыңыздар!
Оқушы:Сізге көп рахмет!Сау болыңызІ

V. Есіңе сақта!
1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.
2.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3.Кітапты қалай болса солай оқыма.
4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды.
5.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

Кітап көрмесі.

Тәрбиеші: – Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады.
Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы –кітап.

VII. “Жалғастыр” ойыны
1…. – таусылмайтын байлық (Білім).
2.Кітап – білім бұлағы, … (білім – өмір шырағы).
3.Кітап – … (алтын қазына).
4.Өнерліге … (нұр жауар).
5.Өнер – ағып жатқан бұлақ,
… (Білім – жанып жатқан шырақ).

VIII.Қорытынды:

Кітап неден, қалай жасалады?
Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе?
Кітапты қалай ұстау керекпіз?
Кітапханаларға барып кітаптар алып оқимыз ба?
Қандай кітап оқығанды жақсы көресің?

Тәрбиеші:
Кітабың сенің, құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір қадам.
Кітабыңды құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
Кітап – заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, ертегі, әңгімелермен сыр шертіскен кітап – біздің ең жақын ақылшымыз. Осымен біз Кітап – білім бұлағы атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп – интернаты

Тақырыбы: Білім көзі – кітапта
Тобы: Ұлан
Тәрбиеші: Нәлібаева М.А.

Қызылорда қаласы, 2018 жыл
Білім көзі

Рухани
байлық

Сарқылмас
қазына

КІТАП


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.