Білім беру саласы : Әлеуметтік орта . Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. тақырыбы: Өлі және тірі табиғат

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Білім беру саласы : Әлеуметтік орта . Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. тақырыбы: Өлі және тірі табиғат

Автор: Акишева Гульбаршин Айткалиевна

Бағыты: Мектепалды даярлық Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-20


Материал туралы қысқаша түсінік

Балаларға арналған ұйымдастырылған оқу қызметі. балаларды табиғаттпен терңдетіп таныстырады.




Білім беру саласы: Әлеуметтік ортаБөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.Тақырыбы: «Өлі және тірітабиғат»Мақсаты: Балалардың «Өлі және тірі табиғат» тақырыбында білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекет шындау. Балалардың ақылойын, түсінігін, білімін, табиғат туралы білімін, қызығушылығын зейінін дамыту. Балаларды адамгершілікке, өз ойын толық жеткізе білуге, табиғатты аялай білуге, табиғат байлығын қорғауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Баланың тілін, сөздік қорынйлау қабілетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ертегі желісіне сүйене отырып,сұраққа жауап беруге қызығушылықтарын арттыру, достыққа тәрбиелеу.Сөздік жұмысы: өлі және тірі табиғатҚостілдік компонент: табиғат – природа, тірі табиғат — живая природаКеректі құралдар: суреттер, схемалар, ұлғайтқыш, тәжірибеге арналған ыдыстар.Белсенді орталықтарыКөркем әдебиетсеп,ғылымӘдіс-тәсілдері: сұраққа жауап беру,ойын,түсіндіру,берілген тапсырманы шешу, мақтау, мадақтау

Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің  іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.Балалар шаттық шеңбер құрып амандасадыБәріміз енді тұрайық,Үлкен шеңбер құрайықЖақсы – жақсы сөздерді,Қонақтарға сыйлайық!Табиғат біздің анамыз,Табиғатқа баламыз.Иіліп сәлем береміз,Біз әдепті баламыз.Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?Балалар : ЖүрекТәрбиеші: Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.Балалар: Аспанымыз ашық болсынКүніміз жарқын болсынЕліміз тыныш болсынАуырмайық, денсаулық болсынНанымыз көп болсынАта анамыз аман болсынБейбітшілік болсынБалабақша гүлдене берсін!Апайлар аман болсынҚане балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы.  
  Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер? Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайықБалалар қазір жылдың қандай мезгілі?Көктемнің  қандай айы?Балалар көктем  мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?  Жылулықты, мейірімділікті, достықты.Күз  мезгіліСәуір  айыКөктем мезгілінде күн жылына бастайды, кейде жаңбыр жауады, жел соғады, жер балшық болады, құстар жылы жаққа  ұшып келеді.
  Жарайсыңдар балалар, олай болса көктем  туралы  кім тақпақ  айтып береді?  ЖаннұрКөктем қандай көңілдіКөктен жаңбыр төгілді,Мөлдір аспан ашылып,Күннің көзі көрінді.       АлмасКөктем, көктем көктемдеҚұстар келіп жеткендеҚуанып бір қаламыз   Әнмен қарсы аламыз!
Іздену ұйымдастырушы Өте жақсы, ал есімізге түсірейікші алдыңғы оқу іс-әрекетімізде біз не туралы әңгімеледік.Дұрыс айтасыңдарабиғат бізге  бай жерді, ағаштарды гүлдерді, жан-жануарларды сыйға берді. Ал ендеше айтыңыздаршы  табиғат нешеге бөлінеді?Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Тірі және өлі табиғат» деп аталады.Ғажайып сәтОсы кезде есік қағылып ақ көгершін ұшып келеді.Ақ көгершін: Сәлеметсіз бе балалар?Мені табиғат-ана жіберді. Балалар мен балапандарыма асығып  бара жатырмын сау болыңыздар!Рахмет ақ көгершін, балалар сендерге табиғатананың жіберген хатын оқып берейін.Табиғат ананың хатыСәлеметсіз бе балалар! Мені барлық балалар жақсы біледі. Балалар осы «Өлі және тірі табиғатты» жайлы айтып беріңдерші, оларды зерттеп, санап, түрлерін атап, «Өлі және тірі табиғатты»  жайлы қызықты ертегі әңгімелеп беріңдерші.                        – Ал, балалар Табиғат ананың тапсырмасын орындаймызба?Олай болса Табиғат ананың тапсырмасын орындау үшын әркім өз қалаған орталықтарының карточкасын таңдайды. Бізде бүгін 3 орталық жұмыс жасайды. Көркем әдебиет орталығы, ғылым орталығы, есеп орталығы. Табиғат сыйы туралы әңгімеледік.    Сау болыңыздар!       
     Ғылым орталығы.  Балалар, көркем әдебиет орталығына қош келдініздер.                                                                         —  Қай мезгіл?Дұрыс балалар, осы бізді қоршаған не?Ағаш, дала, су, аспан, гүлТабиғат деген не? — Дұрыс табиғат бізді қоршаған орта. Балалар, бүгін біз осы табиғат туралы әңгімелейміз. Табиғат екіге бөлінеді екен. Өлі табиғат және тірі табиғат: Өлі табиғатқа тау, тас, топырақ, бұлт, су жатады. Тірі табиғатқа адамдар, жанжануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.(Суреттер көрсетіледі)Тірі табиғат: қоректенеді, тыныс алады, өсіпөнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді. Өлі табиғат: қоректенбейді, тыныс алмайды, өсіпөнбейді, қозғалмайды, жүрмейді, өсіпөнбейді. Өлі табиғатқа құм, тас, суға байланысты тәжірибе жасап көрейік. Тәжірибе: Ыдыстағы құмды ұлғайтқыш әйнекпен қарау. Ұсақ бірбіріне жабыспайды. Ыдыстағы құмның жел тұрғанда ұшуы. Сок ішуге арналған түтікшемен құмды үрлеу, жеңіл, жел тұрса ұшады. Ыдыстағы құмға су құю. Ыдыстағы құмға, су құйса балшыққа айналады. Тасты бақылау. Су құйса да жылтырап жата береді, түрі түсі өзгермейді, майдаланып балшыққа айналмайды, жел үрлесе де қозғалмайды. Ауыр зат. (Балалардың тәжірибе жасауы)3) Ойынойнау, «Құм, тас, су. Басы «құм» дегенде әр жерде шашыраңқы болып отыру. «Тас»дегенде өз қолымен мүсін жасап тұра қалу, «су» дегенде толқын жасап қозғалу». (Балалар қимылмен көрсетеді)Табиғат туралы мақалмәтелдер:Таза болса табиғатАман болар адамзат.Туған жердің суы тәттіТопырағы да ыстық (1 — 2 балаға айтқызу)— Мен бір дауыс естіп қалған сияқтымын.топқа Табиғат ана кіреді.Табиғат пен тіршілікКөк түтінге тұншығыпАяқ асты тапталыпЖатыр қанша гүл солыпЕй адамдар күнмен гүлден жаралғанТабиғатты аялаңдар,Мәпелеңдер балалар!Сендердің қамқорлықтарыңызды көріп риза болып тұрмын.Өте ақылды балалар екенсіңдерабиғатты өте жақсы көресіңдер екен.Мен сендерген және қонақтарға сыйлық әкелдім.Ал ендеше мен өз табиғат әлеміне әрі қарай сапар шегейін сау болыңыздар Ғылым орталығы.    Көктем мезгіліТабиғат                                 
Рефлексивті түзету Балалар, бүгінгі оқу-іс әрекетімізде нелерді үйрендік?Балалар, біз ғылым орталығында нені зерттедік?Алөркем әдебиет орталығында қандай ертегімен таныстық?                                                  Есеп орталығында не жасадық?                  Сендерге оқу-іс әрекетсіз ұнады ма?Балаларды мадақтауқу-іс әрекетті  аяқтауҚол ұстасып тұрайықШеңберді біз құрайық,Көріскенше күн жақсыСау саламат болайық.Сау болыңыздар!  

Күтілетін нәтиже:Нені білуі керек: Тірі табиғат қоректенеді, тыныс алады, өсіпөнеді қозғалады, сөйлейді, еңбек етеді.Нені игереді: Табиғат ерекшеліктерін есте сақтап, әңгімелеп айтудыНені біледі: Табиғатты аялап, қорғауды біледі







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.