Білім беру мазмұнындағы жаңартулар туралы түйгенім…

0
123







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Білім беру мазмұнындағы жаңартулар туралы түйгенім…

Автор: Косанова Самал Рахатовна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Эссе, шығарма, мазмұндама Сыныбы: 1 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-23


Материал туралы қысқаша түсінік

Ұстаздар қауымына қажет деп білемін




21 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алмашова Бақыт

Эссе.Тақырыбы: Білім беру мазмұнындағы жаңартулар туралы түйгенім…«Ұстаздық – ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу – үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу – абыройлы іс.Бастауыш сынып мұғалімі болу мен үшін үлкен мақтан әрі бақыт. Осы бастауышта мұғалім болып істеп келе жатқаныма 33 жыл. Шәкірттеріңді көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқайсың. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыласың. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзінде үлкен мән мен мағына жатқанын айқын аңғарасың. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп тұрады. Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжірибеңді, үйрете жүріп үйренген тағылым – пәрменіңді, білім – білігіңді үлкен істермен ұштастырғың келіп кетеді. Өзіңе деген ынта – ықылас, сенім артып, жауапкершілікпен іс тапсырса асқан құлшыныспен еңбегіңді еселей түсуге ұмтыласың. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да соған, орай амал – тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет – қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық – психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім – үздіксіз ізденуші. Кез – келген тосын сұраққа жауап беріп, кез – келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану.  Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттеріміздің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-ұстаз үшін үлкен бақыт. Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.  Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда келешек ұрпағымызды білімді етіп тәрбиелеу – қасиетті парызым деп білемін. Осындай істі абырой мен атқаруға үлесімді қосу мақсатында мамандығым ретінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Сондықтан да жаңа технологияларға сай әдістерді қолданып, оқушыларды білім нәрімен сусындатып, келешек егеменді еліміздің дамуына өз үлестерін қоса алатын ұрпақ тәрбиеледе өз үлесімді қоссам деймін. Бұл туған Отан, халық алдындағы, мемлекет алдындағы азаматтық, әрі перзенттік парызым деп білемін.

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.