Билеп тұрған адамдар балабақшадағы ашық сабақтар

0

Күні:
 Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы: Билеп тұрған адамдар
Мақсаты:      1. Ермексазды  пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру,адам бейнесін мүсіндей білуге үйрету.
2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: адам бейнеленген не мүсінделген  суреті.
Керекті құрал: ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:

 I Ұйымдастыру кезеңі
           Балалармен  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою
-Балалар бүгін  ермексазбен адамның мүсінін жасап үйренеміз.
V Жаңа сабақ
  Суретті көрсетіп адам туралы,оның мүсіндеу жолы туралы әңгімелесу.
Адам  бейнесінің суреттерін қарап,олардың дене мүшелерінің орналасуына көңіл бөлу.Қимыл-қозғалыстарды сөзбен айтып жеткізулерін сұрау.Саз балшықтан осындай өздеріне ұнаған бейнелерді мүсіндеуге тапсырма беріледі.

Сергіту сәті:     Бала,бала балақан 
                        Қане қайсы алақан 
                        Саусақтарын әбат
                        Былай,былай ойнат
                        Топ,топ,топ топ басайық
                        Жалаумен күн жасайық
                        Жаса,жаса жарқын күн
                        Жаса,жаса алтын күн!

  VI Пысықтау 
           Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен ермексазбен адамның мүсінін жасайды .
Ұран:
 Еңбек,еңбек
 Еңбек бәрінде жеңбек

 VII Бекіту
-Бүгін ненің мүсінін жасадық?
-Оның жасалу жолын жасадық
VIII Бағалау           Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып  мадақтау

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!