Берекелі алтын күз
Құрметті ұстаз тілегі сайтының қолданушылары. 05-06.02.2019ж. аралығында сайтта жөндеу жұмыстары жүреді. Сондықтан осы уақыт аралығында сайтта кейбір беттер дұрыс көрінбеуі мүмкін. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Берекелі алтын күз
Автор: Халыкова Бакытнур Гинятовна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-02-05
Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың күз туралы түсініктерін қалыптастыру
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.Көрнекіліктер: Сынып іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни жемістермен көкөністер салынған себеттер. Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасып болған соң сыныпқа балалар кіріп орындарына тұрады.Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің 0 б мектепалды даярлық тобында өткізілгелі отырған Алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Армысыздар, халайық, Бармысыздар, халайық! Күзгі тойды жұп жазбай, Бірге қарсы алайық!Балалар, бүгін барлығымыз қандай мерекеге жиналдық? Сендер білесіндер ме? Балалар:Алтын күз!Тәрбиеші: Ендеше қазір жылдың қай мезгілі?Балалар:Күз!Барлығы бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап, Шақырады жарқын жүз, Сайраңдаған күліп-ойнап, Келді міне Алтын күз!Тәрбиеші: Қонақтар барлығымыз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалайық. Ән: «Алтын күз»1 оқушы:Күзім-ау, күзім-ау! Мінезің бұзық-ау, Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық-ау! (Айлина)2 оқушы: Қарашы күз келді, күз келді, Сары алтын жауыпты іздерді, Құс біткен керуен түзеді, Көңілсіз неліктен күз енді? (Сержан)3 оқушы: Қара бұлт қабағын түйеді, Бұталар боз қырау киеді, Осы ма, осы ма күз деген, Бақшаға баратын бізбенен. (Алихан)4 оқушы: Сары теңге жапырақ, Бояған ба көл бетін? Тоңазыпты топырақ, Ызғарлы екен желде тым. (Ерасыл)5 оқушы: Кездескен соң күзімен, Бұтағынан үзілген. Ай жапырақ-сары алтын, Айналаның бәрі алтын. (Бекарыс)Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Ағайынды бәрі Шықса жасыл Түссе сары. Бұл не?Балалар: Жапырақ.Тәрбиеші: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Ендеше біз қазір «Жапырақтарды құрастыру» ойынын ойнаймыз.6 оқушы: Гүл жайнаған даланың, Жапырағы солыпты. Таңырқадым, қарадым, Танымастай болыпты. (Айлин)7 оқушы: Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. (Нұрбек С)8 оқушы:О, алақай тамаша, Шашу шашады жапырақ. Бақтың іші алаша, Аунар ма еді жатып ап! (Ибрагим)9 оқушы: Астық жеміс жиылды, Қамбамызға құйылды, Ардақты күз мың алғыс, Алдық өнім сыйыңды. (Мерей)10 оқушы: Көбейді құт-береке, Астық толы қоймамыз. Құтты болсын мереке, Алтын күзді тойлаймыз. (Мерхат)Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.Ойын: «Кім жылдам?»Тәрбиеші: Балалар енді мен сендерге көкөністерге қатысты жұмбақтар жасырамын. Мақтанғаннан не пайда? Менсіз дәмді щи қайда? Мені қосса самсаға Бәрі жейді тамсана. (Орамжапырақ) Өсем бақша-бауыңда, Қатты ұқсаймын қауынға Жемек болып шикілей Күлкі болма қауымға. (Шалқан) Мен бір сөз айтайын, Мақтанайын сіздерге. Менсіз борщ болмайды, Венегретте үстелде. (Қызылша) Дәмім тілді үйірген, Мен тұздалған күйімде. Жаңа піскен күйімде, Жейді бәрі сүйсіне (Қияр)Тәрбиеші: Енді барлығымыз «Берекелі күз» әнін орындаймыз.11 оқушы: Өнім үйіп тастадық, Оқуды да бастадық. Берекелі алтын күз, Ашық болсын аспаның. (Гүлнұр Қ)12 оқушы: Күн шуаққа маужырап, Жатыр еді атырап. Ағаштардан жамырап, Ұшты кенет жапырақ. (Нұрбек Ұ)13 оқушы: Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел жемісті алтын күз, Кемелденсін халқымыз. (Сабина)14 оқушы: Жүзім, алма жинаймыз, Алтын мақта тереміз. Үлкендерді сыйлаймыз, Көмектесе береміз. (Мақсат)15 оқушы: Жайдары күз, жарқын күз, Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы кең далам, Дәриядай шалқар күз. (Алинур)16 оқушы: Ұшты талдан жапырақ, Сары көбелек секілді. Аспанда жай шатырлап, Тамшы жерге секірді. (Гүлнұр Е)17 оқушы: Сары алтыннан бұрымда, Сары пүліш көйлегі: Алтын күзді шынында, Ару дерсің бейнелі. (Армат)Тәрбиеші: Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын Аузындамын бар жұрттың. Дәмім бар бал татитын Алманың жақын досымын (Жайық)Шие: Мен щиемін, шиемін. Күннің күзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар Төмен басты иемін (Алина)Өрік: Мен өрікпін, өрікпін Бау-бақшаға көрікпін. Баптап мені күткен соң Талды бойлап өріппін (Ерқанат)Алма: Мен алмамын, алмамын Таңдайда калар бар дәмім. Өзімдегі бал дәмді Дастарханға арнадым (Ділназ)Тәрбиеші: Өте тамаша, балалар! Осындай мерекеде тағы бір ойын ойнайсыңдар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенін табу. (Балалар ортаға шығып, күзбен бірге ойын ойнайды.)Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап корейік. «Ұйқасын тап» ойыны1.Пісетін кезі дәл күзде Мезгілсіз оны үзбе Аузынан кетпес бал дәмі Оның аты (шабдалы)2.Кіп-кішкене болса да, Ағаштың басын иеді. Жемістерін айырып, Танисың ба? (шиені)3.Жапырақты тасалап, Өсетін жері-бақша-бақ Күрең қызыл шіркін-ай Оның аты (таңқурай)4.Дөп-дөңгелек сары, Ішінде бар дәні. Қызығасың көріп, Оның аты (өрік)5.Іші толған шәрбат, Дәмі қандай әйбат Үзесің бірден жүзін Оның аты (жүзім)Би: «Жапырақтар»Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Көрермендер, балаларымыздың өнері ұнады ма? Берекелі бақ-дәулет, Арта түссін тойланып. Аман болайық бәріміз, Келгенше жыл айналып.Тәрбиеші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.