Бердібек Соқпақбаев Менің атым- Қожа хикаяты ашық сабақ — Ашық сабақтар

0

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» хикаяты. БЕКІТУ САБАҒЫ: «Қожа бейнесі»
ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Хикаят бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылап бекіту, кейіпкерлер бейнесін жан- жақты аша түсу.
ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 1. Қожаның іс-әрекетіне, мінез-құлқына екі түрлі көзқараста баға бере отырып өз пікірлерін, көзқарастарын дәлелдеу; 
2. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білетін азамат пен азаматша тәрбиелеу; 3. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық қабілеттерін ұштау.
ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.
V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: дебат (ойбөліс элементтері), сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, тест, т.б.
VІ. САБАҚТЫҢ ФОРМАСЫ: топпен, жеке оқушымен.
VІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: АКТ, бейнетаспа, А. Башлаковтың «My TestX Setup» бағдарламасы, т.б.
VІІІ. ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: кино: Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым- Қожа» фильмі және Еркін Рахышевтің «Менің де атым Қожа» фильмі».
ІХ. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Бердібек Соқпақбаевтың өмірінен үлгі алады.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу (шаттық шеңбері);
б) Сынып оқушыларын түгелдеу;
в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасына шолу
а) «Жаңғырық» стратегиясы;
ә) Хикаяттың толық мазмұнымен танысу (Семантикалық карта толтыру);
б) Шығарманың композициялық құрылымына сатылы кешенді талдау;

                            Оқиғаның басталуы:/          
                     Оқиғаның байланысуы:/              
                             Оқиғаның  дамуы:/                
                     Оқиғаның шиеленісуі:/                    
            Оқиғаның шарықтау шегі:/                        
                        Оқиғаның шешімі:/                          
                          ҚОРЫТЫНДЫ:/                                  
в) Үй тапсырмасын бекіту. (Бағалау)
ІІІ. Жаңа сабақ
 Міне, сіздер қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» хикаяттының толық мазмұнымен танысып шықтыңыздар. Жазушының бұл хикаяты тіл қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Өздерің ойлап қараңдаршы біз бұл хикаятты қанша оқысақ та, теледидардан көрсек те еш жалықпаймыз. Барлық оқиға желісі Қожа атынан баяндалады. Ал осы хикаяттың оқулықта берілген соңғы тарауы Сәбира Майқанованың «Қожа- түбі адам болатын бала» деген пікірімен аталған. Ал, сіздер осы пікірмен толық келісесіздер ме? (Екі жақты көзқарас қалыптасты).
Ендеше, сіздерді екі топқа бөлемін: жақтаушы топ және даттаушы топ.
Біздің бүгінгі бекіту сабағымыздың тақырыбы- Қожа бейнесі.
(Сабақтың мақсат, міндетімен таныстыру)
-Қожа бейнесін жан- жақты аша түсі үшін ең алдымен Қожа қандай бала? деген сауалға жауап іздейміз.
І топ- жақтаушы топ: спикерлері Қожаның іс- әрекетін дұрыс деп танып, оның жағымды мінез- құлқын санамалап, дәлелдейді.
ІІ топ- даттаушы топ: спикерлері Қожаның ісін теріске шығарып, оның жағымсыз мінез- құлқын санамалап, дәлелдейді.
1 оқушы- сарапшы: екі топтың пікірін саралап, қорытынды шығарады.
Резолюция:
І топтың қарары- «Қожа- жақсы бала»;
ІІ топтың қарары- «Қожа- тентек бала».
Дефиниция:
І топ: Қожа- хикаяттың басты кейіпкері.
Жақсы- ақылды, сезімтал, патриот, алғыр, т.б.
Бала- оқушы, ұл бала.
ІІ топ: Қожа- хикаяттың басты кейіпкері.
Тентек- бұзық, сотқар, қызғаншақ, шыдамсыз, т.б.
Бала- оқушы, ұл бала.
Заманның ағымына қарай ой-пікірді ашық, дәлел мен дәйекті келтіре отырып нақты сөйлеу XXI ғасырдың жастарының міндеті.
«Алтын ереже» қабылдау.
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»,- дейді халық мақалы. Қожа туралы көзқарасымызды ортаға салу үшін ең әуелі Венн диаграммасын толтыруға беремін.
-Ал, енді екі жақты пікірді сарапқа салып, қорытынды шығару үшін сөз сарапшыға беріледі.
Сарапшы: Барлық мектепке аты шулы «сотқар» Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын «шелектеп» төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.
Шылымның зиянын түсінеді:    
Сұлтан берген темекіні тартып көреді, бірақ содан кейін темекіге жоламайтын болады.
— Міне, содан бері темекіні аузыма алмақ түгілі иісі мұрныма келсе, зытып жөнелемін,- дейді.
Қожа өз ісіне өзі есеп бере алады.
— Иә, оның қорытынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, онда өзі жасаған қателіктері, оны түзету және болдырмау үшін не жасау керектігі туралы қаулы шығарады.
Хикаяттың әр тарауында Қожа әр қырынан суреттеледі.
Десек те, Қожаның тентектігі тектен-тек емес, белгілі бір логикадан туындайды. Адам жанын түсіне, ұға бермейтін шолақ белсенділерге, екі жүзділерге қаны қайнайды.
         Сонымен, бүгінгі екі топтың пікірлерін саралай келіп, “Қожа – түбі адам болатын бала” деген тұжырым жасаймын.

-Иә, сарапшының сөзіне тұздық ретінде, мына үнтаспаға құлақ түрейік:
Сотқарлау, бірақ жаны таза кейіпкері туралы Бердібек Соқпақбаев былай деген екен (үнтаспа тыңдау) :  “Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан, басымнан кешкенді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез- құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”
(Бағалау; Сергіту сәті)

Олай болса, осы «Түбінде адам болатын баламыз» оқиға барысында қандай кейіпкерлермен қарым- қатынаста болды екен? (дәптермен жұмыс №3).
«Менің атым Қожа» повесі қарапайымдылыққа, нанымдылыққа туған. «Өтірік ештеңе қоспаймын» — деп уәде берген автор уәдесін орындайды да. Бұл повесінде жазушы балаларға бала болып сырын ашады, өзінің бар болмысын, жамандығын да, жақсылығын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуының арқасында оқырманның ыстық ықыласын өзіне аударады. Хикаят жалпы оқырман қауымға түсінікті тіл қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Олай болса, шығарманың тіліне талдау жасайық (дәптермен жұмыс №2).
ІV.  Бекіту:  Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер. Ол үшін жұмыс дәптеріндегі «РАФТ» стратегиясы бойынша №4 жұмысты орындап көрейік. 
V.  Рефлекция:  Жұмыс дәптеріндегі №5 жұмысты орындату.
VІ. Тест жұмысы.   (Бағалау)
VІІ. Қорытынды: Жалпы алғанда, әдебиетте адам бейнесі- типтік бейне,реалистік бейне немесе шынайы бейне болып бөлінеді. Осының ішінде Қожа-реалистік бейне. Ол күнде көріп жүрген, етене араласып жүрген өз танысымыз. Белгілі бір ортада шынайылықпен суреттелген. Қожа бейнесі- кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, қоғам өзгеруіне қарай ылғи жаңарып отыратын тип.
 Бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың: 
«Баланың жақсысы –қызық, жаманы –күйік»деген қанатты сөзімен қортындылайық. Жаман бала болудан лайым аулақ болып, жақсы бала атанып ата-аналарыңның көз қуанышына айналыңыздар.
(Қандай әсер алдың?)
VІІІ. Үйге тапсырма: Мүмкіндік деңгей: Абдолла Қарсақбаевтың  “Менің атым Қожа” фильмі мен 
Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмін салыстырып, ұқсастықтарын тауып жазып келу. 
Міндетті деңгей: “Бақытты балалық шақ” эссе жазып келу. 
ІХ. Бағалау.  (Үш бағаның қорытындысы бойынша).

    

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!