Белгісіздік есімдіктері, белгісіздік есімдігі

0
109

Қазақ тілі 6 – сынып
Сабақ тақырыбы: Белгісіздік есімдігі
Мақсаты:
Білімділік: Белгісіздік есімдіктерді түсіндіре отырып, есімдіктің мағыналық түрлері жөніндегі білімдерін тиянақтау
Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін, тіл байлығын жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру;
Тәрбиелік: Әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ұқыптылыққа, сауатты жазуға, ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білу арқылы көркем, бейнелі сөз ретінде пайдалануға, ұшқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ – жауап, жаттығу жұмыстары
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайд, кесте.
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Жұмбақтар
Жеп көріп ем өзін мен, Жас шығарды көзімнен (пияз)
Мен әдемі моншақпын, Ірі емеспін, ұсақпын
Мойнына ешкім таға алмас, Мендей мөлдір таба алмас (шық)
Ол күнді күзетеді, Күн оны күзетеді (күнбағыс)
Ол келсе, орман шулайды, Толқып теңіз тулайды.
Қуса өзін қуады, Ешкім оны қумайды. (Жел)
Өзін көзің көрмейді, Барлық тілде сөйлейді.
Сен мен десең, мен дейді, Сен кел десең, келмейді (Жаңғырық)

Мәтінмен жұмыс
Бұғы ана туралы ғажайып ертегі.
Бала осы кеште Бұғы ана туралы ғажайып ертегіні тыңдағысы келіп еді. Бұл ертегіні айтуды Момын атаның өзі де жақсы көретін. Бірақ бала атасын мазалағысы келмеді. Атасынан жаттап алған сыбырлап айта бастады. Бұл баяғыда болған хикая. Сол ерте заманда суы мұздай үлкен өзен жағасын қырғыздың бір тайпа елі жайлапты. Ол өзеннің атын Енесай дейді екен. Ол өзі бұдан алыста Сібір дейтін жерде ағатын көрінеді. Осы жерден атты адамның өзі үш жыл, үш айда зорға жетеді. Қазір ол өзенді Енесай деп атайды, жағасын әр алуан ел жайлапты.
Тапсырма.
1. Берілген мәтіннен есімдіктерді тапқызу. Есімдіктің қай түріне жатады?
2. Есімдіктерге талдау жасаңыз.
Белгісіздік есімдігі жүктеу