Белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А.И.Левшин жайында мадақсөз
Қазақтардың тарихы жөнiнде “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” деген (1832) үш бөлiмнен тұратын тұңғыш iргелi еңбек жазған А.И. Левшиндi (1797-1879) Ш.Ш. Уәлиханов қазақ халқының Геродоты деп атады, ал оның монографиясын ғылым үшiн қымбат қазына деп бағалады.
Орыс тарихнамасы шынайы жағдайды егжей-тегжейлі ашпайды, қазақтардың Ресейге бодан болуы тек қана М.Тевкелевтің күш салуы арқасында қабылданды делінеді. Бұл мәселені тек қана П.И.Рычков пен А.И.Левшин тыңғылықты түрде ашып көрсеткен.
А.И. Левшин өздерiнiң еңбектерiнде қазақтардың тарихын, материалдық және рухани өмiрiн егжей-тегжейлi баяндады. Өлке тарихына декабристер, сондай-ақ орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин де зор көңiл бөлдi.
Кең тараған ғылымисымақтық бағытта қазақ халқының мәдени даму сатысының төмендігі айтылып, Ресейдің жаугершілігін «өркениеттік миссиямен» байланыстырады. Авторлар өз жұмыстарында еуропалық өркениеттің маңыздылығын ерекше атап көрсетеді және оны шығыс өркениетінен жоғары қояды.
Либералдық бағыттың өкілдері Ресейдің жаулап алуына қатысты қазақ халқының өз көзқарасына көңіл аударады. Тұрғылықты халықтың тарихын, тұрмысын және шаруашылығын зерттеу қажеттілігі туралы мәселе көтереді.
Қазақ халқының тарихындағы жете зерттелмеген тарихи кезеңдердің бірі –ХVІІІ ғасырдың басы – халқымыздың азаматтық тарихындағы қыры мен сыры көп аса бір ауыр кезең. «Қазақтардың тарихи өміріндегі аса бір маңызды тұс, — егер Левшиннің және Орта Азия тарихын зерттеуге көп еңбек сіңірген ұстазымыз В. В. Бартольдтің жол жөнекей айтқандарын есепке алмасақ – мүлдем зерттелмеген деуге болады» — деп жазады тарихшы М. Тынышбайұлы «Ақтабан шұбырынды» мақаласында осы кезең туралы. Яғни Левшиннің тағы бір ерлігі деуге тұрарлық мәселе осы.
Әбілқайыр хан жөнінде мағлұмат беретін әдебиеттер баршылық. Ал, қазақ тарихының Геродоты атанған А.И. Левшин «Абулхаир хан повелевая большою частью Меньшей орды и простирая власть свою на некоторые роды Средней, он думал о пользе народа своего…» деп көрсетеді.
Ш. Уәлиханов, А. И. Левшин жазғандай, қиын саяси жағдайда «Әбілқайыр хан иығына ауыр жүк алып Петербор сарайына үндеудің ұйытқысы болуға және ендігі ыдырап болған, қазақ одағының сыртқы саяси бағытына түбірлі бетбұрыс жасау жауапкершілігін көтеруге мәжбүр болды» деп ой түйіндеуінен біздер көп нәрсені аңғарамыз.
Көптеген мақалалар мен басылымдарда Қазақ хандығының Ресей бодандығына қабылдануы қазақ халқының салт-дәстүрін, тұрмысын зерттеуге деген қызығушылықтан туғаны тілге тиек етіледі. Алайда, бұл қызығушылық патшалықтың отарлау саясатын жүзеге асыру үшін жергілікті халықтың тарихын тереңірек білуге құштарлығынан туындағаны ескерілмейді. Ол зерттеулерді Ресей әкімшілігінің шенеуніктері, әскери ведомствоның қызметкерлері және әйгілі миссионерлердің жүргізгені-ақ осыған дәлел болады.
Қазақстанды зерттеуде 1845 жылы құрылған Орыс географиялық қоғамы үлкен роль атқарды. Шын мәнінде бұл қоғам Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының тұңғыш базасы болды; ол Қазақстанды жан-жақты зерттеу және ол туралы Россияның алдыңғы қатарлы жұртшылығының назарына іліккен материалдарды жүйелі түрде жариялап тұру ісін бастап берді.
Белгiлi орыс ғалымдары П.П. Семенов-Тян-Шанский, Н.М. Пржевальский, Г.Н. Потанин өлкенi зерттеуге ғана емес, сонымен бiрге Қазақстанда 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басында демократиялық ғылыми ойдың қалыптасуына да зор үлес қосты. Осы аса iрi ғалымдар, сондай-ақ В.В. Григорьев, Н.Ф. Костылецкий, Е.П. Михаэлис, П.Е. Маковецкий, А.А. Блек қазақтың ағартушы-демократтары — Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың рухани өсiп-толысуына тiкелей ықпал еттi.
Радлов пен Левшин материалдарының айтарлықтай құндылығы — өз заманы үшін де, осы заманғы тарихшылар үшін де маңызды фактілерді, көзқарастарды тізбелеп келтіретіндігінде. Өйткені зерттеуші басқа тарихи деректерден тасада қалған нақты оқиғалардың шынайы дәлелдерін табуы мүмкін.
.
Тағы рефераттар