Бекет батыр слайд,презентация — Әдебиет
Бекет батыр слайд,презентация
Кешегі өткен уақыттағы Арыстан ханның заманында, Орынбор, Петербор деген жер бар екен.. Алшын, Жаппас деген ел бар екен.Көтібар деген бай бар екен. Сол Көтібардың жеті баласы болыпты: ең үлкені Серкебай шал деген екен.Онан кейінгісі Сарыбай, Сатай,Шынтемір, Матай, Дәрібай, Есет дегендер бар екен. Серкебайдың жалғыз баласы болды, оның атын Бекет дер екен. Өзі тіпті күшті,арыстандай айбатты, Рүстем-Дастандай қайратты hәм арыстандай жүректі,жолбарыстай білекті,ақылға өте зеректі,жақсы ғана батыр жігіт, ешбір дұшпан бетіне қарсы келмепті.
Жырға халқымыздың айрықша мән беруі, кең таралуы, «тәуелсіз ел болу» «мемлекеттік мүддеге» байланысты. «Бекет батыр» осы уақытқа дейін де талай ғалымдардың назарына ілінген. А.Байтұрсынов оны тарихи жырға жатқызса, М.Әуезов арнайы зерттеу жазып, 1927 жылы Қызылордада шыққан «Әдебиет тарихы» атты монографиясына енгізді. Бұлардан кейін С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Н.Төреқұлов еңбектерін атап өту лазым.
Ахмет Байтұрсынұлының 50 жасқа толу мерейтойына орай 1922 жылы Орынборда актер Н.П.Анинкова-Бернар «Бекет» атты пьеса қойғаны, оның сыншылар тарапынан өнер туындысы ретінде жоғары баға алғаны мәлім. Он жеті жылдан соң, 1939 жылы М.Әуезов «Бекет» пьесасын жазып, ол пьеса 1940 жылы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қойылды.
«Бекет батыр». Туындыны белгілі фольклортанушы Ә.Диваев 1896 жылы Шымкент уезінен жазып алып, «Памятники киргизского творчества» басылымында «Киргизская былина о героях Ирназаре и Бекете» деген атпен 1897 жылы Қазан қаласында жариялаған. Жырлаушысы белгісіз. Жырдың қолжазба нұсқасы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы (ӘӨИ, 151-бума). Ұсынылып отырған мәтін осы нұсқа бойынша дайындалды.