Бейнелеуіш сөздер, бейнелеуіш сөздер сабақ жоспары

0
240
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақ тақырыбы: Бейнелеуіш сөздер
Сабақтың мақсаты: Бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру, бейнелеуіш сөздердің еліктеуіш сөздерден айырмашылығын таныту.
Міндеттері:
Білімділік: Бейнелеуіш сөздердің құрамы мен тұлғасына қарай түрлерін меңгерту;
Дамытушылық: ой – өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, мәтіннен негізгі ақпаратты бөліп алып, талдау, салыстыру, жинақтау және қорытынды жасай алу дағдыларын дамыту, логикалық ойлау әрекетін дамыту.
Тәрбиелік: ұжымда жұмыс істеу, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру; өзінің де өзгенің де еңбегіне әділ баға беруге, еңбек мәдениетіне баулу.
Сабақтың типі: жаңа білім негіздерін қалыптастыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: жекелей жұмыс, топтық жұмыс, формативті бағалау, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» стратегиясы, венн диаграммасы, бекіту, «Синектика» әдісі, қорытындылау, рефлексия
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, кеспе қағаздары, тірек сызбалар, смайликтер, маркер, А3 форматы

Сабақтың кезеңдері:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Қорытынды
V. Бекіту
VI. Бағалау
VII. Рефлексия

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, кезекші мәлімдемесі, журнал бойынша түгендеу
Психологиялық ахуал: топқа бөлу еліктеу, еліктеуіш сөз, бейнелеуіш сөз таратпалары арқылы; «Сағат арқылы серіктес»- тренинг
Үй тапсырмасын сұрау:
 Жекелей оқушыларға берілген тапсырмаларды сұрау. Абайдың табиғат лирикасынан еліктеу сөздерді табу; ізденіс жұмысын жүргізу (орыс тіліндегі, ағылшын тіліндегі еліктеу сөздер); әдебиеттен өткен прозалық шығармалардан еліктеу сөздерді табу
Бағалау: оқушылар қолдарындағы смайликтер арқылы көрсетеді
 Жалпы сыныпқа берілген 231 – жаттығу жұмысын тексеру.
Еліктеу сөздерді табады, мысалдар келтіреді
Тіркесіп келген етістігімен бірге айтып, сөздің мағынасын ашады

Тәжірибе көрсету (өмірмен байланыстыру)
«Дыбыстық еліктеуіш» сөздерді ұғыну:
А) Сіріңкені жағып, стақандағы суға батыру
– От қалай сөнді? (От быж етіп сөнді )
– Дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар? (құлағымызбен естідік)
Б) Барабанды соғу
– Барабан қайтті. Барабан дүңк етті.
В) Шар үріп, жару
– Шар қалай атылды? (Шар тарс етті)
Енді осыдан мынадай сұрақ туындайды:
Өздерің байқағандай, не көріп, не естідіңдер?
Дыбыстарды қай сезім мүшесімен қабылдадыңдар? (өткен тақырыптың ережесін айтып өтеді)
Бейнелеуішті ұғындыру: Оқушының атын атап шақыру, өзіме қарату (жалт қарау)
Мұғалім жүріп келе жатып, кенет тоқтау ( кілт тоқтау). Сабақ тақырыбын анықтау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Слайдта найзағайдың, фейерверктің суреті беріледі. Оқушыларға төмендегідей сұрақ қойылады: Еліктеуіш сөздермен салыстырғанда қандай айырмашылық байқадыңдар? Оқушылар қорытынды жасайды.
Жаңа сабақ топпен жұмыс барысында ашылады.
Тапсырма
Топтар оқулықтағы «Бейнелеуіш сөздер» тақырыбын оқып, талдайды. Алынған ақпаратты сызбаға салады.
Постерлерге салынған сызба – суреттерін ортаға шығып қорғайды.
Оқушылар қарсы топ мүшелеріне алғыстарын білдіріп, қошеметтейді. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» стратегиясы бойынша қарсы топ жұмысының екі оң жағы мен бір ұсыныстарын жасайды.

IV. Қорытынды жекелей жұмыс
1 – тапсырма.
Еліктеуіш сөздерді бір бағанға, бейнелеуіш сөздерді бір бағанға жазыңыздар.
Сақ, жарқ, борт, баж, даң – дұң, жылтың – жылтың, қалт – құлт, қырш – қырш, маңқ, лап, бұрқ – сарқ, сытыр – күтір, дүңк, арс, тарс – тарс, бұлқан – талқан, сықыр – сықыр, тараң, сылқ, салп – салп, гүрс, бүлк, сарт – сұрт, дір – дір, тық – тық, селк, салдыр – күлдір, зып, қалт, пыс – пыс.

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/