Бейімбет Майлиннің Шұғаның белгісі әңгімесі слайд,презентация — Әдебиет

0

Бейімбет Майлиннің Шұғаның белгісі әңгімесі  слайд,презентация

 

​ 

 

Болашақ қаламгер 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) туған. Екі жасында әкесі қайтыс болып, күн көріс үшін шешесі бір байға сауыншылыққа жалданады. Жетілерге келгенде Бейімбеттің өзі де әлгі байдың қозы-лағын бағьп, соңынан ат-арбасына делбеші болады. Сөйтіп, ол жоқшылық зардабын өзі де әбден біліп-танып, кәрі әжесі мен анасының зарлы кейістіктерінен, құдайға шағынуларынан тітіркене тұшынып өседі. Алуан түрлі аңыздар мен ел іші әңгімесін мол білетін, өмір тауқыметін әсерлі етіп өлеңге айналдыратын әжесі немересінің жасынан қисынды, қызық сөзге, әдебиетке зауықты больш өсуіне әсер етсе керек. 
Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым-қатынастары әрдайым нанымды болып шығады. Және бұл шығармалардың түр үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады. 
… Әуре боп неге біткен ажар-көрік,
Ішіңе от түсірдің қалқам көріп.
Гүлдену жас өмірде мақсұт боп ед,
Серттесіп, қол алысып, уәде беріп.
Жолыңа құрбан қып ем жан мен тәнді,
Дариға, айтылған серт болмай қалды.
Көре алмай ақтық минут дидарыңды,
Арманда жан тапсырған мен бір зарлы!
Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,
Есіңе ал дұғаңа мен ынтызармын.
Қош сау бол ойнап-күліп жолығармыз,
Астында ақ туының пайғамбардың.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!