Бейімбет Майлин қазақша слайд | туралы қазақша
Слайд қазақ әдебиетінің кеңестік кезеңіндегі аса дарынды өкілдерінің бірі Бейімбет Майлин туралы. Шығармашылық жолын төңкерістен көп бұрын бастаған Майлиннің шығармаларында советтік дәуірдің алғашқы жылдарындағы қазақ ауылындағы түбірлі өзгерістердің көркем көрінісі жасалынды.
Бейімбет (Бимұхамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы казіргі Қостанай облысының Таран ауданында туылған. Әкесі Жармағамбетте, атасы Майлы да кедей шаруалы адамдар болған. Әкесінен жастай жетім калған Бейімбет шешесі Күлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан екен. Бұл үйде акындар, жыршылар жиі конак болып, ұзақ таңға небір дастандар жырланып, суырып салма айтыстар болып, өлеңдер айтылып тұрған. Оның үстіне шығыстың киссаларын жаксы көретін әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң ұзактаңға жыр-дастандар окытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ыкпал жасады.
Әуелі ауыл молдасынан сауат ашкан Бейімбет кейіннен Арғынбай кажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 жылы Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде окиды. Медреседе окып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушыларымен танысады. Осында шығып тұрған «Садак» атты колжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашкы прозалык туындысы «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялайды. Өлеңдері «Айкап» журналында, баска да басылымдарға шыға бастайды. Осы жылдарда ол қазақ, татар, башкұрт, орыс әдебиеттерімен кеңірек танысып, әдеби сауаты арта түседі.
Денсаулығына байланысты Бейімбет медресені аяқтай алмай, 1916-1921 жылдарда ауылда бала окыту, мұғалімдікпен айналысады. Ол кездерде 1916 жылғы ұлт-азаттык козғалысына арналған, төңкерістен кейінгі кездердегі қазақ ауылынын тұрмысын суреттейтін бірсыпыра өлеңдер жазды. 1922-23 жылдары Орынборда шығып тұрған «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке келді. Газетте редактор болып істейтін революционер ақын Сәкен Сейфуллиннің қарамағында жұмыс жасау Бейімбеттің шығармашылық жолына үлкен өзгерістер әкелді. Еңбекші таптың саяси мүддесін көздеген өлеңдер жаза бастайды. «Еңбекші қазақ» газеті бетінде өлең-әңгімелері жиі жарияланады. «Шұғаның белгісін» кайтадан өңдеп, «Қызыл Қазақстан» журналында бастырады. 1923-1925 жылдары Қостанайда шығып тұрған «Ауыл» газетінде істейді. «Раушан коммунист» повесі осы кезде жазылады. 1934-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болды. 1937 жылы халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938 жылы акпанның 25-і күні атылып кеті.
#Бейімбет #Майлин #қазақша #слайд
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз