Бейімбет Майлин Айт күндері әңгімесі слайд,презентация — Әдебиет
Бейімбет Майлин Айт күндері әңгімесі слайд,презентация
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Бейімбет Майлиннің өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Айттың діни мереке екенін танымдық бағытта меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше қосымша және әдеби материалмен жұмыс істей алу және іздеушілік, зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Әр ұлттың салт-дәстүріне құрмет сезімімен қарап, толеранттылық, қайырымдылық, бауырластық рухында тәрбиелеу.
Ой жинақтау: Нені білуіміз керек? (Балалардың алдына мақсат-міндеттер қою) • Жазушының өмірбаяны. • Жазушының шығармашылығы. • Жазушы шығармаларының тақырыбы. • «Айт күндері» әңгімесі туралы. • Айттың түрлері. • Айтқа тән дәстүрлер. • Отбасындағы діни мерекелер
Бейімбет Майлин 1919-1921 жылдары ауылдағы кеңес жұмысына араласады.
1922 жылы Сәкен Сейфуллиннің шақыруымен Орынборға келіп, баспасөз қызметіне қызу кіріседі. Орталық газет бетінде жиі-жиі әңгіме-очерктер жариялап, «Қызыл Қазақстан» журналында «Шұғаның белгісін» жаңадан жөндеп бастырады, кітап баспасынан өлеңдер жинағын шығарады. 1923 жылы Майлин Қостанай қаласына барып, «Ауыл» деген жаңа газет шығарысады. Көптеген новеллалары, сықақ әңгімелері, белгілі «Раушан коммунист» хикаяты осы газет бетінде жарық көреді.
1925 ж.Өлкелік өкіметтің арнайы шақыруымен республиканың сол кездегі астанасы Қызылордаға келіп, қайтадан баспасөз және баспа орындарында (1934 жылға дейін) әр алуан қызметтер атқарады.
1934-1937 жылдары «қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып істейді. Осы жылдар ішінде жазушының өзі қалам тербеген барлық жанрда 55 кітабы жарық көріп, жұртқа кеңінен таралып еді. Б. Майлин 1938 жылы дүние салды.
1913-1914 жылдары Майлин Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияда оқиды. Сол жылдары медресе шәкірттерінің әдеби үйірмесіне қатысып, өзі секілді талапкер жастармен бірге «Садақ» атты қолжазба журнал шығарысады. «Садақтың» әрі редакторы, әрі белсенді авторы болған Бейімбет осы журналдың 1914 жылдағы үш нөмірінде өзінің тырнақ алды прозалық туындысы «Шұғаның белгісін» жариялайды