Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар слайд,презентация — Аралас
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар слайд,презентация
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» (5.07.96ж) ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Онда, халықты, қоршаған орта мен шаруашылық
объектілерін төтенше жағдайлардан және одан
туындаған салдардан қорғау мен мемлекеттік саясат жүргізуде басым салаларының бірі екендігі ата көрсетіледі.
Занда төтенше жағдайға, зілзалаға, аварияға, апатқа анықтама беріледі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы ұйымдардың міндеттемесі, халықтын құқығы мен міндеттемсі белгіленіп, мемелекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының өкілеттігі атап көрсітілген. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы заңның бұзылғандығы үшін жауапкершілік белгіленген.
Зілзала – бұл кенеттен туындайдын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат құбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады.
Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады.
Әрбір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, козғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар.
Зілзаланың бір-бірінен айырықты ерекшеліктеріне қарамастан ортақ белгілері бар.
Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға, қатты психологиялық әсер етуі.
Авария – технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері – агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесін бұзу, зілзала.
Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Бірқатар жағдайда атмосфера газданады, мұнай өнімдері, тұтанғыш сұйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады. Апат – бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмір мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономиқалық және экологиялық залалмен сипатталады.