Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» 2-сынып, 4-сынып

0
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» 2 — сынып
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» 4 — сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: батырдың балалық шағы, жалпы ол туралы не білетіндерін ескере отырып, мәтінді өз бетімен оқып, талдап шығуға мүмкіндік беру.
Дамытушылық: оқушыға өздік жұмыс жасату арқылы оның оқулықпен жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, проблемалық мәселелерді шешудегі іскерлігін арттыруға жағдай туғызу.
Тәрбиелік: отбасындағы қағидалар туралы ой қозғау арқылы мейрімділікке, қамқорлыққа, ұлттық дәстүрімізге бала көзқарасын қалыптастыруға, сана сезімді биіктетуге ұмтылу.
Елін, жерін қорғаған ерлерді құрметтеуге үйрету, мақтаныш ету.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: батырдың портреті, альбом, тақта, бор, маркер, плакат, жазушы туралы және батырдың өзінің кітаптарынан ұйымдастырылған көрме, топтау сызбасы.
Сабақтың барысы:
І. Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау — мотевациялық кезең.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақтың мақсат — міндетін түсіндіру
3. Жаңа сабақ: Суретпен жұмыс
Бауыржан Момышұлының портретін, суреттерін көрсетемін.
Батыр туралы не білеміз?
Тақтаға кесте сызылып жазылады.

Білемін Білгім келеді Не үйрендім?
Кестенің бірінші бөлігі оқушылардың айтуы бойынша толтырылады.
— Бауыржан аталарың туралы тағы не білгілерің келеді?

Оқушылардың жауабын толықтырамын.
Б. Момышұлы (1910 – 1982) — екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері — Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Кезекті әскери міндетін өтеп, запастағы командир атағын алады. Туған аулында қаржы мекемесінде қызмет істейді.
1941жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал — майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады., батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1941 жылы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, жауынгерлік құрамымен дивизиясына қосылды.
Б. Момышұлы — әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға.
Соғыстан кейін Б. Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітірді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысты. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шығып біржола шығармашылық жұмыспен айналысады.
Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталды, Кеңестер Одағының батыры атағын алады.
Ел тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ беріледі.
Ал енді балалар Бауыржан аталарыңның балалық шағы мен отбасы туралы білгілерің келе ме?
— Олай болса бүгінгі сабағымызда Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан үзінді оқимыз.
ІІ Сараланған бөлім. Операциялық — орындаушылық кезең.
2 — сынып 4 — сынып
1 — тапсырма.
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя»әңгімесі.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен әңгімені оқып танысады.

Жеті атасын білмеген — жетесіз.

Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер.
(Мән — мағынасын түсіндіру(

Сөздікпен жұмыс жүргізу.
Ата тегі — арғы аталары.
Баппен — асықпай.
Араз — тату емес, өш.
1 — тапсырма.
3 — сыныпта да «Ұшқан ұя» кітабынан үзінді оқығандарын еске түсіреді.
Оқушылар өз бетімен оқулықтағы әңгімені түсініп оқиды.

Дәптермен жұмыс.
Сөздікпен жұмыс.
Айттыру — құда түсіп, қыз алып беру.
Баба — арғы ата.
Бата — ізгі ниетті тілек.
2 — тапсырма.
Өзіндік жұмыс. Дәптермен жұмыс
Мәтіннің ең соңғы сөйлемін қайталап оқы.
Жазушы ойын пайдаланып, нақыл сөз құрастыр.
Ел тану деген -…..
Мұғалім басшылығымен.
2 — тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы әңгіме мазмұнын талдау.
1. Батыр Бауыржан бабасы мен әжесін, әке — шешесін қалай еске алады?
2. Бауыржанның апаларының есімдерін атаңдар?
3. Бауыржан аталарың туғанда әулеттерінің қуаныштарын әңгімелеп беріңдер?
4. Имаш ата немересіне қандай тілек айтады?
Мұғалім басшылығымен.
3 — тапсырма. Әңгіме мазмұнын талдау.
Әңгіме қалай басталады?
Бауыржанға әкесі не істеуді ұмытқанын ескертті?
Бауыржан өз қатесін қалай түзеді?
Аталары не себептен күлісті?
Дәптермен жұмыс.( плакат(
Сонымен, бала Бауыржан қандай болды?
Бауыржан
Жеті атаны білді. Үлкенді сыйлады.

Сөз тыңдады. Ата дәстүрін құрметтеді. 3 — тапсырма. Өзіндік жұмыс.
Батаны қайталап оқып отыру.
Дәптермен жұмыс.
Мақал — мәтелдер
Жақсы сөз — жарым ырыс.

Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны ілер.
Сергіту сәті: «Ел қорғауға әзірміз» Сөзі М. Әлімбаевтікі.
Батырдың өзінің кітаптарын көрмеден қарау.
ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық бағалау кезеңі.

Халық қаһарманы Бауыржан батырдың Отанын жақсы көру сезімдерінен шыққан мақал — мәтелдері.(плакат)
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал — мәтелдерді дәптерге жазу.
…… – оттан ыстық.
Ер ел үшін туады,…………..
Отаның үшін отқа түс……….
Тәртіпке бас иген……………..
……. – тәрбие жемісі.
Керекті сөздер: Отан, күймейсің, құл болмайды, ерлік, ел үшін өледі.
Қорытынды: Мен жеті атамды білемін бе?
Мен бүгін не үйрендім? Кестенің соңғы бөлімі толтырылады. Қорытынды: Бауыржан Момышұлының ерлігі жайлы не білесің?
Имаш бабаның батасы қабыл болды ма?
Мен бүгін не үйрендім? Кестенің соңғы бөлімі толтырылады.

Үйге тапсырма.
Мәтінді, түсініп оқу. Сызбаны толтыр. Сызбадағы сөздердің тұсына өз ата тегіңді жаз. Үйге тапсырма.
Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу.
«Батыр Бауыржан» тақырыбына шығарма жазу.

Дереккөз: http://bilimsite.kz/