Бауыржан Момышұлы слайд,презентация — Әдебиет
Бауыржан Момышұлы слайд,презентация
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Бауыржан Момышұлының өмірбаяны. Сабақты бастар алдында, оның не үшін соғысқаны туралы еске түсірейік. Әрине, Отан үшін. Тақтада жазылып тұрған сөздерге көңіл аударсаңдар. Бұл Бауыржанның сендерге айтып кеткен өсиеттерінің бірі.
1. Білімділік: Қазақ халқының батыры Бауыржан Момышұлының өмірімен, шығармашылығымен танысу арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу.
2. Дамытушылық: Әр оқушының ой қиялына ерік бере отырып, өзінше ойын түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, оқушылардың білімділігін арттыру, сөздік қорын байытып, тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін ұлғайту. Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы өз ойын көркем тілмен жеткізе білуге дағдыландыру екі тілде сөйлеуге машықтандыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық қасиетіне тәрбиелеу, өз Отанын, туған халқының тілі мен дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оларды бірлікке, адалдыққа баулу. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға, өз Отанын қорғауға жас ұрпақтар өсиетіне адал болуға, Бауыржан Момышұлының өсиет сөздері мен батасын біліп өсуге тәрбиелеу.
Отан сүйер ұлан бол!
Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.
Қырық жыл қырғында тірі қалғандардың бірімін. Мен әскери адаммын. Біздің айбынды армиямыздың торқалы тойы мен үшін де ерекше қуаныш. Бұл армия Отан соғысында Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды.
Балаларыма немере— шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Отанды Сүйер Ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты болып өсіңдер!