Бауырсақ ертегісін әңгімелеу балабақшадағы ашық сабақтар
Шаттық шеңбері :
”Сәлем сөздің анасы,
Сәлем берер әр қазақтың баласы”-демекші қонақтармен сәлемдесіп аламыз.
Сәлем, сәлем, басым!
Сәлем, сәлем, көзім!
Сәлем, сәлем, бетім!
Сәлем, сәлем, тісім!
Сәлем, сәлем, балалар!
Сәлем, сәлем, апайлар!
Ғажайып сәт:
Әже: Сәлеметсіздер ме балалар
Балалар мен немеремнің балабақшасына бара жатып адасып сендердің балабақшаларына кіріп кетім.
Тәрбиеші:
Төрлетіңіз әже біздің қонағымыз болыңыз балалардың өнерін тамашалаңыз.
Әже: Жақсы көрсем көрейін.
Тәрбиеші:
Жақсы енді екі орталыққа бөлінейік.
Бірінші орталық: Бауырсақ ертегісін сахналау.
Екінші орталық: Бауырсақты мүсіндейді.
Жақсы енді сендер шарсаған шығарсыңдар кішкене дем алып алайық.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Ести қалса сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секіріп
Қарап еді артына
Қиқын салып көзімнің
Келе жатқан томпандап
Көжегі екен өзінің
Тәрбиеші: Жақсы енді орнымызға отырамыз.
Балалар енді екінші топ балаларының мүсіндеген бауырсақтарын көрейік.
Әже:Балалар енді менің кетуім керек. Сендердің өнерлерін тамаша екен, өркендерің өссін. Ертегіні сахналауды біледі екенсіңдер,бауырсақты мүсіндеу де қолдарыннан келеді екен. Менің көңілім толды. Сендерге берер сыйлығым бар соны таратайын.
Қорытындылау: Балалар біз сендермен қандай ертегі туралы айттық.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Енді маған сол кейіпкерлердің атын айтып беріңдерші.
Аяжан сен айта ғой
Тәрбиеші: Балалар сендерге бүгінгі ертегі ұнады ма?
Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды
Сау болыңдар балалар.