Бауырсақ балабақшадағы тәрбие сағаты
Бауырсақ
Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің «Балапан» шағын орталығының тәрбиешісі Кенжина Гулсьсара Рахметовна
Білім беру саласы: «Қатынас» Тақырыбы: «Бауырсақ» Бөлімі: «Ертегілер елінде» Мақсаты:
а)Тәрбиелік: Қызығушылықтарын, талғампаздықтарын және бір-біріне қамқор бола білуге тәрбиелеу.
ә)Дамытушылық: Балаларға бағыт -бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істету, ой-өрісін дамыта отырып өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру;
б)Білімділік: Ертегі арқылы балалардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету; Көрнекілігі: Слайд, құстардың суреттері. Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, ойындар. Қостілділік компонент: қоян – заяц, қасқыр – волк, аю- медведь, түлкі-лиса.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Психологиялық сәт:
Біз орманға барайық, Жан-жағымымызға қарайық. Аю шықты қорбаңдап, Қасқыр шықты ырылдап, Түлкі шықты майысып, Қоян шықты секіріп, Қорықпаңдар балалар Орындарыңды табыңдар.
— Балалар, біздер қандай ертегілер білеміз? — Шалқан ертегісінде қандай кейіпкерлер бар? — Түлкінің жасаған қылығы қандай? Бұл қай ертегіден? Ғажайып сәт:
Тәрбиеші: — Балалар, мен балабақшаға келе жатқанда сиқырлы қорапша тауып алдым. Қорапшаны ашып қарайын. Балалар, қорапшаның ішінде, міне, хат бар екен. Хатта не жазылғанын оқып берейін. Ортаңғы “Балапан” тобының балаларына “Бауырсақ” ертегісіндегі жануарлардан. Жануарлар бауырсаққа тапсырма беріпті, ал бауырсақ жануарлардан құтылу үшін сендерден көмек сұрапты. Бауырсаққа көмектесеміз бе? Балалардың жауабы.
Балалар қорапшаны көргендеріне қуанады.
— Ия.
Ұйымдастырушы- ізденістік — Олай болса, мен сендерге “Бауырсақ” ертегісін оқып берейін. Ерте, ерте, ертеде бір ата мен әже болыпты. Атасы: Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші. Әжесі: — Неден пісірейін, ұн жоқ қой. Атасы: Қаптың түбін қақ, бауырсақтық ұн табылып қалар. Әжесі қаптың түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді де, суытып терезе алдына қояды. Бауырсақ домалап кетеді. Орман ішіне домалап келіп қоянға тап болады. Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын. Бауырсақ: — Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін, соны тыңда.
Атадан да қаштым,
Әжеден де қаштым,
Қоян сенен де қашып кетемін.
Қоян: Бауырсақ, сенің өлеңің жақсы, сен одан да менің тапсырмамды орында. Бауырсақ: Енді не істедім? Балалар, сендер маған көмектесіңдерші? “Қоянның тапсырмасы”
Тақтадағы құстарды атап беріңдерші?!. — Жақсы, жарайсыңдар балалар, қоянның тапсырмасын орындадық.
Бауырсақ домалап, қояннан қашып ағаш түбінде жатқан қасқырға кездеседі. Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін. Бауырсақ: Жемеші, мен саған өлең айтып берейін. Қасқыр: Жоқ, өлеңіңнің керегі жоқ, одан да сен менің тапсырмамды орында.
Қасқырдың тапсырмасы:
Құстар туралы мақал-мәтел, тиым сөздер, тақпақ айтып беріңдерші? Тақпақтар: 1-ші бала: Ой балалар, балалар, Құстарда да ана бар, Құстарда да бала бар, Құс ұясын бұзбайық, Обалына қалмайық.
2-ші бала: Шыр-шыр еткен торғайды, Қорғамасаң болмайды. Кіп-кішкентай торғайлар, Ағаштарды қорғайды.
3-ші бала: Таспен атып торғайды, Ұя бұзған оңбайды. Құс өкпелеп кетеді, Бақшамызға қонбайды.
Мақал – мәтелдер:
1-ші бала: Құс жеткен жерге қонады.
2-ші бала: Қара құс басып жейді,
Сұңқар шұқып жейді.
3-ші бала: Қарлығаш көктем нышаны.
Тиым сөздер:
Құстың ұясын бұзба; Құстың жұмыртқасын жарма; ағашты сындырма.
— Жақсы, жарайсыңдар, қасқырдың да тапсырмасын орындап бердік.
Бауырсақ: — Рахмет балалар, қасқырдан да құтқардыңдар деп әрі қарай домалап келеді. Шөп үстінде құлпынай жеп жатқан аюға кездеседі. Аю: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ: Жемеші мені, мен саған одан да өлең айтып берейін. Аю: Менде қызық ойын бар,
Ал ықылас қойыңдар.
Қане тәртіп сақтайық,
Мен берген тапсырманы орындайық.
Аюдың тапсырмасы:
Дидактикалық ойын:
“Үй құстары мен дала құстарын ажырат”.
Жарайсыңдар балалар, мен тағы бір құтқарып қалдыңдар. Бауырсақ домалап келе жатып бір дыбысты естейді. Түлкі: Түлкішегім, құлыным, Сен ғой менің тілегім. Аңшы кімді қумаған, Жарылмасын жүрегің – деп түлкі баласын үйретіп жатыр екен. Түлкі: Амансың ба, бауырсақ. Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шұрайлы, мен сені жеймін. Бауырсақ: Жемеші мені, мен саған өлең айтып беремін. Атадан да қаштым,
Әжеден де қаштым,
Сенен де қашып кетемін. Түлкі: Оңай құтыла алмассың, менің тапсырмамды орында.
Түлкінің тапсырмасы
Маған алтын балықтың суретін салып беріңдерші. Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Сергіту сәті
Қарлығаш болып ұшайық, Торғай болып қонайық. Сауысқан болып секіріп, Тоқылдақ болып шоқиық. Қане қанат жазайық, Қарлығаш болып ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.
Балалар ертегіні зең қоя отырып тыңдайды.
Қоян – заяц.
Балалардың жауабы
Қасқыр – волк.
Аю – медведь.
Түлкі – лиса.
Балалар сергіту жаттығуын қимылмен жасайды.
Рефлексивті- түзетушілік Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Балаларды соңынан оқу іс-әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау.
Балалар қуанышты сезімде болады.
Күтілетін нәтиже: Біледі: мақал – мәтелдер, тиым сөздерді білу; Меңгерді: ұйымшылдықты, ұқыптылықты, қамқор болуды; Игерді: слайдпен жұмыс жасауды.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!