Бауыр эхинококкозы слайд,презентация — Биология

0

Бауыр эхинококкозы слайд,презентация

 

 

Эхинококкоз –үй жануары арқылы тасымалданатын паразитті  ауру. Паразит жануарлардың ішегінде бірнеше даму сатысынан өтіп, содан соң, жануарлардың нәжісімен жерге түседі. Жерге түскен жұмыртқалар онкосфералар деп аталады. Онкосфералар ауа температурасының өзгерістеріне берік әрі сыртқы ортаға бейімделгіш болып келеді. Балалар, көбінесе, үй жануарларымен қарым-қатынас кезінде, жануарлардың жүні, шаң-тозаң, су және т.б. арқылы жұқтырады. Егер, паразит тамақпен бірге ағзаға  түссе, бауыр эхиноккозы, егер ауа арқылы тараса,өкпенің эхинококк өсіндісі дамиды. Эхинококк  өсіндісі – бұл паразиттің дамуындағы соңғы кезең болып табылады.
Этиология. Жылауық кұрты өл-шемі 2 мм-см. Құрт өсіп-өнуі үшін, аң мен үй жануарларының ішіне түсуі керек.
Эпидемиология. Ол көбінесе аңдар мен үй малдарынан, ит пен мысықтан жұғады. Бұл құрттар ит пен қасқырдың ащы ішегінде өсіп-өнеді де, солардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды. Аң терісін, ит пен мысықты ұстағанда жылауықтың құрты қолға жабысады. Қолды жумай тамақ ішкенде, ластанған өзендердің суын қайнатпай ішкенде құрт адамның асқазанына барып түседі.
Патогенез. 
Асқазанға түскен құрттың ұрығы сыртқы қабығынан айырылып, ішек қатпарларына енеді. Содан қан тамырларына түсіп бауыр, өкпе, ми және басқа ағзаларға ұялайды. Бірте-бірте ұялаған жерінде жылауық құрты өнеді, өседі. Олар бір ұялы, көпұялы болып бөлінеді. Жылауық қалтасы бірте-бірте өсіп, аурудың белгісі біліне бастайды, құрт орналасқан органдардың қызметі бұзылады.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!