Баубек Бұлқышев Шығыс ұлына хат слайд,презентация — Әдебиет

0

Баубек Бұлқышев Шығыс ұлына хат слайд,презентация

 

 

1916 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. 1935 жылы Қарсақбайдағы ФЗО мектебін бітірген 1937 жылы Алматы сауда-қаржы техникумында оқи жүріп, көптеген өлең, “Балалық шақ” поэмасын, “Ауылдан Алматыға” атты әңгімесін жазды. 1939 жылы “Лениншіл жас” газетінде әдеби қызметкер, кейін “Қазақстан пионері” газетінде бөлім меңгерушісі болған. 1940 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылады да, Мәскеу әскери училищесінде оқиды. Ата дәстүріне берік азамат, жалынды көсемсөз шебері, ержүрек жауынгер Мәскеуді қорғау, Украинаны азат ету шайқастарының бел ортасында болды. 1944 жылдың бас кезінде Украина, Днепропетровск облысы Софьевск ауданы майданда қаһармандықпен қаза тапты. Бұлқышев көптеген өлеңдер жазып, республика баспасөз беттерінде жариялады, оның “Алматы — менің туған қалам” деген бітпей қалған романы және “Айсұлу” деген поэмасы бар. Бұлқышевтың шығармашылық дарыны Ұлы Отан соғысының ауыр сын сағаттарында ерекше көрінді. 1942 жылы 1 мамырда “Комсомольская правда” газетінде Бұлқышевтың “Өмір мен өлім туралы” деген өршіл, отаншыл мақаласы жарық көрді. Соғыс кезінде жазған шығармаларының дені “Комсомольская правда” газетінде жарияланды. Бұлқышевтың “Я хочу жить”, “Жизнь принадлежит нам”, “Коварство и любовь”, “Письмо сыну Востока”, “Слушай, Кавказ” және басқа мақалаларын көрнекті жазушы Ғ. Мүсірепов қазақ тіліне аударып, республика лық “Социалистік Қазақстан” газетінде жариялады . Шығармалары әдеби жинақтарда (“Жизнь солдата”, М., 1946; “Журналисты в шинелях”, А.-А., 1968; “Есімізде қанды майдан жорықтары”, А., 1968) басылды, жеке кітап болып жарық көрген.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!