Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында танымдық іс-əрекетін қалыптастыру
Бастауыш сыныпта 6 жастан бастап 12 жас аралығында танымдық іс – əрекетті белсенді дамытуға мүмкіндік бар. Жаңа білім жүйесіне көшудегі өзекті мəселенің бірі – оқыту технологиясын жетілдіру. Оны ізгілендіру жəне демократияландыру педагогикалық – психологиялық тұрғыдан сауатты оқушы тəрбиелеу баршаның ортақ ісі. А.Х. Аренова, бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-əрекетін қалыптастыру бұл оқу əрекетінің субъектілері ұстаз бен оқушының бір – бірімен қарым – қатынасының бірлігін дəлелдейтін күрделі тұлғалық құрылым, деп анықтама берген.
Осы анықтамаға сүйене отырып бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-əрекетінің қалыптастыру моделін шығаруға болады.
Жаңа оқу технологиясында танымдық іс – əрекетті қалыптастыру басым. Əсіресе математика пəнінде оқушылар үнемі білімділік жаттығуларға ұқсас типтес есептер шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар орындау бір шешім іздеу оны өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Танымдық іс – əрекетті қалыптастыратын жаттығулар оқушының шығармашылық шыңына жетуге көмектеседі. Ол үшін төмендегі міндеттерге көңіл бөлу қажет.
- Баланың танымдық іс – əрекетін дамытуды ерте бастан қолға алған жөн.
- Баланы жүйелі тұрақты ұйымдастырылған танымдық іс – əрекеттерін дамытатын тапсырмалармен ойлау мүмкіндігін ең жоғарғы деңгейге жетілдіру керек. Ол күнделікті сабақта біртіндеп жоғарылайтындай болған жөн. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана баланың танымдық іс – əрекетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
- Танымдық іс – əрекетті қалыптастырудағы ең негізгі шарт баланың өзіндік ойлауына еркіндігі болуы. Ол баланың тапсырманы орындауына қызығушылығын арттырады.
- Баланың өз ойымен қиындықты жеңе білуіне, жаңалық ашуына жағдай жасаған жөн.
Бүгінгі күнде оқытудың жаңа технологиялары балалардың танымдық іс – əрекетін дамыту негізінде білім беруді көздейді. Бұл оқушылардың ойлауын, қиялын, белсенділік əрекетінің дамуына көп көңіл бөледі. Осы орайда танымдық іс – əрекетін дамыту жұмыс бағыты төмендегі моделге сəйкес жүзеге асырылады.
Бұл оқушыны математика пəніне терең даярлауда оның жеке тұлға болып қалыптасуына ойлау əрекетін дамытып, белсенділігін жетілдіріп, пəнге деген икемділігін, қызығушылығын арттырады.
Оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін дамытуда ұстаздар алдына мынадай шарттар қойылады:
Қызығушылығын дамыту шарттары:
- Интеллектуалдық өсуіне жағдай туғызу;
- Танымдық іс – əрекеттері бар сабақтар ұйымдастыру;
- Өзіндік таным мен зерттеу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету;
- Оқушылардың бастамалары мен өзіндік жұмыс істеулеріне қолдау көрсету немесе мақтау, мадақтау;
Логикалық ойлауды дамыту шарттары:
- Еркін ойлауға жол ашу;
- Жұмыс істеу барысында оқушының зейінін тұрақтандырып, логикалық ойға шоғырландыру;
- Қиял-əрекетіне еркіндік бере отырып қолдану;
- Логикалық ойлау əрекетіне бағыт- бағдар беру;
Белсенділікті дамыту шарттары:
- Əр оқушының еркін дамуына жағдай жасау;
- Əр оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсету;
- Білім беру үрдісінің ерекше формалары мен білім берудің мазмұнын өзгертетін жұмыстарды іске асыру (топтық, жеке, жұппен).
Танымдық іс-əрекет белсендігі проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруге, өзіндік жұмыс ұйымдастыруда жүзеге асады.
Оқушылардың өздігінен игерген білімі негізінде пікір алысады, жеке фактілер мен бақылаудан ой тұжырымдауға, талқылауға, өз бетімен шешім қабылдау жолдарын, əдіс- тəсілдерін қарастырады.
Танымдық іс-əрекеттерін дамытатын жаттығуларды математика пəнінде терең меңгертіп, оны жетілдіру əр ұстаздың шығармашылық ізденісіне байланысты.
Математика сабағында оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін дамытатын жаттығулар.
- Таңертеңгі сағат 9-да балық аулауға барған бала кешкі 8-де қайтіп келеды. Бала балық аулауға қанша уақыт жіберген?
- Қыста үйде тұрған екі жылқыға 20 кг жем осындай мөлшермен беріледі. Осындай мөлшермен 7 сиырға қанша килограмм жем беріледі?
- Ажардың ағасы əрқайсысы 3 кг болатын 3 шортан балығын алып келді. Ол барлығы неше килограмм балық əкелді?
- Диастың апасы əрқайсысы 6 килограммнан 18 кг табан балық əкелді. Ол неше балық əкелді?
- Алты – жеті айлық əр ботаға күніне орта есеппен 6 кг пішен беріледі. Күніне 3 ботаға неше килограмм пішен беріледі?
- Бір жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал төрт жұмыртқа неше минутта піседі?
- Атыраудан Қарағандыға дейін поезбен
24 сағатта, ал ұшақпен одан 6 сағат бұрын жетуге болады. Автобус неше сағат жүреді?
- Шұғыланың апасы 18 кг бірінші сортты, одан 16 килограмм артық жоғары сортты ұн сатып алды. Шұғыланың апасы барлығы неше килограмм ұн сатып алды?
- Қатарды жалғастыр:
2, 4, 6, 8, …
1, 3, 5, 7, …
1, 10, 100, 1000, …
1, 2, 4, 8, …
- Мына теңдіктерде бір таяқша дұрыс қойылмаған. Қатесін түзе.
XII + IX = II IV – V = I
X = VII – III X + X = I
VI – VII = XI VI – I + V = II
- Мына сандарды цифрмен жаз.
67 мың ……..; 18 млн …….; 98 млрд
…….. 45 млн …..
8 мың ……….; 2 млрд ……. 756 мың ……
802
- Разрядтық қосылғыштар түрінде жіктеп жаз.
674 _
5467
22410
463004
506789
- Əр сіріңкенің шиінің ұзындығы 4 см 5 мм. 15 сіріңкенің шиінен метр сөзін қалай шығаруға болады?
- Барлығы неше тік төртбұрыш жəне не үшбұрыш бар?
15.1 «б» сыныбында 27 бада бар. Ұлдардың қыздардан 3-уі артық. Сыныпта неше қыз бала бар?
- Жандос 7 дəптер сатып алды. Егер бір дəптер 5 теңге тұрса, ол барлық дəптерге қанша төлеген?
- Дүкенге əрқайсысы 4 адамнан 5 машина келді. Дүкенге барлығы неше адам келді?
Сабақтың тақырыбы: Өрнек пен санды салыстыру.
Cабақтың мақсаты:
а) Сандарды салыстыру, өрнек пен санды салыстыру нəтижесін <,> таңбалары арқылы өрнектерді орындай алуға үйрету
ə) Танымдық ойындар ойнату арқылы ойлау қабілетін жетілдіру, есептеу дағдылары арқылы білімдік дағдыларын қалыптастыру
б) Тапқырлыққа, жылдамдыққа тəрбиелеу. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
7 санының құрамын сұрау
Үлгі бойынша 0-ден бастап бағытталған сызықпен өсу ретімен біріктіреді. Үлгі бойынша 6, 7 цифрларын жазып шығады.
Жаңа тақырыпты бекіту:
5 тапсырма.
Логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма.
Таяқшалардан құрастырылған фигураны қарап, 2 таяқшаны алып тастағанда, шаршылардың саны қалай өзгергенін табу керек.
Өлең есеп
(Бəрі нешеу)
Асан, Арман екеуі,
Қос қуыршақ
Бір құлыншақ
Екі ойыншық
Құстай ұшып
Үйден шықты
Нешеуі? (жетеуі)
Табақта екі алма
Қолымда екі алма
Қосқанда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма? (төрт)
Үйге тапсырма беру. Бағалау
Əдебиеттер:
- Бантова М.А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы / М.А. Бантова .- Алматы: Мектеп,
- Бидосов Ə. Математиканы оқыту методикасы / Ə. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.
- Дарменова Қ. Көрнекілік арқылы ойлау қабілетін арттыру / Қ. Дарменова // Бастауыш мектеп.- — № 4.- 12-14 бет.
- Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі / Г.Корпешова // Қазақстан мектебі. — 1986.- № 4.- 20-21 бет.
- Қаниева Г. Оқушының ойлау қабілетін дамыту / Г.Қаниева // Қазақстан мектебі.- 1991.-№ 5.- 3-10 бет.
- Ушинский К.Д. Балаларды тəрбиелеу жəне оқыту жөніндегі пікірлері / К.Д. Ушинский .-Алматы: Мектеп,
Автордың аты-жөні, тегі: К.С. Бекназарова