Бастауыш сынып оқушыларына балалар телебағдарламары арқылы эстетикалық тəрбие берудегі эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру
Бастауыш мектеп оқушысының жасы қазіргі кезде 6-7 жастан 9-10 жасты қамтиды. Бұл жаста бала физикалық жəне психофизиологиялық жағынан одан əрі дамып, мектепте жүйелі түрде оқуға мүмкіндігі туады. Мектепте оқи бастағаннан баланың əлеуметтік дамуы түбегейлі өзгереді. Бастауыш сыныпта айналадағы адамдармен қатынастың жаңа түрі пайда болады. Балаға өзінің құрдастары маңызды болып, балалар қауымдастығының рөлі артады.
Бастауыш сыныпта оқу ісі жетекші болып саналады. Ол оқушы психикасындағы маңызды өзгерістерді анықтайды. Оқу ісі аясында бастауыш сыныптағы баланың бастауыш сынып оқушысының дамуында маңызды сипат алатын жəне келесі жастың сатысына өткенде негізін қалайтын психологиялық жаңа құрылымы қалыптасады. Бірінші сыныпта күшті болатын оқушының оқуға деген мотивациясы біртіндеп төмендей бастайды. Оқушының оқуға деген қызығушылығының төмендеуімен байланысты, өйткені бала қоғамдық ұстанымға қол жеткізген.
Л.С. Выготскийдің айтуынша, оқушы мектепке барғаннан бастап оның ойлау қабілеті саналы қызметке бағытталады [1, 18 б.]. Ғылыми білімді игеру барысында сөйлеу-логикалық дамуы басқа да танымдық үрдістерін қайта құрады. Бұл жаста «жады толғауға көшеді, ал қабылдау — ойлайды».
О.Ю.Ермолаевтың пікірінше, бастауыш сынып жасындағы оқушыда зейінінің дамуында айтарлықтай өзгерістер болады, оның барлық қасиеті қарқынды түрде дамиды, əсіресе, назар аудару көлемі тез (2,1 есе) өседі, тұрақтылығы көтеріледі, бір нəрсеге өту, көңіл қою шеберлігі дамиды [2, 19 б.]. 9-10 жасқа қарай балалар назарын ұзақ уақыт сақтайды жəне ырықты түрде берілген бағдарламаны орындауға қабілетті болады. Төменгі мектеп жасында жады басқа да психикалық үрдістер сияқты өзгеріске ұшырайды. Оның мəні баланың жады саналы түрде реттелетін ырық белгілеріне біртіндеп ие болады. Бастауыш сынып жасы ырықты еске сақтаудың жоғары формасы қалыптасуы үшін сензитивті, сондықтан мақсатты түрде мнемикалық қызметті дамытудағы жұмыс тиімді болады. В.Д. Шадриков жəне Л.В. Черемошкина материалды еске сақтауды ұйымдастырудың 13 мнемикалық əдісін бөліп көрсетеді [2-3]. Олар: топтау, тірек пунктерді көрсету, жоспар құрастыру, сыныптау, жіктеу, схема жасау, аналогтарын көрсету, мнемотехникалық əдістер, қайта кодировка жасау, еске сақтайтын материалды одан əрі құрастыру, ассоциацияны сериялық ұйымдастыру, қайталау.
Басты нəрсені бөліп көрсетудегі қиындық мəтінді əңгімелеп беруде байқалады. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша əңгімелеу ерекшеліктерін зерттеген психолог А.И. Липкина қысқаша əңгімелеу нақты əңгімелеуден қиын екенін атап көрсетеді [5]. Қысқаша əңгімелеу дегеніміз негізгісін бөліп көрсету, оны басқа детальдардан бөліп алу, ал мұны бала жасай алмайды. Бала ойлауындағы мұндай ерекшеліктер оқушылардың нақты бір бөлігінің үлгермеу себебі болып табылады. Мұндай қиындықтарды жеңе алмау оқу барысында белсенді ойлаудан бас тартуға əкеледі. Оқушылар тапсырмаларды орындауда түрлі адекватты емес əдістер мен тəсілдерді қолдана бастайды, психологтар мұны«айналып өтетін жол» (обходной путь) деп атайды, яғни, материалды түсінбей механикалы түрде жаттайды. Оқушылар мəтінді сөзбе-сөз жаттайды, ал мəтін бойынша қойылатын сұрақтарға жауап бере алмайды. Тағы да бір айналып өтетін жол жаңа тапсырманы бұрын қандай əдіспен орындаса, сол əдісті қолданып орындайды. Бұдан басқа оқушылар ауызша жауап беруде ойлау үрдісінің жетіспеушілігінен жолдастарынан көшіріп алғысы келеді, сыбырлап айтқандарын айтады т.б. Бұл жаста маңызды жаңа құрылым — ырықты мінез-құлық пайда болады. Бала өз бетінше жұмыс істеп, нақты жағдайда не істеу керек екенін өзі таңдайды.
Бастауыш сыныпта оқушылар жетістікке жетуге талпынады. Сондықтан жетістікке жету мотиві оқушы қызметінің негізгі мотиві болып табылады. Кейде басқа да мотив пайда болады, яғни, сəтсіздіктен қашу мотиві.
Тұлғаға эстетикалық білім беру, адамдарды əлемдегі мəдениет пен өнер түрлеріне қызығушылығын ояту, адамның толыққанды тұлға болып қалыптасуына негіз болу, индивидтің шығармашылық дарынының бар екендігін анықтау– эстетикалық тəрбие берудің маңызды мақсаттарының болып табылады.
Телебағдарлама бойынша тəрбиелік жұмыстағы тəжірибеге сүйене отырып, эстетикалық тəрбие іс-əрекетінің мынандай негізгі құрылымдық компоненттерін бөліп қарастырамыз: эстетикалық білім, тұлғаның эстетикалық мəдениетін теориялық жəне құндылықтар негізінде қалыптастыру; ғылыми- теориялық жəне бейнелеу-тəжірбиелік тұрғыдағы эстетикалық тəрбиелеу, қабілеттері, қызығушылықтары, білімі т.б. ұқсас құндылықтары бойынша тұлғалық бейнесін қалыптастыру, бұл компонентке сонымен бірге, эстетикалық өзіндік ізденіс жəне тəрбиелеу де жатады; шығармашылық мүддесі мен қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған эстетикалық тəрбиелеу, бұл жердегі тəрбие жұмысында конструктивті қабілеттілікке аса маңызды назар аударылады, мысалы, индивидуалды экспрессия, интуитивті сезіну,шығармашылық ойлау, мəселені талдай алу қабілеті, стереотиптерді игере алу жəне т.б.
Эстетикалық тəрбиелеу индивидтің жас бойынша есеюінің барлық кезеңдерінде жүргізіледі. Тұлғамен неғұрлым ертерек мақсатты түрде эстетикалық тəрбиелеу байланысы орнатылса, соғұрылым тезірек бұл іс- əрекет өзінің нəтижелі жемісін береді деп тұжырымдаймыз. Тұлғаның ерте шағынан бастап қоршаған ортаны тану үрдісін барынша жеңілдету керек, ал өз ортасындағы таныс адамдардан үлгі алу арқылы сөйлеу мəнері мен тұлғалық мəдениеті қалыптасады. Танымдық үрдісін жеңілдету үшін арнайы ойын формасындағы тəрбиелік жұмыстары жүргізіледі. Балалар телебағдарламасы – баланың шығармашылық потенциалын дамытуда, ой-қабілетін жетілдіруде, дарындылығын оятуда жəне эстетика туралы алғашқы пікірін қалыптастырудағы тəрбие жұмысында ыңғайлы əдістердің бірі болып табылады деп есептейміз. Телебағдарлама арқылы бастауыш сынып оқушыларының эстетика туралы қарапайым түсініктерін одан əрі нығайтуға болады.
Бала белгілі бір отбасында дүниеге келеді. Оның алғашқы қоршаған ортасы ата-анасымен жəне жақын туыстарымен шектеледі. Сондықтан бұл ортадағы тұлғалар баланың дүниеге деген көзқарасы мен өзіндік санасын қалыптастыруға жауапты. Жас тұлғаның эстетикалық мəдениетінің негізі отбасында қалыптасатыны белгілі болғандықтан, отбасы мүшелері баланың көңіл-күйі мен міез-құлқының оңтайлы бағытта дамып келе жатқандығын қадағалаулары қажет [6]. Бұл жағдай баланың сезімталдығы жоғары жас шағынан басталады. Сондықтан ата-анаға педагогикалық біліктілік, эстетикалық ұғымдардан хабары бар болуы қажет жəне жанұядағы климат бала үшін өте ыңғайлы болуды ескеру керек.
Оқушыны эстетикалық тұрғыдан тəрбиелеу барысында жас тұлғаның қоршаған ортасында тазалық,ыңғайлылық, тартымдылық, қолжетімділік сияқты компоненттерді ұтымды ұйымдастыру да назардан тыс қалау қажет [7]. Мысал ретінде алып қарасақ, бастауыш сыныптағы оқушыға бөлмесінде ойыншықтары мен киімдерін шашудың дұрыс еместігін айтудан басталады емес па?! Айналадағы тиянақтылық пен тұлғаның əдептілігі адамның өз қолында екендігін түсіндіру.
Белгілі бір тақырыпты түсіндіру кезінде тақырыптың объектісін оның көлемі, түсі, сыртқы бейнесі жəне т.б. критерийлері бойынша оқушы санасына жеткізеді. Сондықтан бала ойнайтын ойыншықтар да сапалы жəне зиянсыз материалдардан жасалынған болуы керек. Оқушы қолданатын басқа да құралдардың қолдану мақсаты мен тəртібі моделдеу, конструктілеу жəне бейнелеу арқылы көрсетілуі керек десек, ол құралдың бірі балаларға арналған телебағдарламалар болып табылады.
Экспериментке дайындық. Кішкентай телекөрермендердің теледидарлардан не күтетінін анықтау мақсатында ұйымдастырылған зерттеу жұмысының негізгі құралы сұрау (анкетирование) таңдалынды. Аталған сұрау іс-шарасы Алматы қаласындағы №137 жəне №148 орта білім беру мектептерінде жүрігізілді. Зерттеу жұмысын жүргізу үшін мектеп басшылығымен жəне ұстаздармен сұрау жұмысының қорытындысы жарияланады деп келісім-шарт жасалынды. Қорытынды жарияланатын бланк А4 формасындағы қағазда, кітапша ретінде жинақталған, сұрақтар баспа құралынан шығарылған, жауаптар жазуға қағаз бетінде бос орындар қалдырылған. Сұрау жүргізуде оқушыларға «Не? жəне Қалай? жазу сенің таңдауыңда» деп көрсетілген.
Сұрау жүргізу құжатындағы сұрақтар тізімі: Теледидардан нені көргенді жақсы көресің? Нені көргенді ұнатпайсың? Күніне қанша сағат теледидар көресің? Не үшін теледидарды ойлап тапқан? Қандай теледидар батырымен дос болғың келеді? Не үшін ол батырмен дос болғың келеді? Теледидар қандай пайда береді? Қандай бағдарламаларды ұнатпайсың? Қандай бағдарламалардың мүлдем болмағанын қалайсың? Теларна басшыларына қандай ұсыныстарың бар?
Сұрау жүргізу қағазының соңында төменде атап көрсетілген психологиялық тесттің варианттары ұсынылған:
«Өздеріңнің қиялдарыңа сүйеніп əлемде жоқ жануардың суретін салыңдар, өздеріңнің ойларыңа келген кез-келген аңның бейнесін сипатаңдар» жəне бұл суретке байланысты мынандай сұрақтардың жауабын жазыңдар:
Оның аты кім? Ол қандай тағамдарды жейді? Оның мінез-құлқы қандай?
Сауалнама жүргізу үрдісі: Сауалнама жұмысы №137 орта білім беру мектебінде қосымша сабақ уақытында, ал
№148-ші білім беру орталығында сабақ үстінде жүргізілді. Зерттеу жұмысы үшінші жəне төртінші бастауыш сынып оқушыларының арасында жүргізілді. Сұрауға 132 бала қатысты. Сауалнама формасы ашық түрде болды, яғни балалар сұрақтардың жауаптарын өздері жазды. Мұның мəнісі оқушыларға толық еркін таңдау құқын беру, олардың ой- ұшқырлығын талдау жəне эмоционалдық тұрғыдан бейнесін сипаттау.
Сауалнаманы талдау жəне нəтижелерін шығару. Талдау жұмысы əр сынып бойынша жүргізілді, бірақ əр сынып оқушыларының жауаптары бір- бірінен аса ерекше айырмашылықтары болған жоқ. Мұны талдау барысында, сауалнама жүргізілген аталған жас шамасындағы бастауыш сыныптарында оқитын оқушылардың бір-біріне ұқсас бағытта тұлға ретінде қалыптасып келе жатқандығын көрсетеді деп қорытынды жасауға болады (бұл нəтиже балалар бір мектептің оқушылары болғандықтан болуы да мүмкін). Орта статистикалық дəрежеде əрбір сұрақтың жауабы арнайы кесте ұяшығында жазылған. Кестенің астында респонденттердің жеке пікірін жазуға арналған бос жолдар да бар.
«Теледидардан нені көргенді жақсы көресің?» деген сауалға респонденттердің жауаптарын талдау: 84% — оқушылар мультсериалдарды көруді жақсы көретіндерін айтқан.
Бұл сауалнаманың жауабы қатарына оқушылар тағы төменде атап көрсетілген телеөнімдер жазылған: 7% — оқушылар балалар бағдарламаларын жақсы көреміз деген. 5% — оқушылар боевик жанрындағы фильмдерді көргенді ұнатамыз деген жауаптар жазған. 8% — оқушылар жалпы əртүрлі фильмдерді қөреміз деп жауап берген. 4% — оқушылар «Клон» сериалын тамашалайтындықтарын айтқан.
Балалар мультсериалдар мен оқушыларға арналған бағдарламаларды өте қатты жақсы көретіні белгілі болды. Негативті тенденцияға ие болған жауаптардың қатарына мультсериалдар мен оқушылар бағдарламаларымен бірге немесе оларға қарағанда боевик жанрдағы фильмдерді тамашалағанды жақсы көретіндерінің айтылуы. Бұл жауапты талдай келе, кинофильмдерді жиі көретін оқушылардың сауалнамадағы жауаптары да өте қысқа жəне тіл байлығының төмен дəрежеде дамып келе жатқандығын көрсетіп отыр. Осы жауапты берген оқушылардың пікірі бойынша күрес пен жарыс жағдайларында жеңе алатын теледидар батыры өте мықты болғандықтан оларға аса қатты ұнайтыны белгілі болды. Экранда көрсетілетін қатыгездік іс-əрекеттерін мұнай оқушылардың санасы еркін қабылдайды жəне қате немесе қауіпті деп қабылдамайды. Қажет болса қандай да бір жағдайды күштің көмегімен шешуді олар үйренішті жəне заңды құбылыс деп санайды.
«Нені көргенді ұнатпайсың?» деген сауалға респонденттердің жауаптарын талдау:
32% — оқушылар боевик жанрындағы фильмдер, күрес немесе соғыс фрагменттері бар көрсетілімдер жəне қорқыныш тудыратын телебағдарламаларды атап көрсеткен. 25%- анонстарды атаған. 11% — жарнама көргенді ұнатпайтындықтарын білдірген.8%-«Клон» сериалын көргілері келмейтіндерін айтқан.
Аталған сұрақтың жауабы қатарынан жоғарыда атап өтілген жауаптармен бірге респонденттер ескі фильмдерді, үлкендерге арналған бағдарламаларды жəне ғылым жаңалықтары туралы бағдарламаларын ұнайтпайтындарын айтқандарын табуға болады. Сонымен қатар, қызықты жауаптардың қатарына «Маған барлығы ұнайды» немесе «Маған бір мультфильм ұнамайды» дегендерді жатқызуға болады.
Бірінші қойылған сұраққа қарағанада екінші сұрақтың жауабынан қанша пайыз оқушылардың экран бетінен қатыгездікті бейнелейтін көрсетілімдерді ұнатпайтындықтарын анықталғандығы. Салыстырмалы түрде көп оқушыларға қатыгездікті бейнелейтін көрсетілімдер мүлдем ұнамайтыны белгілі болды, керісінше достық пен күлкіні бейнелейтін бағдарламаларға аса қызығушылық танытатындары белгілі болды. Оқушылардың ішінде бұрын жарнаманы өте қатты ұнатпайтындар, кейінгі кездері үйреншікті құбылыс деп қабылдайтын болған екен. Кейбір оқушылар тіпті бұрын көрсетіліп жүрген өздеріне қатты ұнайтын жарнамаларды қайтадан тамашалағылары келетіндіктерін де айтқан.
«Күніне қанша сағат теледидар көресің?» деген сауалға респонденттердің жауаптарын талдау: 19% — 2 сағат; 17% — 3сағат; 14% — 1 сағат; 10% — 4 сағат; 9% — 5сағат; 9% — жарты сағат; 2% — 6, 8 жəне 9 сағат деген жауаптар берген.
Сонымен қатар, ескеретін жауаптардың қатарына «Əрқашан əртүрлі», «Күні бойы деуге болады», «Көп көремін» жəне «Білмеймін» жатқызамыз.
Аталған сұрақтың жауаптарын 100 пайызға дұрыс деп айтуға мүлдем болмайды, себебі балалар теледидар алдына отырғанда уақытқа қарамайды жəне есептемейді. Бірақ жалпы статистикаға сүйенсек, сұрау жүргізген оқушы лардың тең жартысы күніне 2 сағаттан артық теледидар алдында отыратыны белгілі болады, яғни мектепте өткізілетін сабақтардағы негізгі уақыт сияқты «көгілдір экран» алдында да осыншалық маңызды уақыт өткізулері анықталынады. Бұл орын алған жағдай көптеген ата-аналарды мазалайды. Тіпті ата-аналар жиналысында бірқанша ата-ана балаларын қосымша оқу жəне ойын- сауықтық секцияларға бейімдегенге қарағанда теледидарға немесе компьютерге бейімдеген оңайға түседі деп айтқан екен. Демек, оқушылардың бос уақыттары мен демалыс күндерін осындай жағдайда өткізу олардың ден-саулығына қаншалық зиянды екенін айтпаса да белгілі.
«Не үшін теледидарды ойлап тапқан?» деген сауалға респонденттердің жауаптарын талдау:
- қандай бағдарламаны қарау маңызды емес, əйтеуір қарау үшін – 26%
- əртүрлі қызықты бағдарламаларды көру үшін – 22%
- жалықпау үшін – 32%
- білмеймін – 7%
- əлемді тану үшін – 6%
- анонстарды білу үшін – 4%
Маңызды жауаптар қатарына «Ақылды болуы үшін», «Бос уақытты өткізу үшін», «Демалу үшін» жəне«Атағын шығару үшін» жатқыздық.
Бұл сұрақ оқушыларға балалар өмірінде теледидардың алатын орнын анықтау мақсатында қойылған болатын. Жауаптарды талдаудан балалардың пікірінше, теледидардың адам өміріндегі маңызды рөлі – «демалу» жəне «көңіл көтеру». Жауаптар көрсеткендей, көп оқушылар теледидарды тек көруге арналған құрал екенін байқап отырмыз. Ал, көрсетіліп жатқан бағдарламаның мазмұны жəне қандай мақсатта, қандай да бір бағдарлама түріне қызығушылық туғаны да маңызды емес. Талдауға сүйенсек, оқушылардың теледидарды маңызды ақпарат көз деп қарастырмауының бірден-бір себебі білікті дəрежеде ұйымдастырылған педагогикалық телебағдарламалардың жоқтығын білдіреді, сонымен бірге, балалардың телеарналардан көретін бағдарламалары қандай да бір маңызды мақсатқа жетуі үшін емес, тек өте қысқа уақытта олардың көңілін аулауға ғана бағытталған сияқты, мысалы, күлу, таң қалу, мақтандыру жəне т.б.
«Қандай теледидар батырымен дос болғың келеді?» деген сауалға респонденттердің жауаптарын талдау: Микки Маус жəне Человек паук – 17% Джеки Чан жəне Шварцнеггер – 7%; Гарри Поттер жəне Том и Джери – 5%; Терминатор, Буратино, Шрек жəне Котенок Гав – 3%-дан əр қайсысы.
Аталған сұрақтың жауабынан мына есімдердің жазылғанын да байқадық: Наталья Орейро, Максим Галкин, Дана Борисова, Жади и Лукас, Тина Канделаки, Антонио Бандерас, покемондардар қатарында болу, əдемі анимациялық бейнелермен бірге болу, Русалкамен, Чебурашкамен жəне Рыжий Апоммен дос болуды қалайтындарына айтқан бастауыш сынып оқушылары да бар екен.
Оқушылар үлгі алу үшін өте жарқын эфирлік тұлға керек, ал өзіне ұнайтын батырларды олар саналы түрде таңдамайды, ол батырдың бойындағы қандай да бір қасиеттеріне немесе сыртқы келбетіне байланысты таңдау жасайтын көрінеді. Дос болуға ең көп таңдалатын виртуалды батырлардың ішінде олар аса ірі күшке ие жəне қиял тұрғысынан өте қиын бейнені таңдайды, мысалы, күресте сыйқырлы күшке ие, қабырғаларда жүре алатын, ауада қалқып тұра алатын жəне т.с.с. Оқушылардың бұл виртуалды батырларды таңдауының себебі, олар балаларды өз-өздерін қорғауға жəне қорқынышты адамдарға төтеп беруге үйретеді немесе олардың өзін қорғайды деп санайды. Ал, кино жəне эстрада жұлдыздарын таңдауда оқушылар сыртқы сұлу келбетіне назар аударатындарын білдік. Оқушылар мұндай жұлдыздарға сүйсіне қарайды жəне мақтан тұтады. Мультипликацондық батырларға қарау өте қызықты жəне көңіл-күйді көтеруге өз себебін тигізеді.
«Телeарна басшыларына қандай ұсыныстарың бар?», «Теледидар қандай пайда береді?», «Қандай бағдарламаларды ұнатпайсың?» жəне «Қандай бағдарламаларды мүлдем болмағанын қалайсың?» деген сауалдарға респонденттердің жауаптарын талдау: Оқушылардың көп бөлігі телеарналар басшылығынан мультсериалдарды жиі көрсетуді сұрады. Сонымен қатар, балалар жарнамаларды көрсетпеуді жəне қазақ тіліндегі балалар телеарнасының сапасын күшейтуді ұсынды. Балалар телеэкраннан сұлулық пен қайырымдылықты бейнелейтін көріністерді көргілері келетіндерін айтып, «Қатыгездік пен қан төгісі» бар фильмдерді көрсетпеуді сұрады. Жекеленген ұсыныстар қатарына «Золотой граммофон» немесе «Жұлдыздар фабрикасы», «Екі жұлдыз»,«Əнші балапан» сияқты музыкалық жəне ойын-сауықтық бағдарламаларды жиі көрсетіп тұруды талап еткендер де болды.
Балалар үшін мазмұны маңызды бағдарламалар қатарына денсаулық, футбол жəне өнер саласына қатысты болғандарын айтты, ал ең қызықты ұсыныстардың бірі ретінде «Мені де теледидардан көрсеткендеріңізді қалаймын» дегенді жатқызуға болады.
Телекомпанияға экскурсия жасаудың нəтижесі бойынша «Біз теледидардан көріп жатқан бейне көріністердің барлығына сенуге бола ма?»деген тақырыпқа қысқаша əңгіме жүргіздік.
Жоғарыда атап өтілген бағыттарды басшылыққа ала отырып, біз оқушыларды қандай да бір жаңалықты міндеттеп игеруге жол бермедік, барлық іс-əрекеттер тек оқушылардың қызығушылығы мен талпынысы негізінде ғана жүзеге асырылды. Өз қалаулары бойынша жаңа құндылық түрлеріне таңдау жасауды да өз еріктеріне бердік, ол құндылықтарын қалыптастыру мен дамытуға біз тек мүмкіндіктер ғана жасадық жəне оларды толыққанды игеруге жағдайлар туғызумен айналыстық. Біз жүргізіп отырған зерттеу жұмысынан күткен нəтижелері айтарлықтай жемісті болды, яғни оқушылар рухани санасының дамуын ілгерілетіп, өзіндік шыдамдылықтары мен ерен еңбектері нəтижесінде қоғам тұлғасына қажет маңызды құндылықтарды игеруге қабілетті екендіктерін көрсетті.
Тəжірибелік-зерттеу жұмысымыздың қорытындысы бізге бастауыш сынып оқушыларын оқыту үрдісі балалардың жеке тұлғалық құндылықтарының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп, эстетикалық тəрбие беруде маңызды екенін көрсетті.
Әдебиеттер
- Ермолаев О.Ю. Математическая статистика для психологов. Учебник. – М.: МПСИ,Флинта, 2002.
- Шадриков В.Д. Проблемы системагинеза профессиональной деятельности. – М.: Наука, 1982.
- Черемошкина Л.В. Психология памяти. – М.: Академия,
- Липкина А.И. Самооценка школьника. – М.,
- Искусство и дети. – М.: Искусство,
- Эстетическое воспитание школьников. – М.: Педагогика
Автордың аты-жөні, тегі: Абитаева Г.Т.