Бастауыш сынып оқушылардағы зейін процесінің ерекшеліктері және оны қалыптастыру жолдары

0


Бастауыш сынып оқушылардағы зейін процесінің ерекшеліктері және оны қалыптастыру жолдары

Қазіргі кезде зейін өзінің субъективті және объективті көріністері мен адамның психикалық іс-әрекетінің жүйелілігін талап етеді. Жүйелі психикалық іс-әрекеттің кез келген түрі: белсенді қабылдау, терең ойлау, естегі бейнеге шоғырлану немесе күрделі қозғалыстарды сапалы орындау — зейіннің қызметіне тәуелді. Зейін психологиядағы сана және ерік-жігер сынды іргелі ұғымдармен тығыз байланысты.
Зейінді зерттеуге арналған үш ірі классикалық бағыттарын: сана психологиясын, іс-әрекет психологиясын, когнитивтік психологияны теориялық-әдіснамалық және эксперименталдық тұрғыдан талдау құрайды. Зейіннің феноменологиясы, түрлері мен қасиеттері С.В. Кравковтың, С.Л. Рубинштейннің, Р. Вудвортстың, Н.Лангенің зейінге арналған еңбектерінен, оларға қосымша С.Л. Франктің, А.Ф. Лазурскийдің және Л.С. Выготскийдің рухани өмірдің үрдістерін, адамның даралық ерекшеліктерін және педагогикалық міндеттерді зерттеген еңбектері негізінде танылады.
Зейіннің бейімделуі мен моторлық механизмін ескеруіне байланысты, алғаш рет зейіннің әлеуметтік болмысы мен зейіннің бұзылуының жоғары түрлерінің сарапталған жүйесін Т. Рибо ұсынды. Зейінді түсіндіруде Н. Лангенің «Психологиялық зерттеулер. Перцепциялар заңы. Ырықты зейін теориясы», «Зейін» еңбектерінде сол кезеңдегі көптеген психологтардың назарын аударды. Зейін мәселесіне гештальтпсихология өкілдерінің көзқарастары Э. Рубиннің, К. Коффканың зерттеулерінде орын алған. Сол гештальтпсихология аумағында В. Кёлер және П. Адамс еңбектерінде де зейін мәселелері терең талданған. Француз зерттеушісі М.Мерло-Понтиде зейін мәселесін қарастыруда осы гештальтпсихология бағытына жүгінген. Француз психологы Г. Рево д’Аллон зейінді тиімді ұйымдастырудың ерекше мәнін көрсетіп, осы үрдіс барысында белгінің (символдың) рөлін анықтауға әрекеттеніп Л.С. Выготскийдің интеллект және аффект идеясына жақындаған. Д. Узнадзенің еңбектерінде зейіннің тұжырымы нұсқа (бейім бағдар) теориясының аумағында берілген. Н.Добрынин, П. Гальперин, Ю. Гиппенрейтер, В. Романов және Ю.Дормашевтардың еңбектерінде зейін іс-әрекеттік бағытында, дәлірек айтқанда А.Н. Леонтьевтің іс-әрекеттің психологиялық теориясын басшылыққа ала қарастырылған.
С.Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы — бағдарлық- зерттеудің бастамасы. В.И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.
Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:
· 1) интенсивтілігі;
· 2) жаңалығы;
· 3) аффективтілігі.
П.Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: зейін — бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л.C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:
1) процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т.б.) ретінде;
2) күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;
3) тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.
Адамның зейінділік күйіне тән нәрселер: сезімталдық, ойдың айқындығы, сезім кернеуі және ерік күшінің әсерімен істі ойдағыдай орындап шығуы үшін жан дүниесінің шапшаңдығы. Мұндай жағдайда ырықты зейін басым болады. Зейінділік күй-адамның мүдделі ісі мен қажетті нәрсеге қызығуының кеүшейюіне байланысты. Бұл жағдайда ырықсыз зейін басым болады. Зейін күйінің тағы бір қыры — зейінсіздік немесе зейіннің шашырап алаңдауынан байқалатын ерекшелік. Ауыр жұмыстан шаршау, терең ойға бату, қызықсыз істі орындау сияқты себептер кісі зейінін шашыратып, оны алаңдатуға ұшыратады.Соның салдарынан зейінсіздік туады.
Адамды мінез сипатына қарай зейінді, зейінсіз, алаңғасар деп қарастырамыз. Іс-әрекет кезінде зейіннің белгілі бір түрлері қосарланып, зейінділікті тудырады. Еркі күшті, алдына қойған мақсаты айқын, соған жетуге талпынушы кісіге ырықты жене үйреншікті зейін тән. Бұл жағдайда зейіннің ауысу шабандығы, бөлінуінің нашарлығы сияқы кемшіліктер байқала қоймайды.
Зейінсіздік — бір нәрсеге ден қоя алмай , үстірт пікір айту, өзге адамның жан … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!