Бастауыш сынып
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бастауыш сынып
Автор: Срайлова Улжан Нуралыевна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-11
Материал туралы қысқаша түсінік
бастауышпен қоштасу кеші
Сабақтың тақырыбы: «Бастауышым-балбұлағым»Сабақтың мақсаты: Білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.Көрнекілігі: жазылған қанатты сөздер, мақалдар:«Бастауышым- балбұлағым» — тақырып.«Білім кілті – бастауышта» — слайдМұғалімнің кіріспе сөзі:Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға мектеп вальсін билеп кіреді. 1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!2-жүргізуші:Білім іздеп инемен құдық қазғандар.1-жүргізуші:Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан2-жүргізуші: Өмір деген үлкен жолда тарландар. 1-жүргізуші:Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ әніменен жырына тарландарым сал құлақ.2-жүргізуші:Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан. Лаулап жансын болашағың шамшырақ.1- жүргізуші:Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.Алдарыңызда жауқазындай құлпырғанБіз алаңсыз балғын шақты балалар.2-жүргізушіҚош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,Қыран құстай болашағын мәпелер. Бүгін міне, бастауышпен қоштасадыАзамат боп, кешегі сәби-еркелер.Жүргізушілер қосыла Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!Мың алғыс сіздерге, біздей түлектерденМың алғыс отты жүректерден1-жүргізуші:Қоштасу тойын бастайықӘнмен биге басайықӨнерімізді көрсетіпҚұрметіне бұл тойдыңӘн мен шашу шашайық2-жүргізуші Шашу, шашу, шашайық,Ақ сандықты ашайық.Бұл мереке, бұл тойдыңБастаңғысын жасайық.1-оқушы:Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаныАйқара есік ашып тастағаныБір мереке думан боп осы маңда Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.Енді міне, сағымдай боп өте шықты4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,Ұстаз ана жасады мына бізденЕл таңғалар азамат бір-бір мықты2-оқушы Үйретіп бізге алғаш әліппені,Ұстазым ғылымға жол салып берді.Адамның ой-арманы мақсаттары,Оқудың сәулесімен жарық көрді.3-оқушы:Өмірге жол бір өзіңнен бастадым, Алфавитті алғаш сенен жаттадым.Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,Мейіріммен жаурынымнан қаққаның..Хор: Аяулы мектебім2-бастаушы: «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» — деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.Көрініс: Пәндер айтысыХор: Ұстазыма 6- оқушы:Оқындар ұл-қыздар деп,Күлімдеген, ұстаздар.Ән арнадық, арнайы,Тағзым ете, ұстазға!Хор «Ұстазым».Көрініс:Ата ақылы (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)Хор:Ұстазым 1-жүргізушіҰшырса да бұл өмірдің сан құсын,Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.Тыншымайтын асыл жандар аяулы, Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.2-жүргізуші: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинациялармен сіздерді марапаттаймыз.«Қамқор және мейірімді» номинациясымен бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Марал Валиханқызы марапатталады..1-жүргізуші: «Ұлағатты ұстаз»номинациясымен даярлықтопта бізге білім берген ұстазымыз Индира Қапанқызы марапатталады.2-жүргізуші: «Инабатты» номинациясымен даярлық топта бізге білім беріп, ең алғаш қалам ұстауды үйреткен Гаухар Жарылқасымқызы Гүлзира Абикенқызы марапатталады.1-жүргізуші: «Шебер ұстаз» номинациясымен орыс тілі пәнінің қыр сырын үйреткен мұғалімі Анар Манаповна Баян Шаудирбаевна марапатталады.2-жүргізуші: «Алғыр ұстаз» наминациясымен Ағылшын пәнініңмұғалімі Советкүл Шамсудинқызы марапатталады.1-жүргізуші : «Сүйікті ұстаз» наминациясымен Өзін өзі танупәнінің мұғалімі Майра Сакенқызы марапатталады2-жүргізуші: «Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ержан Нұралыұлы марапатталады.1-жүргізуші«Алғашқы ұстаз» номинациясымен біздің сынып жетекшіміз Ботан Есбергенқызы марапатталады.Мың алғыс жолдаймыз түлектер атынан.Хор: «Ұстазым» .Ән: Ұстазыма мың тағзым4-оқушы Бастаушым-балбұлағым,Алдым сенен балдың дәмін.Әріп танып, білім алып,Рахметімді жаудырам.Бастауышым – балқұрағым,Лаулап жансын шам-шырағың.Өзің берген біліміңменСамғап ұшты тау қыраным.Өтті сенде қызық шағым,Бастауышым – балбұлағым.Қоштасар күн жетті міне,Қимастықпен қол бұлғаймын.Ұстаз тілегі:Өздіріңмен адымдап аспандаймын,Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын.Бастауышты бітіргелі тұрған сендер,Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.Мен үшін бәрің бірдей, қарақтарым,Орындалсын арман, тілек талаптарың.Самғаңдар биіктерге, қайырмасынЕнді ғана қатайған қанаттарың.Аттанарда ұрпағым бақ жолына,Түссін деп тура нақ жолына,Арнайы ақ матадан жол төседік,Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!(Ақ жолмен түлектер шығарып салынады)Тақырыбы: «Бастауышым — балбұлағым» Мақсаты: Білім негізі бастауыштан қанаттанатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазы мен қоштасу рәсімін жасау.Өз мектебіне ата-анасына, ұстазына, жолдасына деген жауапкершілік сезімін дамытуға жағдай жасау. Оқушыларды мектебін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: «Бастауышым балбұлағым» сөзі , шарлармен гүл-ленталармен безендірілген.Мұғалім: Құрметті қонақтар! Қымбатты ұстаздар, аяулы ата – аналар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Сонымен «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймызБесіктегі баланың, күлгенін көрген — бір бақыт.Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген – бір бақыт! – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектеріміз бүгін сіздер үшін бар өнерлерін көрсетіп, тағы да бір бақытқа кенелтпекші!Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз даМұндай күй болған сірә қаншаңыздаҚол соғып, қошеметтеп шақырайық4 «г» сыныбын ортамызға!Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.(Әсем әуен ойналады, ортаға түлектер келеді)Оқушыларды марапаттаулар арқылы шақыру.Аудандық «Зерде» ғылыми жұмысының 2-орын иегері Қаршығаева Айнұр.Халықаралық «Пони» конкурсының сертификатының иегері Иса Рүстем және Балмұхан Райымбек.Ауыл әкімінің алғыс хаты иегері және Айғалиқызы Нұрдана«Көктем аруы» сайысының 3 орын, әрі «Король и королева письма» конкурсының 1 орын иегері Берікбаева Раулана.Мектепішілік олимпиаданың дүниетану пәні бойынша 2 орын, Аудандық топтық олимпиаданың 2 орын иегері Нұраш Ақторғын.Жас ақындар мүшәйрасының 3 орын иегері Ходжаназарова Ақжүніс.Мектепішілік шығарма сайысының 3 орын иегері Бітмалиева Әсемай т.б.— Осында тұрған әрбір оқушыны қолынан ұстап, партаға отырғызып, әріп танытқан ұстазыда осында. Ендеше Арна апай бүгінгі шәкірттеріңіздің өнерін тамашалаңыз.— «Есте қалар бір сәт!» видео роликті тамашалаймыз.— Ендеше оқушылар бүгінгі Нұрдана. Есігіңді алғаш ашқан балаңа,Құшақ жайдың мектебім сен қуанаСол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба?Сенен артық дүниені табам ба?Бақытбек. Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,Бір мектептің ұлы менен қызымыз.Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,Күліп –ойнап бірімізбен-біріміз.Ақторғын . Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?Мектебімде алаулаған жас жалын,Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарғаМектеп,мектеп- ашық жарқын көңілімМектеп,мектеп- шаттық толы өмірімМектеп,мектеп әнім болып төгілдің,Мектеп,мектеп жан анам боп көріндің.Сабыржан . Өткіздім мұнда балғын жасымды менЖаныма сіңді сенің асыл киең.Сарқылмас бастаусың ұлылықтың,Мектебім саған мәңгі басымды ием.Хор: Мектебіме мың алғысСаясат. Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын,Жас санаға төгіп білім шуағын.Хат танытып жол сілтеген өмірге,Барша жанға құрметті жан-мұғалім.Райымбек. Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,Басталған ақ батаңнан жас талабым.Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,Ұстаздың ұлағатынан басталарын.Өмірге жол бір өзіңнен бастадымАлфавитті алғаш сенде жаттадым.Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,Мейіріміммен арқамыздан қаққаның.Ақбота . Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,Бар асылын бізге жиып, мол береді.Қанатымен су себелеп асыл жан,Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,Менің де көкейімде із қалыптыҰстаттың қағаз , қалам қолыма өзің,Ерінбей үйреттің де дер әріпті.,Ақбидай. Көңілін бар шәкірттің таба алатын,Кеуделерге намыс отын жаға алатын,Өзіңдей болса, шіркін барлық ұстаз,Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.Хор: ҰстазымМұғалім: «Жақсы мұғалім — мектептің жүрегі» — деп бекер айтылмаған. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Ендеше 4 жыл бойы ұстаздарымыздан алған білімдерімізді көрсетейік.Бастауышта түрлі пәнді оқыдық,Ойға білім тоқыдық.Көрсетеміз сіздерге,«Не үйрендік , не білдік?» деп келесі «Білім» орталығына көшеміз.Ана тілі:Математика:Қазақ тілі:Дүниетану:Әдебиет орталығы:Рүстем:Кемшілікті кезінде,Кесіп айтар өзіне.Өнеге мол өзінде,Өсиет көп сөзінде.Көңілінің хошын-айКөп шәкірттің досындай,Сәуле апай осындай.Ақжүніс:Үйренеміз жалықпай,Орыс тілін шарықтай.Тіл сындырып,ән айтып,Шаттанамыз қалықтай,Аманбибі апай тәліміСәулелісін шашқан жарықтай.Қадір:Сөз сөйлесе жарқын-ақ,Күніміздей жарқылдап.Қызық өтіп сабағы,Өсіреді ой сананы.Біздермен ойнап – күледі,Сырымызды біледі.Ақбала апай қашанда,Қамқор болып жүреді.Әсемай:Баулыған әрбір өренді,Гүлбану апай өнерлі.Өз ісінің шебері,Әр сөзі мәнерлі.Қызықтырып өмірге,Әнді үйретіп келеді.Мінезі сондай сабырлы,Сізге ұқсағым келеді.Мінезі жайлы, жайдарлы қызығасың,Кейде ашусыз мінезіне табынасың.Күліп жүрер үнемі Нағима апайБейнелеудің қыр-сырын ұғынарсың!Раулана. Білімнің байыбына барып терең,Арна апай бастап еді әліппеден.Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс, Бастаған тәрбиесін алып келем.Көрмеген артық күліп, артық жүріп, Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.Қоштасамыз біз бүгін, өзіңізбенШәкірттердің алғысын айтып тұрып.Айнұр:Оқытты ұстаз – анамызӨсті білім санамыз,Білгіш ер боп өсетін,Біз бақытты баламыз.Бойымызда бұлан күш,Еркін өскен ұланбыз.Оқу-білім үйреткен,Ұстаздарға мың алғыс!Хор :Ұстаздарға мың алғыс!— Ендеше сөз кезегін оқушыларымызға алғаш қалам ұстап , әріп танытқан алғашқы ұстазымыз Арна апайымызға береміз.«Ғылым» орталығы— Сыныбымызда 2013-2014 оқу жылында «Мал жүнінен жасалатын бұйымдардың танымдық тағылымы» тақырыбында Қаршығаева Айнұр аудандық көлемінде ғылыми жұмыс қорғап, 2 орынды иеленді. Айнұрдың сол тақырыпқа зерттеу жүргізу сәтін көрелік.— Ендеше осы Айнұрды ғылыми жұмыс қорғауына үлкен үлес қосқан, мен қайда барайық десем сонда барған Айнұрдың ата-анасына алғыс хат табыс етуге рұқсат етіңздер!— Жақсы балалар, бәріңде білімді екенсіңдер! Ұстаздарыңның үмітін ақтадыңдар! Ендеше сендерде қандай өнер бар , соны көрелік»«Өнер» орталығыҚазақ биі: Орындайтын Ақбидай, Нұрдана,АқрысӘн: Анашым. Орындайтын АқторғынБи; Үнді биіКВНӘн : РауланаБи; Өзбек биіӘн: Райымбек пен Бауыржанның орындауында Тайыр. Аналарды сүйеміз,Ақылын ойға туйемізӘкені де ардақтап,Әдеппен бас иеміз.Ел жатқанда жатпаған,Мен деп тыным таппаған.Бақытты үшін баланың,Аман – сау бол ақ мамам.Құралай . Кір түсірмей жағаға,Шашымды да тарайсың.Мектебіме барарда,Мейірлене қарайсың.Тау қопарып тасты ұрып,Тұрғыздың сен не қала.Саған қандай жақсылық,Жасай алам мен ана!Саяхат:— Бүгінгі мерекемізге өздерінің әлпештеп өсірген балаларының мерекелерін қызықтауға ата-аналарымызда келіп отыр екен. Ендеше сөз кезегін ата-аналарымызға берейік.— Сонымен бірге осы үнемі мектепте оқушылардың жанында бірге жүріп, оларға және маған әрдайым керек кезде қасымызда табылған Жолдасбаева Қанбибіге алғыс хат тапсырамын.— Күндіз түні ойладыңыз бала қамынТынымсыз атып жатыр әрбір таңынБасқарып меңгеруші боп осы ұжымдыБаршаны аялаған алақанын – дей келе келесі сөз кезегін мектебіміздегі бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Үмбетқалиева Заря апайға сөз береміз.Ұстаз тілегі:Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,Сенімдердің айналыңдар серперіне.Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,Аластайтын жаныңды күз көңілден.Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.Бастауыш сыныптан естелік ретінде оқушыларға винеткі тапсырылады.Мұғалім: Осымен «Бастауышым — балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.