Бас сүйек пен бас миының жарақаты слайд,презентация
Бас сүйек пен бас миының жарақаты слайд,презентация
Бассүйек ішілік − цереброваскулярлық өзгерістер, ликворлық айналымның бұзылуы, мидың ісінуі, бассүйекішілік қысымның өзгерістері, дислокациялық синдром. Жүйелік − артериялық гипотензия, гипоксия, гипер жəне гипокапния, гипо жəне гипернатриемия, көмірсу алмасуының бұзылуы, ТІШҚҰ — синдромы. БМЖ науқас жағдайының ауырлығы − жарақаттанушы ақыл-есінің тежелу деңгейіне қарай, неврологиялық симтомдардың айқындылығына, басқа ағзалардың зақымдануы болуы немесе болмауына қарай бағаланады. Команы Глазго шкаласы бойынша бағалау əдісі кең тараған. Жарақаттанушының жағдайын 12-24 сағ. кейін 3 параметр бойынша науқаспен алғашқы кездесуде бағалайды: сыртқы тітіркендірулерге көздерін ашу реакциясы, сұраққа жауап беруі, қозғалу реакциясы (Глазгоның комалық шкаласы). Жеңіл ЖБМЖ мидың жеңіл дəрежеліе шайқалуы жəне мидың жеңіл дəрежелі соғылуы. Орташа ЖБМЖ − мидың орташа дəрежелі соғылуы. Ауыр ЖБМЖ − ми жаншылуының барлық түрі жəне мидың ауыр дəрежелі соғылуы.