Бас миының ісінуі слайд,презентация
Бас миының ісінуі слайд,презентация
Мидың ісінуі — ми немесе жұлын (әсіресе жоғары нейроглияның жасушасының ) және жасушадан тыс кеңістікте сұйықтықтың шамадан тыс жинақталуымен көрінетін , ми көлемінің ұлғаюы мен бассүйектік гипертензиямен сипатталатын патологиялық процесс.
Бассүйек-ми жарақаттары
Ишемиялық инсульт
Геморрагиялық инсульт
Ми ісіктері
Минингит , Энцефалит, Токсоплазмоз
Субдуральды абсцесс
Гипоксия, гиперкапния, су – тұз алмасуының бұзылуына әкелетін аурулар.
Вазогенді ми ісінуі — гемато-энцефальды барьердің өткізгіштігінің жоғарылауына байланысты болады. Әдетте ГЭБ тамыр ішіндегі осмостық қысымды қамтамасыз ететін оң иондарды өткізбейді.
Вазогенді ми ісінуі — ми ісіктерінде, суық жарақат, ми тамырларының микроэмболиясы, газды эмболия, ұйқы артериясының окклюзиясында, эклампсия кезінде кездеседі.
Цитотоксикалық ісіну
«Цитотоксикалық ісіну» жасушаішілік сұйықтықтың ұлғаюы. Мидың морфологиялық ісінуі дененің жасушаішілік ісіну және астроциттердің өсіндісінің дамуымен сипатталады. Нейрон денесінде гиалинді және қоршаған жасушалардың толық өлімі болмай ісіну дамымайды .
Цитотоксикалық ісіну тудыратын бірінщілік фактор: оттегі және АТФ түсуінің жетіспеушілігінен иондық насос қызметінің бұзылысы және жасушаға Na+ иондарының артық тусуі жасушаішілік осмотикалық қысымның жоғарлауына және жасушаға шектен тыс сұйықтықтың жиналуына әкеледі.
Гидроцефалия кезінде ( қарыншаішілік ликвордағы қысымның жоғарлауы), субэпендималық тіннің артық жұлын-ми сұйықтығын сіңіруіне әкеледі. Сол себептен бас сүйек пен мидың арасындағы кеңістік тарылып, бас сүйек ішіндегі қысым өзінің физиологиялық нормасынан асып кетеді. Қысым артқандықтан ми және оның тамырларына қысым түсіп, зат алмасу процессі бұзылып, ми жасушалары зақымданады. Мидың қызметі нашарлап, өз функциясын атқара алмай қалады.
Ми ісінуінің симптомдары
Симптомдар жағдайының ауырлығы және себебіне байланысты. Ауру белгілері кенеттен дамиды :
Бас ауруы
мойындағы ауыру немесе онемение
жүрек айнуы, құсу
бас айналу
Тыныс алу бұзылысы
Көрудің бұзылысы
амнезия
атаксия
сөйлеу қиындауы
сана ( ступор ) деңгейін төмендеуі
судорог
есін жоғалту