Барыс септігі, қазақ тілі

0
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Барыс септік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейте түсу, өз бетімен жұмыс жасау арқылы барыс септік туралы білімдерін одан әрі кеңейте түсу. Сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білу.
Дамытушылық: Ойындар арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімділігін дамыту, шығармашылық қабілетін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды оқу білімге шақыру, білімпаздылыққа, сауаттылыққа, ұжымдастыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Барыс септігі туралы білімді меңгереді, сөз құрамына талдайды, сөйлем мүшелеріне талдайды, сөз тіркестерін құрайды, салыстырады, қорытынды жасайды, топпен жеке жұмыс жасай алады.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, сұрақ — жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд көрсетілімдері, суреттер, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал.
— Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр, олармен амандасып алайық.
Хормен:
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау салтымыз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген жаттығуды оқытып, ілік септікті табу.
Әрбіреуін жеке — жеке оқыту

ІІІ. Өткенді қайталау. Ой қозғау.
• Морфология нені зерттейді?
• Сөз таптарын ата?
• Зат есім дегеніміз не?
• Сөз мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
• Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
• Септіктерді ата?
— Жеті саны киелі сан.
— Жеті санына қатысты ұғымдарды еске түсіріп, айтып жіберейікші.
— Жеті ата, жеті қазына, жеті күн.
— Балалар біз жеті септік атауларымен, сұрақтарымен, жалғауларымен танысқан болатынбыз.
— Жеті атаны жеті септікке қойып септеп жіберейік.
Жеті септік жайлы қандай ертегіні білеміз кім айтады?
А. с. кім? ата
І. с. кімнің? атаның
Б. с. кімге? атаға
Т. с. кімді? атаны
Ж. с. кімде? атада
Ш. с. кімнен? атадан
К. с. кіммен? атамен

ІҮ. Жаңа сабақ: Барыс септік.
Барыс септіктегі зат есімдерге кімге? Неге? Кімдерге? нелерге? қайда? Деген сұрақтар қойылады.
Барыс септігі атау септіктегі сөзге ға, ге, қа, ке жалғаулары жалғану арқылы жасалады.

Бала – балаға
Ыдыс — ыдысқа

Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық
Түп — түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
Барыс септік жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/