Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы сол сияқты көптеген факторларға байланысты болады және экономикалық біртұтастығымен анықталады. Шағын банк өз құрылымы бойынша ірі банктерден, мысалы: ауыл шаруашылық ауданындағы банк — өндіріс ауданындағы банкіден, сол сияқты бөлімшелері бар банктер бөлімшелері жоқ банктерден ерекшеленеді.

Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтымдылығын талдау — жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілері — банктің орындайтын операциясының көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады.

Банктер әр түрлі нарықтық жағдайларында әрекет етеді, әр түрлі қызмет түрін көрсетуге маманданады, алдына әр түрлі мақсаттар қояды, осыған сүйкес оның ұйымдастырушылық құрылымы да алуан түрлі болады. Ұйымдастырушылық құрылымның барлық түрінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан ұйымдастырудың лайықты тәсілін таңдау процесінде бұлар міндетті түрде ескерілуі тиіс. Әр түрлі банктер өзінің функционалдық құрылымына, банктің алдына қойған міндеттерін орындауға септігін тигізу үшін үнемі түрлі өзгерістер енгізіп отырады. Банктік іс-тәжірибеде банктің ұйымдастырушылық құрылымының 2 түрі бар: функционалдық және дивизионалдық.

Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы банк қызметінің жекелей бөліктерге бөлінуі, іс-әрекеттің немесе қызметінің оқшауланған саласының белгілі бір дәрежеде көрсетілуі, олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді. Мұндай банк қызметтерінің оқшауланған салаларына, әдетте банк операцияларын басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп пен есеп беру және шаруашылық басқару, тағы басқалар жатқызылады. Бұл функционалдық блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне байланысты қосымша шағын бөлімшелер құрылуы мүмкін.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу