Банктік емес кредиттік мекемелердің қызметін реттеу – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0
18

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, өкілетті органның лицензиясы негізінде қаржы нарығын немесе қаржы ұйымдарын, яки ҚР Ұлттық Банкін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын, банк болып есептелмейтін заңды тұлға «Банктер туралы» заңда көзделген банктік операциялардың жеке түрлерін немесе өзге де операцияларды жүргізуге құқылы.

ҚР заңнамалық актінде көзделген жағдайдан өзге еш уақытта бірде-бір банк емес ұйымның жеке және заңдық тұлғалардан депозиттерді қабылдауға құқы жоқ.

Банк емес ұйымдардың қызметін реттеу ҚР Ұлттық банкінің 2003 жылғы 6 желтоқсандағы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың қызметін құру, лицензиялау, реттеу, ұйым қызметін тоқтату туралы №445 Ережелері негізінде жүргізіледі. Ал ол Банктер туралы, Ұлттық банк туралы және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бағалау және қадағалау туралы» Заңдардың негізінде тұжырымдалған.

Банк емес ұйымдар өз қызметін тек қана Банктер туралы Заңының 31 бабына сәйкес жасақталған Операцияларды өткізудің жалпы шарттары туралы ереже мен ішкі ережелер негізінде ғана жүзеге асыра алады.

Операцияларды жүргізудің жалпы шарттарының Ережесі банк емес ұйымдар жүзеге асыратын барлық банктік және басқа операциялары бойынша мағлұматтарды қамтуы тиіс.

Банк емес ұйымдарға лицензия Банк туралы заңда көзделген бір немесе бірнеше операцияны жүзеге асыруға беріледі, бұған тек қана банктер атқаруға тиісті банк операциялары кірмеуі керек.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу