Банк қызметіндегі тәуекелділік – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0
105

Нарықтық экономика жағдайында банк саласында банктер әр түрлі операцияларды жүзеге асыру барысында өз мойнына алатын қатерді дұрыс бағалай берудің маңызы жоғары.

Нарықтық қатынастың қалыптасқанына қарай тәуекелдік (қатер) ұғымы банк өміріне дендеп енетін болады. Тәуекелділік кез келген операцияда бола береді, алайда, олардың ауқымы әр түрлі. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмағаны маңызды емес, оны ең аз шамадағы деңгейге дейін жеткізу және кеміту маңызды.

Банк тәуекелділігі дегеніміз не? Әдетте «қатер» сөзін естігенімізде оның болу ықтималдығы алдымен еске түседі, дәлірегі, банктердің өз ресурстарының, табысының бір бөлігінен айырылып қалу қаупін немесе қаржылық операцияларды жүзеге асыру барысында қосымша шығын шығару қаупін ұғамыз. Банк қызметі залалсыз болуы үшін шығын, ысырап, залал секілді категорияларға бағдарланып, оларды қолдану қажет.

Ысырап. Банк қызметіне тән тәуекелділікті сипаттайтын қорытындылаушы көрсеткіш тұрғысындағы банк пайдасының болжанбаған кемуі ретінде ұғылады. Бұл көрсеткіш өзіне шығын мен залалды ұштастырады, сол себепті де қатердің деңгейін басқа көрсеткіштерге қарағанда анық сипаттай алады. Қатер мен ысырап ұғымдары бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Осыған қарай, қатерді ысырап категориясын пайдалана отырып, сандық тұрғыдан сипаттауға болады. Бұл тәсілдеме тәуекелділік теориясын дамытудың базасы болып табылады.

Шығын. Банк өз қызметінде белгілі бір шығын шығарады. Бұлар салымшыларға төленетін пайыз; өзге қаржылық институттан қарызға алынған кредит ресурсі үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, үй – ғимаратты және т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясын айтқанымызда болжанбаған жағдайда белгіленген шығыннан да көп шығынның шығып кету қатері пайда болатынын ескереміз.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу