Банк пайызы ссудалық пайыздың формасы ретінде — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Банк пайызы банк кредит бергенде пайда болады. Пайыз инвестор-кредит берушінің және қарыз алушының арасындағы делдалдық қызмет үшін алынатын өтемақыны білдіреді. Бұл арада банкке кредитті қайтару бойынша қарыз алушы өз міндеттемесіне үлкен жауапкершілікпен орындамау қатері пайда болады. Осының салдарынан банк депозит жөнінде өз салушылар алдында міндеттемесін орындамау қаупі туады. Сондықтан да кредит бойынша банк пайызы депозиттік пайыздан маржа және кредитке қызмет көрсету бойынша банктің комиссиялық шығындарын жабуға қарағанда жоғары болуы керек.

Маржа жалпы түрінде ссудалық және депозиттік пайыздың арасындағы айырмашылықты білдіреді. Нақты қалыптасқан пайыз маржасының мөлшері пайыз бойынша таза табыстың (есептелген пайыздар минус төленген пайыздар) кредиттік қаржылардың орташа көлеміне қатынасы ретінде анықталады.

Пайыз маржасының мөлшеріне әсер ететін негізгі факторларға: кредиттік қаражаттар мен оның көздерінің көлемі, құрамы және құрылымы, сондай-ақ банктің активтік және пассивтік операциялары бойынша мөлшерлемелердің өзгеруі жатады.

Осылайша, банк пайызы кредит (актив) пайызына және депозит (пассив) пайызына бөлінеді.

Актив бойынша банк пайызының деңгейі қарыз алушының кредиттік қабілетіне, қамтамасыз етілу сипатына және берілетін кредиттің мерзімі мен мөлшеріне, орталық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелеріне, сондай-ақ инфляция деңгейіне байланысты болады.

Пассив бойынша банк пайызының деңгейі тартылған депозиттердің мөлшері мен мерзіміне, банктің сенімділігіне, оның филиалдарының кеңейуіне және банктің орналасқан орнына, сондай-ақ инфляцияның деңгейіне және т.б. байланысты болмақ.

 

Скачать реферат/Рефератты жүктеу