Банк кредиті – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0
55

Нарықтық экономикада кредиттің негізгі формасы банк кредиті. Бұл жағдайда кредит қатынасының объектісіне қарызды ақшалай қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай кредит уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы-кредит ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі.

Банк кредитінің бірінші ерекшелігі — банк өз қарыз алушыларына кредитті өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да (заңды және жеке тұлғалардың депозитінен) береді. Қазақстан банктерінің кредит ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20%-ті құрайды, ал, қалғаны – тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар).

Осы кредит формасының екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған уақытша бос қаражатын банк қарызға береді.

Банк кредитінің үшінші ерекшелігі — банк ақшалай қаражатты қарызға өздігінен есетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Мәселенің мәнісі мынада: қарыз алушы бұл қарызды пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы кредитті өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін табыс алады әрі оның есебінен кредит берушіге пайыз төлейді. Кредитке қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк кредитінің айналыс саласына ғана қызмет ететін коммерциялық кредиттен айырмашылығы, ол, сонымен қатар, өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк кредитінің қолданылу аясы коммерциялық кредитке қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық кредит – кредит мәмілесінің бағытымен, мерзімімен және сомасымен шектеліп қалған.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу