Баланың физикалық дамуы слайд,презентация

0

Баланың физикалық дамуы слайд,презентация

 

Баланың физикалық дамуы

 

Кіріспе
Баланың физикалық дамуы
Негізгі бөлім
Отбасылық тәрбие – бала денсаулығын қалыптастырудың негізі.
Отбасы тәрбиесімен айналысатын мамандар отбасы тәрбиесінің бірнеше түрін анықтайды, оларды қолдану жағымсыз салдарға жиі әкеліп соқпайды
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 
Ұлылардан ұлағат
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Баланың физикалық дамуы дегеніміз оның жасына байланысты бойының және салмағының өсуі. Физикалық дамуы қалыпты болуы және қалыс қалуы мүмкін. 1 жасқа дейінгі балаларды горизонтальды таразыда, 2жастан жоғары вертикальды таразыда жүргізеді. 1-жасқа дейінгі балалардың бойын горизонтальды. 1 жастан үлкен балалардың бойын вертикальды бой өлшегішпен анықтайды.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», — десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасы — бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Дұрыс тәрбиелеу – бала денсаулығын қалыптастыруды құрайтын маңыздылардың бірі. Баланың физикалық денсаулығымен қоса, дұрыс тамақтану және санитарно – гигиеналық дағдыларды ұстану, отбасындағы психологиялық қарым – қатынас өте маңызды: ата –аналар мен балалар бір – біріне ықпал етеді. 
Осы қарым – қатынас арқылыбізді адам ететін құндылықтардың берілуі іске асады: уайымдау, сүю, өзін және басқа адамды түсіну, өзінің қияңқы импульстерін бақылай алу және өзіне, қоршаған ортаға зиян келтірмеу, қойылған мақсаттарға жету және өзінің және өзгенің өмірін құрметтеу.
Осы рухани құндылықтар үлкендер мен балалар өміріндегі жағдайларды бірге уайымдау, оның мағынасын түсіну, ең алдымен отбасы жағдайында көрінуі мүмкін. Рухани жылылық және ата – аналардың  ақ көңілділігі, сондай –ақ олардың бір қалыпты бақылауы балаларға жағымды ықпал етеді.
Эмоциональды жиіркену(балалық шағында ата – ана махаббатынан айырылған аналарда, егер баланы қаламаған болса, ата – аналардың ішімдікке бейім болғанда);
Гипоопека(эмоциональды жиіркенумен байланысты болуы мүмкін) Ананың өштесуі ашық немесе жасырын (ана уақытынан емшектен айырады, өте ерте жұмысқа шығады немесе басқа). Гипоопека нұсқасы —  перфекционизм,балаға үнемі сен ол емессін деп айту(мысалға, қыз балаға – егер сен ұл болсаң, басқаша болар еді). Бала өзің кінәлі сезіне бастайды.
Гипопротекция– бұл тәрбиенің кемшілігі, оның ішінде жасырын. Баланы тамақтандыруды, жуындыруды, киіндіруді ұмытып кетеді. Балада өзінің бұрышы, кітаптары, ойыншықтары және т.б. жоқ болуы.
Гиперопека–ата – аналардың шектен тыс қамқоры, әсіресе әке жағынан.
Отбасындағы қайшылықты тәрбие. Бұлбалада қулық, айлакерліктің дамуына әкеліп соғады. «Тәрбие үлгілерінің ауысуы» термині бар.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!