Баламыздың болашағына балта шауып жатқандаймыз

0

Қосымша сабақтар, үйірмелер деп таң атқаннан кешке дейін сабақтан бас көтертпей қойған ата аналарға кеңес: барлық мәселені баланың қалауы шешеді.

Бұл сіз жасаған таң атқаннан кешке дейінгі кесте, баланың қалауы деп айта алмаймын. Сіз жай «білім» бизнесінің құрбанысыз және баланы да құрбандыққа шалып отырсыз. Егер баланың қалауы болмаса, онда әлемнің №1 ұстазын әкеліп қойсаңыз да бәрі бекер. Қалау іштен шығу керек.

 Мысалыға, Пеле, Марадона, Моуринье, Гвардиола, Фергюсонның балалары футболист бола алмады. Себебі қанша жерден сыртқы факторлар әсер еткісі келгенмен нәтиже болмады. Ал егер ішкі бұлақты ашып жіберсеңіз, онда ештеңе кедергі бола алмайды, ештеңе тоқтата алмайды. Яғни балаға екі фактор әсер етеді: ішкі, сыртқы.

Проблема: таңдауды ата-ананың жасауында. Одан бөлек, «білім» бизнесінің асқынып кеткені соншалық, ақылы мектептерге, ақылы үйірмелерге беру жарысы қызып тұр. Іс әрекетіндегі мақсат, 10 жасында тездетіп профессор болса, атақты спортшы болса, инженер болса, биші болса, т.б. Бұлардың барлығы тез тез болса екен деген қалаудан туындаған салдарлар. Ал осы салдарлар баланың жан дүниесінің қалыптасуына, әлеміне қаншалықты пайдалы? Өзінің қалауы ма? Ол туралы өзінің ойлары, пікірлері, ұсыныстары ескерілді ме?

Фазылбек ӘБСАТТАРҰЛЫ, әлеуметтік парақшасынан алынды.