БАЛАЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ балабақшадағы жобалар
БАЛАЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ
Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі,халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын. 2010-2011 жылдар Қазақстан үшін елеулі тарихи оқиғаға толы жыо болды. Бұл жылы біз дамыған әлем мемлекеттерінің қатарында басымызды жоғары көтеріп, аяғымыздан нық тұрып өз күшімізбен қуатымызды әлем алдында көрсете алдық. ОБСЕ-ге төраға етіп көптеген мемлекеттердің арасындағы саяси шиеленістерді шештік. 1-2 желтоқсан аралығында Елордамыз Астана қаласындағы самиттің тарихи маңызы өте зор, себебі болашақ – ұрпақтың көкірегінде патриоттық сезімнің алаулап ұшуына үлкен септігін тигізді. 7-ші қысқы Азия ойындары халықтың спортқа деген қызығушылығын, салауатты өмір салтын ұстанатын, рухы таза – бойы әсем, жігері берік ел екендігін көрсетті.
Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау,халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты балаларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген бала өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар балалар мектеп қабырғасында жүріп –ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін,Отан деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс.
Балаларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Сондықтан пәнге балалардың ынта- ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл балалардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді. Осы мақсатпен оқу материалының күрделі және жеңіл түрлеріне қарай ерекшеліктерге тоқталайын.
«Патриотизм дегеніміз — Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.»
Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі мақсаттарына төмендегілер кіреді.Бірінші –танымдық, екінші — тәрбиелік, үшінші — дамытушылық.
Осы мақсаттарды орындау үшін мемлекеттік стандартты басшалыққа ала отырып, өз тәжірибемде тарих және құқықтану сабақтарында балалардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары мен алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келемін.
Балаларға ел сүйгіштік, ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде әңгімелер өткіздім.Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады. Ауыз әдебиетінен мысалы: « Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» т.б.шығармаларында – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі атап көрсетіледі. Ал Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі, шығармалары, әсіресе, «Баймағанбет Сұлтанға айтқаны», «Ереулі атқа ер салмай», «Ұл туса», «Әй, Махамбет жолдасым». Патриоттық тақырыпқа оқыған шығармаларынан І.Есенберлиннің «Көшпенділер», М.Мақатаевтың өлеңдерінде атап өтті.
Тарих сабағын әдебиет, қазақ тілі, география пәндерімен байланыстырып, аралас сабақтар өткізуге, балалардың жан-жақтылығын дамытуда тарих пәнінің үлесі зор. 2011 жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің 28 қаңтардағы Жолдауында «20 жылдағы 20 жетістік» жыл бойына білім орындарында, тәрбие, класс сағаттарында қарқынды түрде үгіттеледі, себебі 20 жылдағы жетістікті қиын жолмен өткен Қазақстанның тарихын, саясатын, экономикасын білу – әр ұрпақтың міндеті.
Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп балаларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. «Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз –бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, «ұлттық патриотизм және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі.Осыларды көздеп жүргізген зерттеу еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын –жазушылардың ой-пікірлеріне сүйене отырып «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай – ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр. Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы,саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!