балаларга арналган ойындар

0


Бағыты: Балабақша Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі — ең басты байлық . Сондықтан біздің балабақшада жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөліміз. Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын балабақша кезеңінде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбірулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады

«Қостанай қаласы әкімдігінің Білім бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің №13 бөбекжай-бақшасы» МКҚК

Жол жүру ережесі бойынша дидактикалық ойындар.

ҚостанайБалаларға жол ережесін үйретейік!

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі — ең басты байлық . Сондықтан біздің балабақшада жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөліміз. Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын балабақша кезеңінде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбірулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.Балаларға жолда жүру заңын тәрбиешілер мен ата — аналар үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс-тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті.Біздің балабақшада балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметтері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс-әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету- ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы. Бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерімен, жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен (тротуармен) таныстыруды жүзеге асыру көзделген. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін , оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, балабақша тәрбиешілер бірлесіп, балаларға жол ережелері туралы үйретер болсақ, балалар жол апатының алдын алар едік.Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

«Қандай белгі екенін тап?»Мақсаты: Жол белгілерін ажырата білуге, балалардың жолда жүру ережелері жайында білімдерін бекіту; күнделікті өмірде алған білімін өз бетінше қолдана алуға тәрбиелеу.Қолданатын көрнекіліктер: Сақтандыру, тыйым салу, көрсеткіш және қызмет көрсету: жол белгілері желімденген текшелер.Ойын барыс:1-ші нұсқа: Жетекші текшелер жатқан үстелге кезекпен шақырады. Бала текшені алып, белгіні атап, сондай сияқты белгілері бар балаларға барады.2-ші нұсқа: Жүргізуші белгі көрсетеді. Балалар осы белгіні өздерінің текшелерінде табады, көрсетеді және оның не білдіретінін айтады.3-нұсқа: Ойыншыларға текшелер таратады. Балалар оны мұқият зерттейді. Әрі қарай әр бала өзінің белгісі туралы атын атамай айтып береді, қалғандары оны шешу керек.

«Бағдаршам»Мақсаты: Балаларды жол ережесімен таныстыру.Қолданатын көрнекіліктер: Қызыл, сары және жасыл дөнгелектер, машиналар, балалардың пішіндері.Ойын барысы: Қатысушылардың біреуі бағдаршамның белгілі бір түстерін орнатып қояды (қызыл, сары және жасыл дөнгелектерді қойып) машиналарды және балалардың пішіндерін, әр түрлі бағытпен жүретін. Екінші бала машиналарды көше қиылысынан өткізеді, (жүру жолынан) немесе балалардың пішіндерін (жүргінші жолынан) жол жүру ережесіне сәйкес. Содан соң ойыншылар рөлдермен ауысады. Машина және жүргінші жолы ережесімен және бағдаршамның шамдарымен белгіленетін әртүрлі жағдайлар қарастырылады. Кім қателеспей жақсы ойын көрсетсе сол жеңімпаз болып есептеледі.

«Жүргізушілер»

Мақсаты: Балаларға жол жүру ережесін үйрету. Ой өрісін кеңейту.Қолданатын көрнекіліктер: Бірнеше ойын жолдары, машиналар, ойыншықтар.Ойын барысы: Алдын ала оңай ойын жолдарының бірнеше нұсқалары дайындалады. Әр жолда бірнеше жол белгілері қойылған. Бұл жол мәселесін ауыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы: «Сен көліктің жүргізушісін, саған қоянды ауруханаға апару керек, жанармай құйып, және машина жөндеу керек, машинаның суреті, сенің қай жерде шыққаның және қайда оралу керек екенің білдіреді. Жол ережесін бұзбау үшін қандай ретпен осы барлық пункттарды аралап шығу керек, ойлан және жауап бер. Содан соң біз екеуміз сенің дұрыс жол тандадың ба, жоқ па соны тексереміз».

«Кім үздік жүргінші?»

Мақсаты: Жол жүру ережесі бойынша балалардың білімдерін бекіту. (бағдаршамның берген белгісі, жүргінші жол) белсенділігін, назарын тәрбиелеу.Қолданатын көрнекіліктер: 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандармен текшелер және 2 фишка. Ойын алаңы.Ойын барысы: Бірінші жүргінші №1 үйден, екінші №2 үйден шығады. Текшелерді өздерінің сандары шыққанша лақтыра береді, және қайтадан лақтырады. Сонымен бір түрлі-түсті суреттерге мұқият қарау керек. Бірінші суретте бағдаршамның қызыл шамы жанып тұр. Демек, жүргінші бағдаршамнан тұрған дөнгелекке секіре алмайды. Ол орнында тұра береді. Екінші суретте көлік. Жолды кесіп өтуге болмайды, орнында тұру керек. Үшінші суретте бағдаршамның жасыл шамы жанып тұр. Текшені текшенің санына байланысты дөнгелектерге жылжытуға болады. Төртінші суретте мотоциклшы. Оны тоқтап, өткізу керек. Алтыншы суретте бағдаршамның сары шамы жанып тұр. Жүргінші сол суреттің бойында тоқтай алады. Жетінші суретте реттеуші онымен қауіпсіз, бірден әженің үйіне баруға болады. Кім жол ережесін бұзбай әжесіне келсе сол жеңіске жетеді.

«Машинамен саяхат»

Мақсаты: Далада жүру ережелері және жол белгілері бойынша балалардың білімдерін бекіту.Қолданатын көрнекіліктер: Ойын алаңы, фишкалар.Ойын барысы: Балалар ойын алаңында ойнауда бастап кетті. Жол белгілерінің қасында өтіп бара жатып, тоқтап, әр белгі туралы айтып береді. Кім теңізге бірінші жетеді, сол жеңімпаз.

«Жолда»

Мақсаты: Алуан түрлі көліктер туралы білімдерін бекіту. Назарын және есте сақтау қабілетін арттыру.Қолданатын көрнекіліктер: Жүк жіне жеңіл автокөліктер суреттері, фишкалар.Ойын барысы: Жол жүру алдында балаларман кім және қандай көлікті жинайтынын келісіп алыңыз. Жолда балалар машинаға назарын аударып, оларды атап, сол үшін фишкалар алады. Кім көп жинайды, сол жеңімпаз.

«Керек белгіні тап»

Мақсаты: Жол белгілері бойынша бөлімдерін бекітуді жалғастыру.Қолданатын көрнекіліктер: 20 картон карточкалары (пазлдар). Карточканың бір бөлігінде жол белгілері, ал басқа бөлігінде оларға сәйкес жол жағдайлары бейнеленген.Ойын барысы: 1-нұсқа. Жүргізуші белгінің бір түрі белгіленген карточканы алып қояды. Карточканың бір бөлігінде жол жағдайы бейнеленген жүргізуші балаларға үлестіреді. Ал белгілері бар элементтерін оң жағымен үстелге орналастырады. Содан соң жол белгілерінің түрін атайды және олардың ортақ мәні туралы айтып береді. Кейін жүргізуші балаларға осы белгілердің түрін, сипатын атауға ұсынады. Балалар қолдарындағы элементтеріне тиісті карточканың бір бөлігін табу керек.2-нұсқа. Белгілері бар барлық карточкалардың жартысын тең бөледі. Барлық элементтерді араластырып, үстелге теріс жағымен орналастырады. Балалар кезекпен қарточкаларды өзінің карточкаларына сәйкес құрастырып алады.

«Жол белгілерін үйренеміз»

Мақсаты: Жол белгілерімен бағдаршам бойынша білімдерін бекітуді жалғастыру.Қолданатын көрнекіліктер: Белгілері бар үлкен, кіші карточкалар.Ойын барысы: Ойыншылар арасында үлкен карталарды тең бөледі. Жүргізуші жол белгілері бар карточкаларды кезекпен көрсетеді, кімге жақындайды сол белгіні алады да, жоғары оң бұрышына қояды және бұл белгі қалай аталатынын және қандай жағдайларда қолданылатынын айтып береді. Кім белгілерді жағдайларға дұрыс тапса және оны түсіндіре алса сол жеңімпаз.

«Жол жүру ережесі»

Мақсаты: Жол негізінің анықтамасын бекіту; негізгі жол белгілермен таныстыру оның мәнімен міндет түсіну. Есте сақтау ой, назарын дамытуға жағдай жасау. Қолданатын көрнекіліктер: Жол жүру ережелерінің белгілеріОйын барысы: Тәрбиеші өзіне инспектордың рөлін алады. Қатысушылар текшелер арқылы ойын аланы бойынша қозғалады. Жасыл шам түсті-қозғалыс рұқсат етіледі; Сары-назар аудар, қызыл тоқта-ойынша жол береді. Егер де жол белгісі бар фишка алаңда тоқталса, қатысушыға осы топтын «ортақ банкте» белгісін табу керек. Кім көп ұпай жинаса сол женімпаз.1 – карточка – 1 ұпай.

«Дала және жол заңдары»

Мақсаты: Жол ережесін сақтауға баулу. Кез-келген жағдайда шешім қабылдау. Қолданылатын көрнекіліктер: ойын аланы, үлкен сегіз карталар, адамдардын пішіндері Ойын барысы: Ойын бірнеше нұсқаларға бөлінеді. «Сәлем Қала!», «Қалай өтіп, қалай жүруге болады? », «Бұл қандай белгі ?», «Баяу жүрсен — алыс кетесің»

«Сөйлейтін белгі»

Мақсаты: Жол белгілері бойынша белгілерін бекіту. Қолданылатын көрнекіліктер: Белгілері бейнеленген 73 карточка; реттеушінің ережесі және әр белгінің сипаты бар 73 карточка.Ойын барысы: Жүргізуші суруттері бар карточкаларды араластырады және қатысушыларға үлестіреді. Мәтіні бар карточкаларды өзіне қардырады. Содан кейін жүргізуші 1 карточканы алып мәтінді оқиды. Оқылған мәтін бойынша жол белгісімен карточка бар ойыншы үстелдің ортасына қояды. Егерде сандар сәйкес келсе, ойыншы карточкаларды өзіне алады. Жеңімпаз жүргізуші куәлігі карточкасын алады.

«№ Автомектеп»

Мақсаты: Балалардың көшелерден өту ережесін бекіту.Қолданылатын көрнекіліктер: Ойың алаңы, фишкалар, белгілер бар карточкалар.Ойын барысы:Ойыншылар кезекпен текше лақтырады және ойын алаңы бойынша жүреді, жүргінші жолы алдында сары дөнгелекте тоқталып басқа бағыттағы қатысушыға беру керек. Тоқталу, жолдағы көлік кедергі болмау үшін, жүргінші алдымен солға,содан кейін оңға қарау үшін керек.Кім алдыға қарай бірнеше аттам жасап, сары дөнгелекте тоқталмаса,сол қайтадан бастаған жеріне оралады.

«Дұрыс па? Бұрыс па?»

Мақсаты: Балаларға жүріс-тұрыс қағидасының қауіпсіздігін және жол белгілерін бекітіу.Қолданылатын көрнекіліктер: Ойын алаңы, жол жүру белгілері.Ойын барысы: Балалар суретте кейіпкерлерді қойып, кім дұрыс, кім бұрыс істеп жатқанын айтып береді. Кім кейіпкердің қылығын дұрыс суреттеп берсе сол жеңімпаз болып шығады.

«Біз жолаушымыз»

Мақсаты: Біз кейде жолаушылар болатынымыз туралы балалардың білімдерін нақтылап алу; көлікке міну және одан түсу ережесін бекіту.Қолданылатын көрнекіліктер: Жол жағдайлары бар суреттер.Ойын барысы: Балалар бір-бір суреттен алып, не бейнеленгенін, сол жағдайдан қалай шығуға болатынын айтып береді.

«Жол әліппесі»

Мақсаты: Тыйым салынатын, ұйғаратын, ескертетін, ақпараттық-сілтемелер бар түрлері бойынша жүйелеу, жол белгілері бойынша дұрыс жүру туралы білімдерін бекіту.Қолданатын көрнекіліктер: Жол жағдайлары бар карточкалар, жол белгілері.Ойын барысы: Балалар өздеріне карточкаларды таңдайды. Жүргізуші қолындағы белгілерді кезекпен көрсетеді. Кімнің қолында керек карточка болса сол өз таңдауын дәлелдейді.

«Бағдаршам және реттеуші»

Мақсаты: Балалардың реттеуші жұмысы туралы білімдерін анықтау; оның ымдарының мәнін түсіндіру; балаларды реттеушінің ымдары мен бағдаршам түстерімен ара қатынасын белгілеуге үйрету.Қолданылатын көрнекіліктер: Реттеуші, реттеушінің такяқшасы, бағдаршамның белгілері.Ойын барысы: Тәрбиешінің түсіндіргенінен кейін балалар реттеушінің рөліне тұрып, ымдарын көрсетеді. Қалғандары реттеушінің ымдарына қарай бағдаршамның керекті түстерін көрсетеді.

«Жол белгілері»

Мақсаты: Жолда жүру ережесі туралы балалардың білімдерін бекіту; белгілі жол белгілерін еске түсіру; жаңа ұғымдармен таныстыру: «шлагбаумсыз теміржол пойызы», «қауіпсіз аралшығы».Қолданылатын көрнекіліктер: Жол белгілері.Ойын барысы: Кім жол белгісі туралы жұмбақты шешсе, сол, сол белгіні алады. Кім белгілерді көп жинаса сол жеңімпаз.

«Біл және көшеде жүру ережесін орында»

Мақсаты: Балалармен көшеде жүру ережелерін бекіту; бағдаршамның мағынасын қайталау.Қолданылатын көрнекіліктер: Қала көшелері сапатталған суреттер.Ойын барысы: Тақтада адамдар әр түрлі жағдайда тұрған суреттер ілініп тұрады. Тәрбиеші балаларға оларды қарауға ұсынады. Балалар сол суреттерге қарап, кез-келгенін тандап алып, жол жүру ережесін естеріне түсіріп, не істеуге болатынын, қалай жағдайдан шығуға болатынын айтып береді.

«Жүргіншілер және көліктер»

Мақсаты: Балалармен жол жүру ережесі білімдерін және көшеде жүру қауіпсіздігінің ережесін бекіту.Қолданылатын көрнекіліктер: Текшелер, ойын алаңы, фишкалар.Ойын барысы: Ойын алаңында фишкалар арқылы қозғалып тұрған ойншылардың жол көрінісі жатыр, олардың алдында белгі түрінде кедергілер бар. Осы кедергілерге кездейсоқ болса, қайтадан орындарына оралады. Жүргінші жолына тап келгенде, ойыншы қызыл бағыт арқылы алға қарай жылжиды. Кім мәреге тез жетеді сол жеңімпаз болып атанады.

«Үлкен серуен»

Мақсаты: Балаларды автомобильшіге керекті жол белгілермен таныстыру.Қолданылатын көрнекіліктер:Ойын алаңы, фишкалар, жол белгілері.Ойын барысы: Балалар фишкалы автокөліктермен көше бойымен өтіп, жол жүру ережесін сақтап, достарының фикаларын тереді де үйлеріне қайтып барады. Кім ережені аз бұзып келсе, сол жеңімпаз атанады.

«Жол жүру ережесін сақта»

Мақсаты: Жол белгілері арқылы балаларды жүруге үйрету, жол жүру ережесін сақтау, әдепті болуды бір-біріне мұқият болуды тәрбиелеу.Қолданылатын көрнекіліктер: Ойын кенеп матасы, жол белгісі, машиналар, адамдардың пішіндері.Ойын барысы: Балалар суреттелген жағдайлар арқылы машиналар мен адамдардың пішіндерін тандайды. Ойын алаңы арқылы өздерінің кейіпкерлерін өткізеді.

«Сөйлейтін жол белгілері»

Мақсаты: Жол белгілері бойынша балаларды жүруге үйрету, жол ережесін сақтау, бір-біріне мұқият болу.Қолданылатын көрнекіліктер: Жол белгілері қойылған, әр ойын алаңы машиналар ойын кейіпкерлері.Ойын барысы: Әр баланың алдында жол тұр, әр балаға тапсырмалар беріліп тұр; бірде-бір белгіні назардан өткізбей, барлық ережелерді сақтай отырып, аталған бекетке дейін жету.

«Кесілген белгілер»

Мақсаты: Жол белгілерін ажырату қабілетін дамыту, жол белгілерінің атауын бекіту; балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, көз мөлшері.Қолданылатын көрнекіліктер: Кесілген белгілер, белгілердің үлгілері.Ойын барысы: Ең алдымен балаға қандай жол жүру белгілерін білетінің есіне түсіреді; содан соң үлгі бойынша кесілген белгілерді жинауға ұсынады. Егер де бала оны тез шешіп отырса, оған есте сақтау арқылы жинауға ұсынады.

«Белгілерді сәйкестендір»

Мақсаты: Мағынасы бойынша жол белгілерін салыстыруды балаларға үйрету; балалардың бақылау қабілетін дамыту.Қолданылатын көрнекіліктер: Түсі, пішіні жағынан ажыратылатын белгіледің үлгілері суреттелген карточкалар; маңыздылығы әр түрлі және түрлі жол белгілері.Ойын барысы: Әр баланың алдында белгілердің үлгілері суреттелген карточкалар жатыр, балаға басқа үлгіге басқа түсі, пішіні жағынан келетін белгілер тандау керек, содан соң карточкадағы белгілердің мәнін түсіндіру қажет.

«Мен сауатты жүргіншімен»

Мақсаты: Балаларды жолда болған жағдайларды талдауға үйрету; қала көшелерінде жүру қауіпсіздігінің тәжірибесін бекіту; ой-өрісін, назарын, бақылау қабілетін дамыту.Қолданылатын көрнекіліктер: Жағдайлар суреттелген екі жиынтық карточкалары, жол белгілері.Ойын барысы: Балаға ең алдымен жолда болып қалаиын қауіпті жағдайларын қарастыруға ұсынылады. Егер де балалар дұрыс жауап бере алса, карточкадағы суреттелегн жағдайға сәйкес керекті белгіні өздігімен табуға ұсынылады.

«Жол лотосы»

Мақсаты: Балалардың жол жүру ережесі туралы білімдерін бекіту, жолдағы жағдайларға сәйкес керекті жол белгілерін табуға үйрету; назарын, есте сақтау, бақылау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Қолданылатын көрнекіліктер: Жолдағы жағдайлар суреттелген карточкалар, жол белгілері.Ойын барысы: Әр балаға жол жағдайлары суреттелген карточкалар беріледі, жолда болып жатқан жағдайларға қарай керекті белгіні табуға ұсынылады.

«Керекті білгіні табу»

Мақсаты: Жол әліппесі туралы білімдерін балалардың ойына бекіту, жолдағы жүргіншінің қауіпсіздігі үшін жол жүру белгілерін тани білуге үйрету.Қолданылатын көрнекіліктер: Бұрышта машина суреттелген картон парағы, ал басқа жерінде адам суреттелген, жабыстырылатын жол белгілері. Ойын барысы: Балаға ойын бұрышында машина басқа жағында адамдар суреттелген алаң ұсынылады және оған берілген белгілерден адамға және жүргізушіге керекті белгілерді таңдау қажет.

«Реттеуші не туралы дыбыстайды»

Мақсаты: Бақылау қабілетін дамыту; реттеуші белгісіне қарай бағдаршамның керекті белгісін табуға үйрету; балалардың назарын есте сақтау қабілеттерін дамыту.Қолданылатын көрнекіліктер: Бағдаршамның белгісіне сәйкес келетін реттеуші әр түрде суреттелген үш карточкалар; карточканың келесі жағында белгісі жоқ бағдаршамдер.Ойын барысы: Балаға есте сақтау қабілеті арқылы бағдаршамның белгісі реттеушінің тұрған белгісіне сәйкес келтіру керек.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.