Балалардағы қан айналым жүйесі слайд,презентация

0

Балалардағы қан айналым жүйесі слайд,презентация

 

Балалардағы қан айналым жүйесі

 

Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі Қанның құрамы мен қасиеттері. Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттарҚұрсақтағы нәрестеге оттегі мен қоректік заттар ана қанынан плаценталық ( бала жолдасы ) қанайналым көмегімен жеткізіледі. Ол былай іске асырылады: оттегі және қоректік заттармен байыған артерия қаны ана қағанағынан кіндік аймағында нәресте денесіне кіріп жоғары жүреді де бауырға келіп, оның сол жақ бойлық жүлгесінде орналасады. Бауыр қақпасы деңгейінде v.umbilicalis екі тармаққа бөлінеді, олардың біреуі бірден қақпа венасына құйылады да, ал ductus venosus  деп аталатын екіншісі, бауырдың төменгі  бетімен оның артқы жиегіне дейін барып , сол жерде төменгі қуыс вена сабауына құйылады.
Салыстыра алғанда бауырдың көлемінің үлкендеу болуы кіндік венасы тармағының біреуінің қақпа венасы арқылы бауырға таза артерия қанын жеткізуіне байланысты; бұл соңғы жағдай өсіп келе жатқан организм үшін бауырдың қан жасау қызметіне байланысты, бұл қызмет құрсақтағы нәрестеде басым болады да, туғаннан кейін әлсірейді. Қан бауыр арқылы өтіп, бауыр веналары арқылы төменгі қуыс венаға құйылады.
Сөйтіп, барлық umbilicalis қаны не тікелей ductus venosus арқылы немесе жанама жолмен (бауыр арқылы) төмен қуыс венаға келіп , сол жерде құрсақтағы нәресте денесінің төменгі жартысынан ағып шығатын вена қанына араласады 
Аралас (артериялық және веналық) қан төменгі қуыс вена арқылы оң жақ жүрекшеге ағады. Одан төменгі қуыс вена қақпашығының — valvula venae cavae inferioris-көмегімен жүрекшелер пердесіне орналасқан foramen ovale  арқылы сол жақ жүрекшеге келеді. Аралас қан сол  жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға , одан әрі жұмыс істемейтін өкпелік қанайналыс шеңберіне соқпастан қолқаға келеді. 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!