Балаларда бет-жақ аймағының қатерсіз ісіктердің жіктелуі слайд,презентация

0

Балаларда бет-жақ аймағының қатерсіз ісіктердің жіктелуі слайд,презентация

 

Балаларда бет-жақ аймағы

 

Дәрістің жоспары:
1. Балалар жасындағы жақ-бет аймағынының iсiктерiнiң жiктелуi
2. Беттiң және ауыз қуысының жұмсақ тiндерiнiң iсiктерi.
3. Сiлекей бездерiнiң iсiктерi
4. Балаларда остеогенді және одонтогенді ісіктер
Балалар жасындағы жақ-бет аймағынының iсiктерiнiң жiктелуi
Балаларда ересектердегідей ісіктер қатерсіз және қатерлі болып бөлінеді. 
Қатерсіз ісіктердің қаптамасы бар, экстенсивті тип бойынша өседі және метастаздар бермейді.  
Қатерлі ісіктер айқын өсуімен, морфологиялық пісіп жетілген тінді құрылымдарды қалыптастыруға қабілеттігін жоғалтуымен, инфильтративті өсуімен және қан тамыр, лимфа жүйелерімен метастаздануларымен сипатталады. Қатерлі ісіктерде баланың өміріне қауіп төндіретін иммунологиялық, гормональды және басқа да бұзылыстар байқалады.
Ісіктердің бір түрлерінің дамуы да баланың жасына байланысты. Гемангиома, лимфангиома, дермоид, миобластома, мезенхиома, нәрестелердің меланомалы нейроэктодермальды ісігі көбіне туғаннан 5 жасқа дейін анықталады.     
Барлық ісіктер және ісік тәріздес түзілістер 3 топқа бөлінеді: бет-жақ аймағының жұмсақ тіндерінің, сілекей бездерінің, жақ сүйектердің. 
Бет-жақ аймағының ісіктерінің жіктелуі
    І. Бет-жақ аймағының және мойынның жұмсақ тіндерінің ісіктері (дәнекер тінді және эпителиальды текті)
    ІІ. Сілекей бездерінің ісіктері (В.В. Паникаровский бойынша)
            А. Эпителиальды ісіктер
            Пісіп жетілген (қатерсіз): 
    Аденома
    Аденолимфома
    «Аралас» ісік
        Пісіп жетілмеген (қатерлі) 
    Мукоэпидермоидты ісіктері
    Цилиндрома
    Рак
            В. Эпителиальды емес ісіктер
            Пісіп жетілген (қатерсіз): 
    Ангиома
    Невринома
    Липома
           Пісіп жетілмеген (қатерлі):
    Саркома

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!