Балалар мен жасөспірімдер тамақтануы слайд,презентация — Биология
Балалар мен жасөспірімдер тамақтануы слайд,презентация
Адам – өмір бойы психологиялық көмекке зәру.
Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Ата-ана балаларының оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыруы керек. Өкінішке орай, кейбір ата-ана бұған жеткілікті мән бермейді.
Жалпы, бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек: біріншіден, баланың жігерін жасытатын үкімді сөздер айтпау (мысалы, «Сен ойнай білмейсің», «сен дұрыс сөйлей алмайсың», т.б). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіндігі мәлім. Ал керісінше, баланы үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор. Екіншіден, баланың істеген әрекеттеріне теріс те зілді баға берумен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айтпау. Мәселен, «сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың», т.б. деген сөздер баланың бүкіл жан-дүниесін ауыр жаралайды. Сондықтан да, балалардың іс-әрекеттерін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау, оның қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті, тіршіліктен де жиренері хақ. Сөйтіп, оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды. Үшіншіден, басқа бір баламен салыстырмау керек. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіргендігіңізді байқамай да қаласыз. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға әкеп соғады екен.
Балалар мен жасөспірімдер тамағы. Дұрыс дайындалған тамақтың балалар мен жасөспірімдердін денесі мен ақылының бірқалыпты дамуы үшін мәні зор. Тамақтың жетіспеуі балалардың бойының өсуі мен дамуын кешеуілдетіп, организмнің әр түрлі ауруларға қарсыласуын төмендетеді, ал артық тамақтану — зат алмасу процесін бұзып, астың қорытылуына зиянын тигізеді. Тиімді тамақтану балалар мен жасөспірімдердің жасына қарай организмнің негізгі нәрлі заттарды қажетсінуін және олардың ара қатынасын ескере отырып ұйымдастырылуы қажет
Қырыққабат, саумалдық (шпинат) және қызылша. Бұл көкөністер ағзадағы зиянды, улы заттармен күресіп, әлсіреуден, түрлі дерттерден сақтайды. Саумалдық жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді.
Балық және теңіз өнімдері. Балықтың құрамы фосфорға, омега-3 қышқылына бай екені көпшілікке белгілі. Міне, осы екеуі мидың жұмысына жауап беретін және өте қажетті минералдар болып табылады. Әсіресе, тунец, лосось, иваси, майшабақ (кильки) балықтарын атауға болады.
Сұлыдан жасалған ботқа. Жас ағзаға күш-қуат беріп, Е,В дәрумендерімен, калий, мырыш элементтерімен толықтырып отырады. Интелектуальдық белсенділігін де арттырады. Сұлы ұнынан құймақ, күлше де пісіруге болады.
Жаңғақ. Шығыс данышпандары жаңғақты «ақылды өнім» деп атаған. Өйткені, жаңғақтың қай түрі де ең алдымен ми қызметін жақсартып, оны қажетті минералдармен «азықтандырады». Бас-ми қызметіне қатысатын қан тамырлары үшін грек жаңғағының құрамындағы заттардың зәрулігі ерекше. Ұмытшақтықтың алдын алатын да бірден-бір жидек осы грек жаңғағы екен. Жаңғақ дәнінде калий, кальций, магний, фосфор, темір, тағы басқа химиялық элементтер өте көп. Басқа да жаңғақтар бала ағзасына өте пайдалы.