Балалар мен ересектер арасында ойнауға болатын ойындар.

0

Банкідегі шам шырақ
Мақсаты: жану кезінде ауа құрамы өзгеретінін анықтау (оттегі азаяды), жану үшін оттегі қажеттігін айту. Өртті сөндіру әдістерімен таныстыру.
Балаға арналған тапсырмалар: ата-аналарға шам шыраққа, отқа жақындамай, үрлемей қалай сөндіруге болатынын ойланып айту ұсынылады. «Мұны қалай істеу керектігін көрсетейін», — дейді әкесі баласына (немесе қызына). Ол шамшырақты жағып, оның үстінен банкімен жабады, олар шырақтың қалай сөнетінін бірге бақылайды. «Әке, неге банкі ішінде шырақ жанбайды?» — деп бала әрине сұрайды. Барлығы қарапайым: шырағы сөнбес үшін оған оттегі қажет. Оттегі жанып екінші көмірқышқыл газға айналады. Сондықтан біз отқа оттегі келмес үшін оны банкімен жаптық, сосын от сөніп қалды. Содан кейін әке осы құрылғыларды өрт сөндіруде (су жоғарғы температурада буға айналып, оттегі қолжетімділігіне кедергі жасайды) қолданылатынын айтады. Сонымен қоса өрт сөндіру үшін оны құммен себуге болады (оттегі болмаған соң, от сөнеді).

Су мен қардың өзара әрекекттесуі
Мақсаты: судың екі агрегаттық күйлерімен (сұйық және қатты) таныстыру. Судың қасиеттерін анықтау: оның температурасы неғұрлым үлкен болса, онда ауаға қарағанда соғұрлым қар тез ериді; жылының әсерімен қардың сұйық күйге айналуын тексеру.
Анасы баласына: «Мен алақанымда судың бір тамшысын тамызбай ұстай аламын!» — дейді. Анасының қолынан бұл қалай келетіндігіне бала қызығушылығын танытады. Бұл өте қарапайым: қар кесектері бұл-су! «Қар кесектері су емес пе?» — деп міндетті түрде ұлы немесе қызы сұрайды. Сонда анасы қар кесектерін қолдарында ұстауға ұсынады. Не өзгерді? Қар еріп, су пайда бола бастайды. Ал егер қарды жылы бөлмеге апарса не болады? Қар еріп, нәтижесінде су пайда бола бастайды. Ал қарды суға салса не өзгереді? Қар қайда тез ери бастайды: жылы немесе салқын суда?

ойындар балалар мен ересектерге

Түсті мұздықтарды дайындау
Мақсаты: суға бояуларды салып, мұзды қатыруға болатындығымен таныстыру.
Баламен бірге түрлі қалыптарға, банкілерге су құйып, аязға шығарыңыздар. Серуен кезінде қату үдерісіне назар аударыңыздар. Мұздықтарды қалыптарынан алып, қарап судың қасиеттерін талқылауға болады. Содан кейін мұздықтарды бөлмеге кіргізіп, мұздың қайта суға айналу үрдісін бақылаңыздар.
Металл, оның сапасы мен қасиеттері
Мақсаты: металдан жасалған заттарды танып, олардың сапалық сипаттамаларын (бетінің құрылымын, түсін) және құрамын (жылу өткізгіштігін, серпімділігін, металдық жарқырауын) анықтау.
Әкесі ұлына (немесе қызына) бірнеше металдан жасалған бұйымдарды (түйреуіштер, гайкалар, бұрандалы шегелер, шегелер, кішкене гірлерді) көрсетеді. «Сен қалай ойлайсың, бұл бұйымдар неден жасалған?» — деп сұрайды ол. Әкесі оларды ұстап көріп, олардың қалып, беттік құрылымының ерекшеліктерін анықтауға ұсынады; баламен бірге түрлі заттарды қарастырып, сипатты металдық жарқырауын белгілеп көрсетеді. «Гайканы немесе шегені суға салсақ, не өзгереді?» — деп әкесі қайта сұрайды. Ал егерде шуақты жерге немесе батареяға қойса не болады? Магнитпен тартсақ не болады? Сонымен қоса (тек қана әкесі орындауы тиіс!) металды затты қызыл түсі пайда болғанша қыздыруын көрсетіп, осылай металды қыздырып, қажетті қалып бере отырып түрлі заттар дайындауға болатындығы туралы айту.
Резеңке, оның сапасы мен құрамы
Мақсаты: Резеңкеден жасалған заттарды танып, олардың сапасы (бетінің құрылымы, қалыңдығы) мен құрамын (қаттылығы, серпімділігін, иілгіштігін) анықтау.
Резеңкеден жасалған заттарды қарап, түсін, беттік құрылымын (сипау арқылы) анықтауды ұсыну. Резеңкені тартуға ұсыныңыз. Резеңке серпінділігіне және иілгіштігіне байланысты (осы қасиеттерді допты дайындағанда қолданады) ол қайта қалпына келеді. Жылының әсерінен резеңке құрылымын өзгертіп, жабысқақ болатына назар аударыңыздар (сіріңке шырағында резеңкенің қыздырып көрсету).

Баланың логикасын дамыту
Пластмасса, оның сапасы мен қасиеттері
Мақсаты: пластмассадан жасалған заттарды танып, олардың сапасы (беттік құрылымын, қалыңдығын, түсін) мен құрылымын (қаттылығын, иілгіштігін, жылу өткізгіштігін, балқуын) анықтау.
Пластмассалы стақанға су құйыңыз және ішінде қарамай не бар екенін анықтауды ұсыныңыз. Пластмасса түссіз болмағандықтан, анықтауға мүмкін емес. Сипау арқылы пласмассаның беттік құрылымын, қалыңдығын анықтауды ұсыныңыз. Стақанды шуақты жылы жерге қойып, 3-4 минуттан кейін температураның өзгергендігін (жылу) анықтауды өтініңіз. Егер стақанды бүксе, ол күштің әсерінен бүгілгені анықталады, ал егер көбірек күш салса, ол сынып кетеді.

Шыны, оның сапасы мен құрамы
Мақсаты: Шыныдан жасалған заттарды танып, оның сапасын (беттік құрылымын, қалыңдығын, мөлдірлігін) және құрамын (балқуын, сынғыштығын, жылу өткізгіштігін) анықтау.
Баламен бірге шыны стақанға боялған суды құйып, стақанның ішіндегісі неге көрініп тұрғанын (стақан мөлдір болғандықтан) сұраңыз. Ересек шыны беті бойынша жүргізіп құрылымын анықтайды, содан кейін сусыз стақанды шуақты жерге қойып, бірер минуттан кейін шынының температурасының өзгергендігін анықтайды.
Жіңішке шыны түтікті алып, оның орта бөлігін алау отқа (сіріңке) орналастырыңыз. Күшті қыздырылғаннан кейін майыстырыңыз немесе созыңыз: жоғары температураның әсерінен шыны балқиды. Аз ғана биіктіктен құлаған шыны заттар сынып қалады (демек, олар сынғыш).

Қызықты эксперимент (видео) көріңіздер, осы мақаланы бөлісіңіздер. 

Загрузка…

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

erketai.org