«Балабақшада балалардың ойлау қабілетің дамыту жолында қолданатын сахналау жолы ол ертегілер әлемі».
«Балабақшада балалардың ойлау қабілетің дамыту жолында қолданатын сахналау жолы ол ертегілер әлемі».
Автор: Сарсембаева Сандигуль Каиргельдиновна
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ғылыми жұмыстар Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Тәрбиешілерге өте қажет.
Жоба өзектілігі:Бүгінгі таңда баланың қиялы мен ойлау негізі басты мәселе. Тәрбие барысында балалардың бойындағы адами құндылықтар басты орын алады. Сондықтан ертегі оқыту, оның негізгі идеясы арқылы балалардың шығармашылыққа жетелеу болып тұр. Достарымен көп бөлісетіндігі қуантады. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік сияқты тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор.Алғашқы ертегілері де естерінде бар. Бұдан шығатан қорытынды ертегі балалардың тәрбиесіне, біліміне негіз болады деген ойға келдік. Мақсаты: Балаларды топтастырып, бірге ертегіні сахналауға, рөлдерді орындауда икемділік, шынайлық, бірлесіп әрекет етуге үйрету, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Міндеттері: Топпен жұмыс жасауды, өзіне жүктелген міндеті толық атқаруды, бастаған істі төзімділікпен аяқтауды. Балалардың әлеуметті ортада бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасаудың дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже: — Ертегі кейіпкерлерінің рөлін орындауға икемді болуды дамытып, өзінің жеке тілектестігін көрсетеді.
- Ертегі барысын үнемі өзгертіп, ауыстырып, мүмкіндігін қамтамасыз етіп отырады.
- Ойыншылардың арасында жолдастық қарым-қатынас қалыптастырады.
- Ертегіде бала шығармашылыққа еркіндік береді.
Жоба:Қысқа мерзімді топтастырылған 1-айлық жоба.Жұмыс барысы үш кезеңнен тұрады: 1-Кіріспе 2-Негізгі 3-Қорытынды.Жобаның қатысушылары: Тәрбиешілер мен балалар. Гипотеза.Жобаны зерттей келе балалардың ойлау қабілеті балабақша жасынан басталады.-егер тәрбиешілер басшылықпен бірге жұмыс жасай отырса балалардың ойлау қабілеті арттады.-егер ұйымдастырылған ортада ертегілерді балабақшада көп қолданса.-егер ертегілерді жұмыстан тыс уақытта қолданса.
- І.Кіріспе…………………………………………………………………………..
- ІІ.Негізгі бөлім
- 2.1.Қазақ ертегілерінің түрлері …………………………………………………………………………
- ІІІ.Қорытынды ………………………………………………………………………………………………..
- Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………………..
КіріспеМенің ертегіге деген қызығушылығым балабақшада жүрген кезімнен басталды. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады. Себебі ,қазақ ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді . Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Өкінішке орай, кәзіргі кезде ғаламтордан,телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем фильмдер, мультфильмдер,анимациялық фильмдер жиі көрсетіледі. Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес және біздің менталитетімізге жат оқиғалар баяндалады. Қазақ ертегілерінің тақырыптары сан алуан. қазақ ертегілерін зерттеп, оқып, оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды айтсам деп едім. Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді болад деген ойдамын. Менің ойымша адамдардың бойында тек қана жақсы қасиеттер болуы тиіс, ал осы қаситеттерге қазақ ертегілерін оқу арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан да мен қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәнін зерттемек болдым. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады.Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды жеткізуді мен өзімнің жаңалығым, шеберлігім деп таптым. Ертегі құдіретті нәрсе,ұйқыға батқызады,қызықтырады,тыныштандырады,көңілдендіреді,қолдайды,үйретеді,сендіреді.Ертегілер ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен.Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқанын байқаймыз. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс- салты, іс-әрекеті басты орын алады. Ертегі балаларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсерленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегіде ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрды ғажайыптың бейнелеуші құрал ретінде қолданылады. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Осы ауызша әңгімелері, ертегілері арқылы еңбекші халық бақыт туралы, еркін өмір жайлы, мекен туралы үміт, армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық оқиғалар шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесін тудырған. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Содан ертегі айтушыны «ертекші», «ертегіші» дейді. Осы атау көп ертегінің басында әдейі айтылып отырады. Қазақ ертекшісі де көптен көп ертегісін: «ертеде бір бай болыпты», «ертеде бір ханым болыпты», «ертеде бір кемпір мен шал болыпты» деп бастайды. Немесе «ерте –ерте ертеде, ешкі жүні бөртеді» деген сияқты көп ертектерге ортақ ерекше өлең бастауымен келеді.Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақта,ол белгілі бір сюжетке құралады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табуымен аяқталады.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Ертегінің түрлеріМен жетекшіммен бірлесіп қазақ халық ертегілерімен танысқаннан кейін, олардың түрлерін,ерекшеліктерін зерттей бастадым. Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты1.Қиял-ғажайып ертегілері, 2.Түрмыс-салт ертегілері,3.Хайуанаттар , 4.Шыншыл ертегілер болып бөлінеді.Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арманы мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял ғажайып ертегілер: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Ыста тас», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар».Қиял ғажайып ертегілер қазақ ертегілерінің ішінде ең көнесі болып табылады. Қиял-ғажайып ертегілері көп дәуірді бастан кешіргендіктен, өзгерістерге де көп ұшыраған. Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері «ай десе-аузы, күн десе-көзі бар сұлу», не «алтын шашты қыз», солармен қатар « айдаһар— жеті басты жылан», «алып қара құс», «тұлпар ат», «басы алтын», «арты күміс киік» сияқтылар араласып отырады. Бұлардың бір тобы ертегі кейіпкерінің досы болса, бір тобы қас жауы болып әрекет етеді. Бұл кейіпкерлердің арасында кейде дос, кейде қас болып кездесетіндері де бар. Оларға таусоғар, көлжұтар, көреген, желаяқ, саққұлақ, жұмбақ жар, жылан, жатады. Қиял ғажайып ертегілерінде зұлымдықты жеңетін күш-адам. Ол не әлсіз бала жігіт, не кедейдің жалғызы, не адал еңбекпен күнін көрген аңшы мен мерген ер болып келеді.
Хайуанаттар туралы ертегілердің негізгі кейіпкерлері – хайуанаттар , жан-жануарлар мен түрлі аң-құстар. Олар ертегіде адамша сөйлеп, адамша өмір сүреді. Сол арқылы адам арсында болатын түрлі оқиғаларды көрсетіп, жаман қылықтарын әшкерелейді, еңбексүйгіштікті , батылдықты, балаларға әңгімелейді. Ертегілерде түлкі – айлакер, қу, сұм; арыстан – зорлықшыл, қиянатшыл, озбыр; қоян – қорқақ, қой – момын; қасқыр – зұлым, жауыз адамның мінезін білдіреді.
Тұрмыс-салт ертегілеріБұл топқа кіретін ертегілерді ескі заманнан бастап, соңғы кезге дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Оларда халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, арман-мүддесі суреттеледі.
Шыншыл (тұрмыс-салт) ертегілерде – жағдай еш қиялсыз, жер бетінде , адам арасында болады. Адамдардың жаман-жақсы қасиеттерін, тапқырлық-аңқаулықтарын, т.б. қасиеттерін суреттейді. Сол арқылы балаға жаксы мен жаман қасиеттерді баяндайды
І-КезеңМіндеті: Міндеті: Балалардың кітап қарауға деген қызығушылығын арттыру. Ертегі туралы ойларын кеңейту. | |
Тақырыбы | Мақсаты |
1. Ертегі туралы не білесің?әңгіме | Ертегі туралы түсінікберу.Олардыңшығу тарихы туралы әңгімелеу. |
2.Дойын«Менің сүйікті кейіпкерім», «Қай кейіпкерге ұқсағың келеді?» | Ертегі киіпкерлерінің қимыл қозғалысын сала білу |
3. Ертегі суреттерін қарау. Кітап,журнал. | Суреттегі ертегі атауын атап бір-бірінен ажырата білуге үйрету. |
4.Ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар,тақпақтар.Сурет бойынша | Ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту. |
5. Дидактикалық ойын« Бауырсақты түлкіден құтқарайық» | Жануарлардың дене мүшелерін дұрыс таба білуге үйрету. Логикалық ойлау қабілетін дамыту. |
ІІ-КезеңМіндеті:Топтағы дамыту орталықтарын жобалық тақырып бойыншатолықтыру. | |
Тақырыбы | Мақсаты |
1.Кітап бұрышына ертегі туралы әдебиеттермен толықтыру. | Ертегі туралы кітаптар жинақтау.Балалардың қызығушылығын арттыру. |
2. «Шалқан» ертегісі бойынша буклет жасау | Оригами бойынша ертегі кейіпкерлерін жасау |
3«Ертегі туралы не білеміз?» альбом жинақ папкасы, суреттер жинақтау. | Ертегілерд ің түрлерімен таныстыру.Суреттерінен әдемі альбом жинағын жасау. |
4. Ертегілер туралы жұмбақ,өлең картатекаларын жинақтау. | Ойлау қабілеттерін,тіл байлықтарын дамыту. |
ІІІ-КезеңМіндеті:Қиын жағдайда бір-біріне көмекке келуге әзір болу біліктілігін жетілдіру. | |
Тақырыбы | Мақсаты |
1. «Жақсылық жеңеді, жамандық сазайын тартады». Әңгіме. | Ертегідегі жақсылық ереже түрінде емес, әділ сиқыршы мен күшті батырлар кейіпкерлері арқылы беріледі. Ертегі баланың көңіл күйі мен адамгершілік қасиеттерін дамытады. |
2. «Түлкі» туралы тақпақ жаттау. | Түлкімен таныстыру.Олардыңқалай тіршілік ететіні туралы әңгімелеу. |
3. «Менің сүйікті ертегім» сурет салу | Өздерініңжақсыкөретін ертегі жайлыәңгімелеу.Олардыңсуретін салу. |
4.«Сызба бойынша ертегі құрастыру. | Тіл байлықтарын дамыту. |
5. Серуен «Кітапхана –даналық мекені». | Серуенде кітаптардың жиынтығын бақылау.Өз ойларымен бөлісуге үйрету. Қоғамдық орында өздерін дұрыс ұстауға тәрбиелеу. |
6. «Кейіпкерлердің дене мүшесін тап» дид/ойын | Кейіпкерлердің дене мүшелерін айыра білуге үйрету. |
ҚорытындыЕртегіні тыңдай отыра біз кейіпкерлермен бірге қуанамыз, ренжиміз. Мысалға алсақ бұрынғы ауыз әдебиеті қиял ғажайып ертегілерде батырларды ержүрек ақылды парасатты етіп көрсетсе, жан – жануарлардың бейнесін әр түрлі образбен сомдап көрсеткен. Қазіргі таңда жаңа технология дамыған заманда балалардың қиялынан тек қана робот машиналар немесе тоботтар деген қиял ғана туады. Олай дейтін себебім телеарналардан көбінесе шетелдік ертегілер көрсетіліп тұр.Ал қазақ ертегілері – тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді. Ертегілерді оқи отыра, біз өзіміздің ішкі әлемімізді дамытып,шығармашылыққа машықтанамыз. Ертегілер өмір барысында тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады,шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Қазақ ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді .Ұсыныстар:Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологиялар дамыған кезеңдегі балалардың ой қиялдарын қазақ ертегілері арқылы дамыту мүмкіндігі бар.Сондықтан менің ұсынысым ғаламторлардан, телеарналардан , баспасөз беттеріне көптеп тәрбиелік мәні бар қазақ ертегілері жарияланып насихатталса, дамып өсіп келе жатқан ұрпаққа тигізер әсері мол болар еді.Осы айтылған пікірім мен ұсынысым балалардың игілігі үшін барлық ақпараттық құралдарда, баспасөз беттерінде, жарияланып отырса нұр ұстіне нұр болады деген ұсынысым бар.
Пайдалынған әдебиеттер тізімі:
Көркем әдебиет, әдістемелік құрал «Аруна» баспасы
Воспитание и обучение в средней группе детского сада. Программа и методические рекомендации /сост.М. Б. Зацпина-М.: Мозаика-Синтез,2008-192с.
«Ертегі сыр шертеді» балаларға арналған ертегілер жиынтығы.«Отбасы және балабақша» журнал,2010-2014ж.
Мектепке дейінгі білім-тәрбие әдістемесі, № 1,2 2014ж.«Зерек бала» мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламыс. Астана,2009ж.Үй жануарлары Ж.Қалжанова Аруна, баспасыОтбасы және балабақша ЖурналЕрте,ерте,ертеде Журнал Педагогика пресс Балдырған Журнал Алматы, 1998
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.