Балабақша сабақ жоспары: ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ

0

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты: жыл мезгілдерін ажыратуға үйрету.
Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сұрақ-жауап арқылы ойлауын қазақ,орыс,ағылшын тілінде сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға,достыққа тәрбиелеу
Әдіс-тәсілі: Әңгімелесу,сұрақ-жауап,түсіндіру,тапсырмалар орындау
Көрнекіліктері: Үлгі суреттер,луллия шеңбері, үлестірмелі карточкалар
Қажетті құралдар: Қайшы,желім, түрлі-түсті қағаздар,қылқалам,түрлі-түсті қарындаштар
Блингвалды компонент: Жыл мезгілдері-времена годы
Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Әсем әуенмен балалар топқа кіріп, шеңбер болып тұрады.
-Балалар бізге шуағын төккен күнмен,мейірімді жер анамен,қайырымды аспан ата мен ж/е тобымызға келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Шаттық шеңбері!
-Армысың шуақ күн
-Жылуыма жылу қос
-Міне менің қолым бос
-Күлімдеген күн мейірімді
-Кіршіксіз ақ қар мейірімді
-Таза мөлдір су мейірімді
-Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді
Аяулы анам мейірімді
-Қадірлі әкем мейірімді
-Әлпештеген әжем мейірімді
-Еркелеткен атам мейірімді
-Жылы жүзді ұстазым мейірімді
-Тату-тәтті достарым мейірімді
Балалар үш тілдіе амандасады. Балалар әуенмен топқа кіреді шеңбер бойына тұрып өлең жолын орындап үш тілде сәлемдеседі

Өлең жолдарын қимылмен орындайды
-Жарайсыңдар балалар!
Өте жақсы балалар,ал енді әр бала өз қалауынша орындарына отыра қойсын.
-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған қызметімізді ойынмен бастаймыз.

«Сиқырлы пішіндер»
Ойын шарты:Пішіндерді таңдап артында жасырынып тұрған суретті тауып сипаттау.
-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оөу қызметіміздің тақырыбы міне осы Жыл мзгілдері жайында болмақ.
-Сонымен балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-кәзір жылдың қай мезгілі?
-бір аптада неше күн бар?
-бүгін аптаның нешінші күні?
-балалар күз мезгілі неше айдан тұрады?
-балалар өз денсаулығымызды қорғағанымыз дегеніміз дегенді қалай түсінеміз?

Бала жауабы:
-Біз табиғатты қорғасақ ,яғни өсімдіктерді,ағаштарды,гүлдерді көп етіп егіп,оларды күтіп баптай білсек олар біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Олар бірігіп саябақтарды ,ормандарды құрайды.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!Табиғатты аялап қорғасақ,өз денсаулығымызды қорғағанымыз екен.

Ғажайып сәт:
Күз ханшайымы,орыс тіл,ағылшын тіл пән мұғалімдері кіреді.
-Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келді
Балалармен сәлемдеседі.

Күз ханшайымы:
-Балалар сендер мен екінші рет кездескеніме өте қуаныштымын. Мен сендермен қателеспесем қазан айында
«Сиқырлы сұлу» ертеңгілігінде кездескен болатынмын.Ол кезде сендердің өнерлеріңді тамашалағанмын.Ал бүгін мен сендердің білімдеріңді байқауға келдім ж/е орыс,ағылшын тілі қаншалықты меңгергендеріңді байқау үшін орыс,ағылшын пән мұғалімдерін ерте келдім.және құр келмедім жыл мезгілдерінің тапсырмасын ала келдім.Бұл тапсырманы тәрбиеші апай сізге берейін.

Тәрбиеші: Хош келдіңіз ханшайым бізідің біздің балалар сіздің келгеніңізге қуанып отыр.Балалардың жанынан орын алыңыз.
Күз ханшайымы:Тәрбиеші апай мен бірінші тапсырмамды айта өтейін.

1-тапсырма: Күз жайында қазақ,орыс,ағылшын тілінде тақпақтар кім біледі?

2-тапсырма: жыл мезгілдері жайында ертегі бар соны кім айтып береді?

-Ерте,ерте заманда бір шал болыпты оның екі ұлы,екі қызы болыпты.Күз,қыс ұлдары көктем,жаз қыздары.
-Бір күні балаларының басын қосып мен сендерге еншілеріңді беремін деп барлығына үш айдан бөліп беріпті.

Күз ұлына:
1.Қыркүйек
2.Қазан
3.Қараша
Қыс ұлына:
1.Желтоқсан
2.Қаңтар
3.Ақпан
Көктем қызына:
1.Наурыз
2.Сәуір
3.Мамыр
Жаз қызына:
1.Маусым
2.Тамыз
3.Шілде
3-тапсырма: Орыс тіл маманының жоспары
Бойынша.

Жарайсыңдар балалар сендерге мен риза болдым

Тәрбиеші: ал балалар енді қыс мезгілінің тапсырмасын айтамын сендер мұқият тыңдаңдар.
1-тапсырма: «Уақытты бағдарлау»
(жұмбақ арқылы)
Тәрбиеші:
Ұйқымыздан тұрамыз
Беті-қолды жуамыз
Бақшамызға келеміз
Бұл қай кезде балалар?
Тәрбиеші:
Біз тәртәптә баламыз
Айтқан тілді аламыз
Сабақты да оқимыз
Серуенге де шығамыз
Бұл қай кез?
Тәрбиеші:
Күн батады қызарып
Кешкі апайды күтеміз
Қызықты ертегі кітапты
Бізге оқып береді
Жуындырып ,шайындырып
Жеңіл тамақ береді
Бұл қай кез болады?
Тәрбиеші:
Үйлерде шам жанады
Дем алады бар әлем
Деп әлдилер ақ мамам
Бұл қай кезде балалар?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер уақыт мезгілін біледі екенсіңдер.
2-тапсырма: Логикалық сұрақтар
1.Көжек үшеу,құлағы нешеу?
2.Көліктер аспанда жүреді?
3.Төрт бұрышта неше бұрыш бар?
4.Аспанда неше күн?
5.Қияр,қызанақ,сәбіз,картоп бұлар қалай аталады?
-Жарайсыңдар сендерді ортаға шеңберге шақырамын

Сергіту сәті: Ағылшын пән мұғалімінің жоспары бойынша
Тәрбиеші: Көктем ханшайымының тапсырмасы өте қызықты екен

«Суретті сәйкестендір»
Триз технологиясы Луллия шеңбері арқылы тапсырманы орындаймыз.

Луллия шеңбері балалардың ойын барысында тілін дамытатын тиімді иновациялық технологияның бірі.
Ойын шарты: Берілген сұрақтар бойынша суреттерді сәйкестендіріп стрелка арқылы қосу керек.

2-тапсырма:Өткен әріптерді еске алу ж/е қайталау (А.У.Л.О.Н.С.Ә.З.Т)
-Балалар дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты,дауыссыз дыбыстар бір-бірінен қалай ажыратылады?

Жаз ханшайымының тапсырмасы:
1-тапсырма: Санамақ айту

2-тапсырма: «Көршісін тап?»

Тәрбиеші: Балалар ендігі кезекте Күз ханшайымына жыл мезгілдеріне арнаған сыйлығымызды жасап берсек қалай қарайсыңдар.Олай болса сендерді шығармашылық орталыққа шақырамын.

Шығармашылық сәт:
Әуен ойнап тұрады
Балалар төрт мезгілге арнаған сыйлықтарын жасауға кіріседі.
1-орталық: Күзгі бейнені қағаз бетіне түсіреді.
2-орталық: Трафаретпен сурет салып қысқы бейнені бейнелейді.
3-орталық: Көктемгі ағашқы жан береді.
4-орталық: аяқталмаған суретті аяқтау көкөністер

Күз ханшайымы: Балалар сендердің білімдеріңді көріп көңілім толды мен сендердің сәлемдемелеріңді жыл мезгілдеріне жеткіземін енді сендермен қоштасамын.
Су болыңдар балалар!

Тәрбиеші: Балалар саусақтарымызды дем алдырып алайық.

Тәрбиешінің қалауынша саусақ жаттығуы.

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз сендерге ұнадыма?
-Бізге қонаққа кімдер келді?
-Сендерге Луллия шеңбері ұнады ма?
-Табиғатты не істеу керек?

-Жарайсыңдар ендеше сендерді шеңберге шақырамын!
Қоштасу шеңбері!
Біз балауса баламыз
Жетіліп ой санамыз
Қоштаспаймыз сіздермен
Жүздесеміз ертең біз
Сондада айтамыз
Сау болыңыз!
Жарайсыңдар балалар сендерге үлкен рахмет айтамын.

Сау болыңыздар!

Ойын шартын мұқият тыңдап қызыға қатысады.

-төрт мезгіл бар
-күз мезгілі
-жеті күн бар
-төртінші күні
-үш айдан тұрады

-6 құлағы бар
-көліктер жерде жүреді
-төрт бұрыш бар
-бір күн бар
-көкөністер деп айтамыз

Ағылшын пән мұғалімнің жоспары бойынша балалар сұраққа жауап беріп сергіту сәтін орындап шықты.

Лулия шеңбері мен балалар суреттерді сәйкестендіріп шықты.

Әріптерді қайталап тақпақтарын айтып шықты.

Санамақты мнемо кесте арқылы айтып шықты.

Дидактикалық ойынды орындады.

Шығармашылық сәтте балалар өз орындарына отырып жұмысты орындады, қызықты

Күз ханшайымымен қоштасты.
Балалар саусақ жаттығуын орындады.

-ия ұнады
-күз ханшайымы
-ия ұнады
-табиғатты қорғау керек
Шеңберге тұрып қоштасу әнін орындады.

Күтілетін нәтиже:
Білу қажет: жыл мезгілдерін толық біледі.
Түсінуі: уақытты бағдарлауды,логикалық сұрақтарды түсініп жауап беруді.
Қолдануы: Жұмысты аяғына дейін жеткізуді. …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!