Балабақша сабақ жоспары: Жабайы жануарлардың тіршілік мекені

0
123

Балабақша сабақ жоспары: Жабайы жануарлардың тіршілік мекені казакша Балабақша сабақ жоспары: Жабайы жануарлардың тіршілік мекені на казахском языке

Тақырыбы: «Біз көңілді балдырған! Балабақша әлемі».
Мақсаты: Адамгершілік қағидаларына тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Көрнекіліктер: Елбасының портреті , ҚР-ның рәміздері, «Балдаурен» балабақшасының суреті. Желім, ақ қағаз, сабаққа байланысты суреттер.
Шаттық шеңбері: Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Деніміз сау болсын!
Достарымыз аман болсын!
-Біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
-Қазақстанда
-Дұрыс айтасыңдар, кең байтақ, бай өлке Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.
-Қандай рәміздерді білесіңдер?
-Елтаңба, Әнұран, Ту.
Күміс күннің астында,
Желбірейді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Ұлы менен қызымыз.
Көк байрағы-бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі – әке баланың,
Қазақстан жалауы.
-Балалар,біздің Қазақстанның елбасшысы кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-Отанымыздың бас қаласы қалай аталады?
-Астана
Елордам менің Астанам,
Осында жаңа бастама.
Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қала.
-Балалар, біз таңертең қайда келеміз?
-Балабақшаға
-Ал балабақшада не істейсіңдер?
-Ойнаймыз, тамақ ішеміз, сабақ оқимыз
-Дұрыс айтасыңдар. Сендер осы балабақшада өсіп, өніп, жақсы тәлім-тәрбие алып жатырсыңдар.
-Сендерге балабақшада ұнай ма?
-Иә, ұнайды
-Олай болса, осы балабақша туралы кім тақпақтар айтады?
Арслан: Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Бір ауылда тұрамыз,
Біз бақытты баламыз.
Архат: Болашаққа қол созып,
Үмітпен отты жандырған.
Ел сенімін ақтайтын,
Біз бақытты балдырған.
Даяна: Өнер білім жол қуып,
Біліммен қамал салдырған.
Азаматы ертеңнің,
Біз бақытты балдырған.
-Жарайсыңдар, балалар!
-Балалар, балабақшада қандай ойындар ойнаймыз?
-«Ақ серек-көк серек», «Мысық пен тышқан», т.б.
-Балаларды залға шығарып, «Мысық пен тышқан» ойынын ойнату.
-Бізде балабақшада қандай ойыншықтар бар?
-Машина, қуыршақ, балапан, поезд, құрастыру.
-Ал енді осы ойыншықтардың суреттерін ақ қағазға жапсырамыз.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп, алайық,
Қалтамызға салайық.
Қорытынды: -Балалар, біз қандай ойын ойнадық?
-«Мысық пен тышқан»
-Сабақта не жапсырдық?
-Ойыншықтар
Балалардың еңбек нәтижесін мадақтау……


Полную версию материала можете скачать через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!