Балабақша сабақ жоспары: Алуан алуан кәсіп бар таңдай біл де талап қыл

0

Тақырыбы: Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл
Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Әдісі: тренингтер, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Барысы
І. Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тренинг.
– Балалар, бүгінгі сабағымыз ойдағыдай өту үшін, қол ұстасып алақан жылуымызды сезініп,, бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Және жанымыздағы адамның есіміне сол әріптен басталатын бір әдемі сын есім қосып айтайық
Шарты: бір сөз екінші қайталанбауы тиіс.
Мысалы:-Ақылды Айжан-Арманшыл Айдос т. с. с.

2. Тақырыпқа кіріспе.
Мұғалім: Балалар, желтоқсан айында қандай мерекелерді атап өттік?
— Елімізде білім алуға, еңбек етуге қандай жағдайлар жасалуда?
— «Болашақ», «Жасыл ел», «Жастар-Отанға», «Дипломмен-ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жас мамандар қоры» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылуда. Біздің елімізде еңбек етуге, білім алуға барлық жағдай жасалған. Осы оқу жылының басында Елбасының «Назарбаев Университетінде» оқыған «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты лекциясы да соның айғағы.
Лекциядан үзінді тыңдау (видео)
Онда «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» деген еді Н. Ә. Назарбаев. Жастар мәселесі үнемі Елбасы назарында.
«2012 жылы 161 мың жас қазақстандық орта мектептің 11 сыныбын бітірді. Олардың 43 мыңы кәсіптік колледждерге түссе, 93 мыңы жоғары оқу орындарына қабылданды. 28 мың адам техникалық және кәсіби білімсіз еңбек нарқына кіргенді жөн көріп, не колледжге, не университетке түскен жоқ. Бұл категорияға мамандық алу барған сайын қиындай түсетін болады. Мамандықсыз жақсы жұмыс пен еңбекақыға иек арту мүмкін емес.» делінген Елбасымыздың «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінің ашылуында сөйлеген сөзінде.

Мұғалім: Ендеше, ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты. Біз еліміздің ғылымы мен технологиясының дамуына, «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асыруға үлесімізді қосу үшін болашақ мамандығымызды дұрыс таңдай білуіміз керек екен. Бүгінгі тәрбие сағатымызда біз мамандықтар туралы сөз қозғаймыз.

Тақырыбы: «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл» деп аталады.
Сабағымыздың мақсаты: мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау;
оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып,
отансүйгіштікке тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным
процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі
ойлауға баулу. …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!