Балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым-қатынасы
Тақырыбы: Балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым-қатынасы
Автор: Чуйтанова Рахила Ерсолтановна
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Мақала Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-28
Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым-қатынасы
- ынтымақтастық қарым-қатнас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсініктік пен көмекке бағытталады.
- ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым –қатынас
- жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас
- бәсекелестік , барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
- түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас;
Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жәбереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым –қатынас болмайды. Ал ,кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді. Түйіндей келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын , мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады. Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімдікке ұмтылу , ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке , баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық –пайдалы еңбекке баулудыіске асыру қажет. Ата-ана және әлеуметтік орта, яғни балабақша болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін , оның тәнінің дұрыс түзеліп қалыптасуына , салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады. Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, таңдаған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі —өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл –кеңес беріп, ата-кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген. Бүгінгі күн заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруда әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, тәрбие ісіне ата-ананы тікелей қатыстырудың оң нәтиже беретінін өмір мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан көптеген жылдар бойы осы бағытта қажырлы еңбектер жүргізіліп келеді. Біздің балабақшада осы бағытта ата-аналармен талмай еңбек етіп өз алдына мынадай мақсат міндеттерді қойып отыр. «Үздіксіз білім беру мен сауықтандыру, тәрбиелеу жұмысында кеңістік құру сабақтастығын жүзеге асыру» яғни, ата-ана бала тәрбиелеу ісіне белсене ат салысу үшін белгілі бір жүйе құра отырып жұмыс жүргізу. Осы міндеттерді іске асыру барысында «Тәрбиеші-ата-ана» мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отырады. Балабақша ұжымы осы мәселерді талдап, талқылай отырып ата-аналармен жұмыс жүргізуді мынадай бөлімдерге бөліп қарадық. «Оқи отырып, тоқи отырайық» , «Өз ойыңды басқамен бөліс» , «Біз біргеміз» . «Оқи отырып, тоқи отырайық» бөлімінде балабақша педагогтары ата-аналармен бірлесе отырып оқу-тәрбие процесінде жұмыс атқарады.Бұл бөлімде ата-аналарға түрлі жарыстар жарнама жасау, семинар кеңестер беру арқылы жұмыс іске асырылады. Сонымен бірге, педагог-тәрбиешілер де тек балалармен, ата-аналармен жұмыс жүргізіп қоймай өз білімдерін жаңаша толықтыруға талпынады. Әр педагог –тәрбиеші жұмыс бағытын іздей отырып жаңа үрдістегі тәрбиеге тап болары сөзсіз деп ойлаймын.
«Бекітемін»№22 «Ақбұлақ» балабақшасыныңдиректоры_________ Джаманшалова Г.Н.«_____» «________» 2015 жыл
БаяндамаТақырыбы: Балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым-қатынасы
Дайындаған: Чуйтанова Р.Е.Джалмагамбетова Г.Х.
2015 жыл
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.